Көкшетау көктің жері емес пе? Арқаның кербез сұлу Көкшетауы. Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын



Дата07.02.2022
өлшемі13,87 Kb.
#85364
Байланысты:
Көкшетау көктің жері емес пе


Көкшетау көктің жері емес пе?
Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.
Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.
С.Сейфуллин
Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады.
Қазақстанның табиғатынан сұлу ешнәрсе және еш жерде жоқ шығар!Қазақстанның ең бір сұлу,көз тартарлық жерлерінің бірі-Көкшетау. Көкшетау - таза, әдемі қала.Қаланың оңтүстік-шығысында Бурабай көлі бар, оның жағасында орналасқан көптеген сауықтыру және туристік объектілер келушілер үшін өте ыңғайлы.
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірінің бірі-Бурабай. Осы төңіректегі атаулар Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал болған. Бурабай көлі – емдік қасиетімен әрі әсем табиғатымен ерекшеленеді. Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңыз болған Жұмбақтас, біріне-бірі жақын жатқан Көкшетаудың сексен көлінің бір үзікті тізбегі – Шортанды, Үлкен шабақты, Кіші шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай болып, тұтастай осы өңірге ерекше сипат береді. Мұнда дүниенің көп еліне аты мәлім Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.
Осынау сұлу табиғатты қадірлеп,сұлулығын қастерлеген ақындардың бірі-Сәкен Сейфуллин.Оның қаламынан туған «Көкшетау» поэмасынан Көкшетаудың кербез сұлулығын байқауға болады. Поэмадағы лирикалық кейіпкер-Көкшетау. Барлық оқиға «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Жеке батыр» айқын суреттеліп, көркем образ дәрежесіне көтерілген Адақ пен тұтқын қыз бейнелерінің өзі де, Көкшетау образын ашып, күшейте түсуге жәрдем береді.Поэмадан Көкшетаудың сырға толы сұлулығымен танысамыз.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланыты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Табиғатсыз өмір жоқ. Табиғат – тіршілік көзі. Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандық. Иә,туған жер,өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар,аса көркем,бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.Табиғат- адам баласынын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы орта.Табиғат- адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлем.Осынау кең дала жеріміз барда,оны мақтан тұтып,кең байтақ,шөбі шүйгін жазық даламызды қадірлей білейік!


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет