Конспект Тақырыбы: Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі



Дата02.06.2023
өлшемі59,25 Kb.
#178129
түріКонспект
Байланысты:
дәріс 38-1
sell-like-crazy-how-to-get-as-many-clients-customers-and-sales-as-you-can-possibly-handle-9780648459903-9780648459927-9780648459910 compress

Тірек конспект
Тақырыбы: Түр түзілудің механизмі. Түр түзілудің оқшаулаушы механизмі.
Түрқұрылысы мен атқаратын қызметтері ұқсас. шығу тегі бір, өзара шагылыса алатын, белгілі бір ортада тіршілік етуге бейімделген, өздеріне тән таралу аймагы бар даралар жиынтығы. Түрдің пайда болуы микроэволюция процесінің нәтижесі болып саналады. Түр биологиялық популяциялардан қүралады, оның ішінде даралардан түр пайда Ролып, эволюция кезінде біркелкі генетикалык қүрылым қалыптасады. Популяциябір түрге жататын бслгілі бір таралу аймагында тіршілік ететін, еркін будандаса алатын. өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтыгы. Популяцияда тіршілік ететін даралар бір-бірімен тығыз байланысты. Популяцияның ең негізгі ерекшелігі — ондағы даралардың генотиптерінің үқсастығы. Түрлердің барлық қасиеттері мен белгілері өте үқсас, сондықтан популяцияның ішінде еркін шағылысу жеңіл жүреді.
Түр түзілу немесе жаңа түрдің пайда болуы — өте күрделі әрі үзақ уақыт аралығын қамтитын эволюциялық процесс. Жаңа түрдің пайда болуын алғаш рет Чарльз Дарвин табиғи сүрыптау түжырымдамасында түр тармағы арқылы жүзеге асатынын ерекше атап көрсетті (1859). Ол өзінің түжырымдамасын дивергенция деп атады. Кез келген түрлер кеңістікте біркелкі таралмай, топ қүрып орналасады. Бір түрдегі даралардың тобы көп те, аз да болады және олардың тіршілік етуі үзақ жылдарға немесе 2-3 үрпақ бергенге дейін ғана созылуы мүмкін. Мысалы, көп жауған жаңбыр суынан уақытша пайда болған шалшық суға бақалар уылдырық шашып тіршілік ете бастайды. Бірақ олардың тіршілігі үзаққа бармаіқ ыстықтан шалшық су кепкенде қырылады. Керісінше үлкен көлдерді мекендейтін түрлер бірде азайып, бірде көбейіп жатса да, үзақ уақыт тіршілік етеді. Әрбір түр тармақтан басқа түр шығады. Жаңа түрдің түзілуіне жеке топтардың бейімделушілігі мен әртүрлі жағдайлар әсер етеді, бір немесе бірнеше аралас популяциялардан жаңа түр шығады. Жаңа түрдің түзілуіне әртүрлі жағдайлар әсер ететінін мысалмен дәлелдейік. Туыстық жағынан жақын организмдер физикалык кедергілерге байланысты географиялық оқшаулануға үшырайды. Таулы аймақтарда жеке төбелер алқаптардың арасын бөліп түратындықтан, алқаптарға қарағанда таулы жерлерде әртүрлі түрлер көбірек болады.
Симпатриялық түр түзілу. Симпатриялық түр пайда болу процесінде жануарлардың көптеген топтарының онтогенетикалық бейімделу механизмі мен тіршілігі барысында әртүрлі шартты рефлекс- терді жасауға негізделген жеке тәжірибесінің маңызы бар. Осы рефлекстер кейіннен дабылдық түқым қуалау арқылы үрпаққа беріліп отырады. Қүстың үя салатын орнын өзгертпеуге тырысатыны белгілі, міне, осыған орай белгілі бір даралар көбею үшін байырғы бір орынға оралады. Осы тектес жағдайларда жануарлар дабылдар бойынша орта факторларының белгілі бір үйлесімдерін ғана таңдап алады, ал мүның өзі біртүтас популяцияның бөлшектенуіне және оқшаулануына әкеліп соғады.
Симпатриялық жолмен түр пайда болуы үшін популяцнялардың кеңістікте оқшауланулары шарт емес. Түрішілік дивергенцияны қам- тамасыз ете алатындай көптеген механизмдер бар. Бүл белгілі бір географиялық аудандарда көбелектердің, өсімдік биттерінің және т.б. жақын түрлерінің кездесетіндігімен дәлелденеді. А.т ол жақын түрлердің әрқайсысының тек өздері ғана қоректенетін өсімдіктері болатындықтан қатал монофагтар болып саналады.
Симпатриялық түр түзілу бірнеше тәсілмен өтеді. Соның біріншісі — полиплоидия жолымен кариотипті жылдам өзгеру кезінде жаңа түрдің пайда болуы. Симпатриялық түр түзілудің басқа бір тәсілі — хромосома санын еселей отырып будандастыру. Сшшатрияльщ түр түзілудің үшінші тәсілі — фрагментация немесе хромосомалардьщ бірігуі және басқа да хромосомалық қайта қүру нәтижесінде бастапқыда бір болған популяция ішіндегі даралардың репродуктивті оқшаулануы- ның туындауы. Бүл тәсіл өсімдіктерде де, жануарларда да кең тараған. Симпатриялық түр түзілу жолының ерекшелігі, ол әрқашан бастапқы түрге морфологиялық жақын жаңа түрлердің пайда болуына әкеледі.
Сонымен симпатриялық түр түзілу жаңа түрлердін нақтылы қалыптасу әдісі болып табылады, ол — қозғалу қабілеті бар және ортаға белсенді түрде бейімделе алатын жануарлар үшін негізгі әдіс. Түрішілік дивергенцияның және оқшаулау механизмдерінің пайда болуы микроэволюция процестеріне жетекшілік етіп және оларды бағыттап отыратын сүрыптау мен генетика хмеханизмдеріне байла- нысты болады (162-сурет).


162-еурет. Жаңа түрлердің түзілуі
Аллопатриялық немесе географиялық түр түзілу түрдің ареалының бірнеше оқшауланған бөлікке бөлінуінен туындайды. Географиялық бөгеттің пайда болуы (тау жотасы, теңіз бүғазы және т.б.) географиялық оқшау- ланган популяцияның пайда болуына әкеледі. Бүл кезде әрбір бөлікке сүрыптау әртүрлі ықпал етуі мүмкін, ал гендер дрейфі мен мутациялық процестің әсері айқын ерекшеленеді. Сонда уақыт өте келе оқшауланган бөліктерде жаңа генотиптер мен фенотиптер жинақталатын болады. Бүрын ареалы бір болган әртүрлі аймақтардағы даралар өзінің экологиялық орнын өзгертуі мүмкін. Мүндай тарихи процестерде топтардың таралу деңгейі түрлік деңгейге жетуі мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет