Кемшіліктері
: жүк тарифтері жоғары, ауа райынан тәуелді, жүктің
өлшемі мен көлемі шектеулі,
жер қызметінен тәуелді, әуежайлардың
кәсіпорындардан алыс орналасуы.
Құбыр көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы
: ауа райынан тәуелсіз, тасымалданатын жүк үзіліссіз
беріледі, өзіндік құны төмен, операцияны автоматтандыру деңгейі жоғары
(құю, айдау, төгу).
Су көлігінің ерекшелігі
Артықшылығы
: деңгейі терең өзендер
мен теңіздерде жеткізу
мүмкіндігі жоғары, салыстырмалы түрде тасымалдау тарифі төмен, континент
аралық тасымалдау мүмкіншілігі.
Кемшілігі
: тасымалдау жылдамдығы төмен, маусымнан тәуелді,
тасымалдау және жүктің сақталу сенімділігі төмен.
Материалдық ағымды басқару – күрделі процесс болып табылады,
кәсіпорынның логистикалық менеджменті көптеген міндеттерді орындауы
керек. Шешуді талап ететін негізгі міндеттер:
-
Сыртқы материалдық
ағымның параметрлерін есептеу;
-
Тасымалдау тәсілін таңдау;
-
Көлік түрін таңдау;
-
Негізгі және қосымша логистикалық делдалдарды таңдау;
-
Материалдық ағымдардың қозғалу процесінің параметрлерінің
мониторингі және оларды келешекте оңтайландыру.
Көлік агентін таңдау процедурасы келесі кезеңдерді қамтиды:
-
Берілген сапа деңгейінде тасымалдау процесін жүзеге асыру үшін
қажетті ресурстардың түрлері мен көлемін анықтау;
-
Кәсіпорынға қажетті ресурстардың қол жетімділік деңгейін анықтау;
-
Көлік нарығында әрекет ететін агенттерді анықтау;
-
Көп критерийлі талдау негізінде тиімді нұсқаны таңдау;
-
Тасымалдау процесін орындау және
оған қажетті құжаттарды
дайындау;
-
Процесті бақылау, оны талдау және басқару әрекетіне көнетін оның
параметрлерін түзету негізінде оңтайландыру.
Тасымалдау тәсілін таңдаған кезде кәсіпорынның логистикалық
менеджменті көлік процесінің қозғалыс маршруты мен қатысушылар санын
анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: