Коммерциялық емес акционерлік қоғам



бет3/4
Дата13.01.2022
өлшемі51,55 Kb.
#111708
1   2   3   4
Байланысты:
ЖТ Гульвира дұрысы
Adilkhan Tussipkaliyev
Қорытынды

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау бағдарламаса бойынша жүргізілген сабақтар іздеудің мән-жайына қаныға, білімді тереңінен айтуға төселеді, дәлелдер келтіру, дәлелдеу тәсілдеріне жаттығады, теория мен практиканың бірлігін игереді, жеке және топпен бірлесіп мәселе түйінін шешу жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға, өткір сындарды тыңдап одан тиісті қорытындылар жасай білуге машықтанады.Бұл бағдарламаны өз сабақтарымда әдіс-тәсілдерін қолдану барысында түсінгенім оқушылардың бірін - бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретуі, бұрын үндемей отыратын балалардың сабақ барысында қызу араласуы сабақтың ерекше, олардың еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге мүмкіншілік туғызады. Бұндай әрекет сабақтың барлық үш кезеңінде байқалып отыратындығы сөзсіз. Осы «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасы арқылы оқытудың тиімді екенін атап айтуға болады.Білім беру процесі - ақпараттық қоғам жайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процестер болуы қажет.Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор.Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналды. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игерумен тығыз байланысты.

 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет