Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы



бет6/17
Дата31.12.2019
өлшемі12,04 Mb.
#54244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


  1. Таныстыру

2. Өз өнерлерін көрсету

3. Сән үлгілері

4. Қолөнер

5. Ойындар

Мектебіміздің оқушылары өзара сынып-сыныппен топтасып өнер көрсетті. Оқушылар екі топқа бөлініп: «Малышок», «Ну погоди», жарыс өткізілді.

Сайыста әділ-қазылар алқасы сайланып, олар кеш бойы өздерінің әділ бағасын бере білді.

Бұл кеште әр топ өзінің өнерлерімен қол өнер сайысында, сән үлгілерімен де, актерлік жағынан да ерекшеленеді. Кештің соңында әділ-қазылар алқасы өз шешімдерін айтып, бірінші орынды: «Малышок» тобы, екінші орынды «Ну погоди» топтары иеленді.

Кештің соңы қызықты ойындар және бимен жалғасын тауып, тамаша болып өтті.



Концерт сынып жетекшілердің қолдауымен, оқушылардың талабымен қызықты өтті.

Күзгі демалыс – бұл әр мектеп оқушысы ансап күткен уақыт, өйткені бұл оқу жылында демалуға мүмкіндік. Жазғы демалыстан кейін балалар күшті және қуатты болып келеді, бірақ та, күзгі демалысты күтуде.   4-11 қараша . Демалыс күндері мектепте оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға байланысты  әртүрлі жұмыстар жүргізілді. Көктерек негізгі мектебінде «Жұлдыз» тобы өз жұмысын жоспар бойынша ұйымдастырды. 4 қараша «Менің сүйікті мектебім» мектептің тарихы бойынша әнгімелер, 5 қараша Тимур тобы әр зейнеткерлерге көмек көрсетті, «Күзгі пейзаж» көркем суреттер сайысы бойынша әр оқушы өз өнерін көрсетті. Ал 7 қараша спорттық күні деп аталды. Осы күні «Мини –футбол» 5-9 сыныптар , «Көңілді старт» 1-4 сыныптар аралығында өткізіліп, оқушылардың көңіл күйлерін көтерді. Бастауыш сыныптармен «Ертегілер еліне саяхат» деген атты іс- шара, Құқық бұзушылық туралы әңгіме, 5-9 сынып аралығында

«Брейн ринг» ойыны, Саяхат ойындары өз мәресіне жетті.
Балалар күзгі демалыстың соңғы күндерінде көңіл көтеріп, мектепке барар алдында бір сергіп қалды

10.11 «Менің туған жерім» шығармалар сайыс өткізіліп,ең жақсы жазған оқушылардың шығармалары оқылып, марапатталды. .

18.11 Аға тәлімгер Касеинова А.З. басқаруымен жас уландықтар мен«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Оқушылар өз ойларын, пікірлерін ортасына салды.

20-29 қараша аралығында« Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»  тақырыбында акциясы өткізілді. 20 қарашаға  «Бәріміз бірге әлемді өзгертеміз» тақырыбында  8 сынып оқушылары арасында ең үздік эссе сайысын өткізді.

20 қараша кітапханашы  «Балалар мен балалық шақты қорғайық» көрме ұйымдастырды.

Акция бойы тәрбие ісінің меңгерушісі және сынып жетекшілер «Көше» рейдін жүргізіп,көшелерді аралап, ұсыныстар берілді.

1 желтоқсан «СПИД-ті тоқтат,сөзіңде тұр» айлық жарияланып,мектеп оқушыларымен «Біз салауатты өмір салтын қажет етеміз» тақырыбында әңгіме,сауалнамалар,көрме,суреттер мен плакаттар ,іс-шара өткізілді.

5-9 сынып аралығында диктант,шығармалар өткізіліп,ең жақсы жазған оқушылардың шығармалары оқылып, марапатталды. Диктанттан «4», «5» алған балалар аталып өтті. Айлықтың соңында «СПИД-ке қарсы күрес» ауыл медбикесі,мектеп психологы қатысуымен тест тапсырмалары алынды. Оқылған дертке қарсы жүргізілген іс-шараларды балалар көңілдеріне сақтады.

1 желтоқсан «Қазақстандағы ең алғашқы Президент күні» тақырыбында онкүндік өтті. Жоспар бойынша «Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке өмір дерегі» атты стенд жасалып, 5-9 сыныптарда «ҚР президенті Н.Ә.Назарбаев»атты сынып сағаттар өтті.

7-8 сыныптар арасында «1 желтоқсан-ҚР бірінші Елбасы күні»атты дөңгелек үстел өткізілді. Дене шынықтыру мұғалімі Жумагулов Е.С басқаруымен сырғанақ ашылды



.

Мектеп ішінде «Адал ұрпақ» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алатын, бойында рухани –адамгершілігі, патриоттық сезімі бар жастарды тәрбиелеу мақсатында құрылды. Клубтың  ең алғашқы жұмысы оқушыларды клубтың мақсатымен, алдына  қойған міндеттермен таныстырып, жоспар құрылды. Оқушылар сыбайлас жемқорлық бойынша шығарылған заңмен таныстырылды. Оқушыларға «Сенім телефоны» туралы ескертулер жасалынып, өздерін ойлантып жүрген мәселелерденн шығар жолды сол жәшік ішіне салған сауалдарға жауап беру барысында таба алатындықтары айтылды. Жоғарғы сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен бопсалауды  болдырмаудың алдын алу» жән «Қазақстан құқықтық мемлекен» тақырыбтар бойынша жоспар құрылып іс шаралар өті, оқушыларға заңның қаншалықты адам өміріне қажеттігі барлығын, адами қасиеттерден ада болмау керектігін айта отырып ,оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке шақырып, өмірден дәлелдер келтіріп , ақпарат бере отырып, әңгімелестік. Екінші бір істелген жұмыс «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» деген сұраққа жауап іздедік,  сауалнама алдық.  Оқушылар алдында сынып жетекшілер осы жайлы ақпарат бере отырып, бала ойы тыңдалды. Олар алып келген ақпараттар ортаға  салынды. Оқушылар сыныптарында суреттер сайысына дайындық үстінде.«Жемқорлыктың алдын алу» ата- аналар жиналысы өткізілді. «Парасатты азамат» бұрышы жоспарлануда.


Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі
attach -> Ән – көңілдің ажары. Ән салатын киелі мекен – сахна. Әлемді тыныштықта мейірімділік пен махаббат тербейді. Қазақтың ән өнері, тіл байлығымыздың кеңдігі секілді өзінше бір әрі мен нәрі бойына тараған қазақы иісі бар, ән әлемінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет