Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі495,2 Kb.
#4466
  1   2
Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

№ 8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі Айкен Уразалина Батырхановна, Атырау қаласы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бір уыс мақта» (әңгіме) Ы.Алтынсарин

Мақсаты: Әңгіменің мазмұнын ашып түсіндіру; әңгімелеу арқылыойын, қиялын дамыту; әңгіме жанрларын ажыратып, қимыл іс-әрекет арқылы сахналау; еңбекті сүйе білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: анасы мен қызының, мақтаны алып ұшып бара жатқан торғайдың суреттері, жұмыс дәптері, түрлі-түсті қарындаштар, слайд.

Сөздік жұмыс: күн өтпей жатып, шапан.

Билингвальды компонент: мақта – вата; ана – мама; торғай – воробей.




Әрекет

кезеңдері



Тәрбиешініңіс-әрекеті

Балалардыңіс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

Шаттық шеңбер.

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезінде

Сыйлы болады өзі де.

-Балалар шаттық шеңберінде тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.






Іздену ұйымдас

тырушы



Көркем сөз. Ы.Алтынсарин

-Балалар, бұл – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы – Ы.Алтынсарин. (портреті мен әңгімелерімен және кітаптарымен таныстыру ). Ы.Алтынсарин (шын аты-ИбраҺим, 1841-1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары», «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әдеп», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Асыл шөп», «Мейірімді бала» және т.б. тәрбиелі әңгімелері бар. Соның ішінде бүгінгі танысатын әңгімелерің «Бір уыс мақта». Әңгіме сендерді үнемшіл, еңбекқор болуға тәрбиелейді. Не нәрсе болса да, ұқыпты пайдалануға үйретеді. Дүниеде ешбір зат керексіз болып қалмайды. Бәрі де керек. Мысалы, балалар, үстеріңдегі киімдеріңді алайық, сендер өсесіңдер алтыға келесіңдер, киімдерің өздеріңе кішкентай болып қалады. Сендер ол киімді не істейсіңдер (кішкентай іні-қарындастарымызға сыйлаймыз).

  • Тағы да, мынау сурет салатын дәптерлерің, соны қалай пайдаланар едіңдер (барлық бетін ұқыпты пайдаланамыз, жыртпаймыз).

  • Өте дұрыс айтасыңдар, балалар, дәптерді ұқыпты пайдалану керек екен.

  • Тағы да тағамның қиқымын не істейсіңдер лақтырып тастайсыңдар ма?

  • Жо-о-қ, торғайларға береміз.

  • Өте дұрыс, балалар, босқа ысырап еткенше торғайларға берген дұрыс.

  • Сонда сендер түсіндіңдер ме, еш нәрсе де керексіз болмайды, барлық заттар пайдаға асады екен.

Бір уыс мақта. Ы.Алтынмсарин

(әңгімені оқып беру)

Мақал.


  • «Керек тастың ауырлығы жоқ».

  • Мақалды қалай түсінуге болады?

  • Балалар, қандай ауыр тас болса да, керек болса, ол адамға алып жүруге ауырлық етпейді екен.

  • Балалар, бүгінгі әңгіме бойынша мен сендерге сұрақтар беріп көрейін.

Сұрақ-жауап әдісі.

  • Әңгіменің авторы кім?

  • Әңгіме қалай аталады?

  • Кішкентай қыз не істеп отыр?

  • Анасы қызына қандай ақыл айтты?

  • Қыз мақтаның қалған қиқымын қайда лақтырды?

  • Оны не алып кетті?

  • Анасы оған не айтты?

  • Жарайсыңдар, балалар, енді мен сендерге мынандай жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ.

Өзі аппақ қардай,

Жұмсақтығы қардай. (Ол не?)

Тау –тау ақ қар,

Ерімейді ыстықта. (Ол не?)

Сөздік жұмыс.

Күн өтпей жатып деген сөздің мағынасы – бір күннің ішінде болған оқиғаны айтады.

Шапан – адамның сырт киімі.

Билингвальды компонент:


  • Енді, мына сөздерді екі тілде айтып көрейік:

  • Мақта – вата, шапан – адамның сырт киімі.

  • ана орысша – (мама)

  • Өте дұрыс айттыңдар, балалар.

  • Енді «Ұйқасын тап» деген дидактикалық сөздік ойын ойнайық. Мен бастаймын, сендер өлеңді аяқтайсыңдар.

Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды.

Білсең, қане, айта ғой,

Білесің бе...(торғайды).



  • Торғай орысша – воробей

Өзі үлпілдек ақ та,

Оның аты...(мақта)

Оюлап тіккен апам,

Киемін үстіме...(шапан)


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Бізз бақытты баламыз.

Гүл-гүл жайнап толамыз,

Жаттығулар жасасақ

Серігіп бір аламыз.

Дәптермен жұмыс. (балалармен жеке жұмыс жүргізу, дәптердегі тапсырманы балаларға түсіндіру).


-Тәрбиеші түсіндірмесін балалар ұйып тыңдады.





-Әңгімені тыңдады

-Мақалды жаттады.

-Ы.Алтынсарин

-«Бір уыс мақта»

-Әкесінің шапанын жамап отыр.

-Балам, дүниедегі жаратылған жанды-жансыздардың керексіз болып жерде қалатыны болмайды.

-Терезеден


-Торғай

-Балам, ол жерде қалмайды.


-Мақта

-Мақта
-Бір күннің ішінде болған оқиға.


-Шапан – адамның сырт киімі.

Билингвальды компонент:

-Мақта – вата; ана – мама; торғай – воробей.

-Балалар, дидактикалық ойынды қызығушылықпен орындайды.


-торғайды

-мақта
-шапан



-Балалар жаттығуды қимылмен көңілді жасады.


-Берілген тапсырма орындалды.

Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет