Контент– анализ тәсілі: коммуни– кация және кинотану зерттеулері мысалында молдияр ергебеков



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата09.11.2023
өлшемі307,7 Kb.
#190597
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
manager, М. Ергебеков
эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, эссе Саматова Ш, 8.Источники электромагнитного излучения, English File 4th edition Elementary Students book 2019
Анализ бірлігі
Контент–анализде анализге түсетін 
бірлік «анализ бірлігі» (unit of analysis) 
деп аталады. Анализге түсетін бірліктің 
қай бірлік болатындығына зерттеудің 
тақырыбы, сұрақтары және гипотезасы 
тікелей ықпал етеді. Криппендорф 
(Krippendorff, 1986: 60–63) бес түрлі 
анализ бірлігінің болатынын алға 
тартады. Бұлар: 
I. Материалдық бірліктер: кітап, газет, 
плакат, афиша секілді материалдық 
заттардың саласы, саны, үлкендігі 
және тағы басқалар. Сонымен қатар 
видео, фильм сынды аудио–визуалдық 
материалдық заттардың уақыттары да 
осы бірліктен орын алады. 
II. Синтаксистік бірліктер: Зерттелетін 
мәтіндегі сөздер, сөйлемдер және 
тағы басқалар. Бұл бірліктер мәтіннің 
мағынасымен емес, лингвистикамен 
айналысады. Фильм және видео сынды 
аудио–визуалдық мәтіндердегі кесім 
(обрезка) және монтаждық бірліктер де 
осы түрдегі бірліктерге кіреді. 
III. Сілтемелік (referential) бірліктер: 
Бір сөз арқылы сілтеме жасалатын 
адам, зат немесе оқиға сынды бірліктер. 
Мысалы, «Ол», «Қытайға сапарға 
барған алғашқы президент», «Ричард 
М. Никсон», «Ақ үйдің тұрғыны» сынды 
сөздер АҚШ президенті Никсон үшін 
қолданылған болатын. Сондықтан 
да бұлар сілемелік бірліктер болып 
табылады. 
IV. Мәлімдемелік (propositional) 
бірліктер: Бір сөйлемдегі әрбір 
мәлімдеме бірлік болып табылады. 
Мысалы, «Студенттердің лидері күші 
мықты жүйеге қарсы шығып, жеңіліспен 
аяқталатын күреске кірісіп кетті» деген 
мәлімдемеден мынадай мәлімдемелерді 
көруге болады: i) Студенттердің лидері 
жүйеге қарсы күрес жүргізуде; ii) 
Жүйенің күші мықты; III) Студенттердің 
лидері жеңіліске ұшырайды. Бұл 
мәлімдемелердің әр бірі мәлімдемелік 
бірлік болып табылады.
V. Тақырыптық бірліктер: Мәтіннің 
мазмұнындағы белгілі құрылымды қолға 
алады. Әрбір тақырыптық бірлік басқа 
бірліктерден концептуалды (ұғымдық) 
тұрғыдан өзгеше. Мысалы, Қазақстанға 
келген шетелдік студенттердің қазақ 
мәдениеті туралы түсініктерін зерттейтін 
болайық. Зерттеу барысында алған 
деректерімізді тақырыптық бірліктерге 
бөліп қарастыралық делік. Олай болса, 
бірліктерімізді төмендегіше құрастыра 
аламыз: 
a) Ауызша емес байланыс 
(қазақтарға тән ымдар, ишаралар, бет 
пішіндік және дене қимылы әрекеттері);
b) Адамдар арасындағы қарым–
қатынастар (достық қатынастар, әйел–
еркек; еркек–еркек; әйел–әйел ж.т.б. 
арасындағы қатынастар);
c) Отбасылық байланыстар;
d) Қазақтың ұлттық тағамдары және 
тамақтану әдеті;
e) Ауыл өмірі және жергілікті 
киімдер;
f) Тарихи және туристік орындар 
мен олардың ерекшеліктері;
g) Қазақстан туындағы 
символдардың мағыналары;
h) Қазақ өнері
i) 
Қазақтардың шәй ішу мәдениеті;
j) 
Мәдени әртүрлілік. 
Материалдық және синтаксистік 
бірліктер контент–анализде сандық 


Central Asian J
ournal of Ar
t Studie
s 1 (1) 2016
129
анализ үшін ең тиімді бірліктер болып 
табылады. Өйткені, бұл бірліктер 
сөздерді, сөйлемдерді, бағаналарды 
және беттерді санайды; cm2 ретінде 
мәтіннің, аудио–визуалды материалдың 
алар орнын санап көрсетеді. Сондықтан 
да мұндай бірліктер өзге бірліктерге 
қарағанда, сандық зерттеу тәсілдері 
үшін көптеп қолданылады. Ал сілтемелік, 
мәлімдемелік және тақырыптық 
бірліктер көбінесе сапалық зерттеу 
тәсілінің қарамағында болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет