Коммерциялық емес акционерлік қоғам алматы энергетика



бет1/21
Дата07.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#94147
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
is 3
инт тен лек 5-6

Коммерциялық емес акционерлік қоғам


АЛМАТЫ


ЭНЕРГЕТИКА


ЖӘНЕ


БАЙЛАНЫС


УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық жүйелер
кафедрасы


ТІЛДЕР ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

5B060200 – Информатика мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы 2015


3

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.Г. Ни, С.А. Адилгажинова. Тілдер және программалау технологиясы. 5B060200 – Информатика мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтар. – Алматы: АЭжБУ, 2015. – 52 б.

Әдістемелік нұсқаулық зертханалық жұмыстарды орындауға арналған нұсқаулықтар мен олардың тапсырмаларынан, зертханалық жұмысқа есеп берудің талаптары мен мазмұнынан, бақылау сұрақтары мен әдебиеттер тізімінен тұрады.


Әдістемелік нұсқаулық 5B060200 – Информатика мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған.


Кесте – 1, ил. – 5, әдебиеттер көрсеткіші – 15 атау.


Рецензент: АЭБ кафедрасының аға оқытушы Калиева С.


«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2014 жылғы жоспары бойынша басылады.

© КЕАҚ «Алматы энергетика және байланыс университеті», 2015 ж.


4

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………... 4


1 Зертханалық жұмыстарды орындаудағы жалпы ұсыныстар 5
1.1 Зертханалық жұмысты орындаудағы әдістемелік ұсыныстыр…………. 5
1.2 Есеп беруді дайындаудың талаптары 6
2 Зертханалық жұмыстарға тапсырмалар нұсқасы 7

2.1 Зертханалық жұмыс №1. Сызықты алгоритмдерді программалау 7


2.2 Зертханалық жұмыс №2. Тармақталған алгоритмді программалау 12
2.3 Зертханалық жұмыс №3. Циклдік алгоритмдерді программалау 18
2.4 Зертханалық жұмыс №4. Бір өлшемді жиымдар және нұсқауыштар 22
2.5 Зертханалық жұмыс №5. Жиымдар мен нұсқауыштар 30
2.6 Зертханалық жұмыс №6. Функцияларды пайдаланып программалау.

Рекурсивті функция 38


2.7 Зертханалық жұмыс №7. Сөз тіркестері және файлдармен жұмыс 44
Қорытынды……………………………………………………………………... 50
Әдебиеттер тізімі …………………..………………………………………….. 51

5


Кіріспе

Ұсынылған «Тілдер және программалау технологиясы» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық 5B060200 – Информатика мамандығының бірінші курс студенттеріне көмекші құрал ретінде С тілінде программалаудың тәжірибелік қолданысын игеру үшін құрастырылған.





  • программалау тілін «жүйелік программалау тілі» деп атайды, өйткені осы тілдің көмегімен компиляторларды және операциялық жүйелерді жазған ыңғайлы. Дегенмен, осы тіл әртүрлі қолдану аймақтарына байланысты үлкен қолданбалы программаларды жазуға да ыңғайлы. С тілі типтердің көп түрін ұсынады. Іргелі типтері символдық, бүтін және нақты (жылжымалы нүктелі сандар) типтердің әртүрлі өлшемдегі бірнеше түрінен тұрады. Сонымен қатар, нұсқауыштың, массивтің, құрылымның және біріктірулердің көмегімен құралатын әртүрлі типтері де бар.




  • тілінде жақсы құрылымдық программаны жазу үшін қажетті барлық негізгі басқарылатын конструкциялары бар: операторларды блокка топтастыру, шарт бойынша шешім қабылдау (if-else), бірнеше мүмкін болатын нұсқалардың біреуін таңдау (switch), шартты басында (while, for) және соңында (do) тексеретін циклдік операторлар, сонымен қоса циклдан мәжбүрлеп шығару операторы (break). С тілі өзінің тиімді және кең ауқымды қосымшалар үшін қолайлы екендігін дәлелдеді.

Тапсырманы орындау кезінде студентке қойылатын негізгі мақсат – блок-сұлбаларды құруға және тәжірибелік программалауға икемделу, С тілінің операторларын тиімді қолдану және де алынған нәтижелерді талдауға үйрену.


Осы әдістемелік нұсқаулықта, кредиттік технология жүйесімен оқытуды ескере отырып, «Тілдер және программалау технологиясы» пәнінің барлық тақырыптарын қамти отырып, жеті зертханалық жұмыс келтірілген.


Зертханалық жұмыстар екі тапсырмадан тұрады: А және В, олар бір-бірінен күрделілігі жағынан айырмашылығы бар. Бірінші тапсырманы таңдағанда студент қорғау кезінде ең үлкен 80% ала алады, екінші тапсырманы қорғаса - 100% ала алады. Студент екінші тапсырманы қорғауға бірінші тапсырманы жоғарғы балға қорғаса ғана жіберіледі. Сонымен қатар, зертханалық жұмыстарды орындау кезінде студент пререквизиттер жиынтығына кіретін пәндерден алған білімдерін де пайдалана ала білуі қажет:


1) информатика


2) алгебра
3) геометрия

4) алгоритмдер және деректер құрылымы.


Зертханалық жұмыстардың тапсырмаларын студенттер орындай отырып, алған білімін постреквизит кешеніне кіретін «Нысанды-бағытталған программалау» пәніне қолдана алатындай етіп құрастырылған.



6

Зертханалық жұмыстарда оның тақырыбы, мақсаты, зертханалық жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық материал, ұқсас есепті шешу мысалы және әрбір студент үшін жеке тапсырмалар нұсқасы келтірілген (әртүрлі 20 нұсқа). Тапсырма нұсқасын оқытушы береді.

Осы жұмыста зертханалық жұмысты орындауға және қорғауға жалпы талаптар құрастырылған.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет