«Көп айнымалылы функциялар теориясы» атты оқу құралына



Дата28.03.2023
өлшемі37,88 Kb.
#173155
Байланысты:
сын пікір
Статья кокотова-1, 1, Елубаев Н.Е (2)

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Х.Т. Отаров пен физика-математика ғылымдарының кандидаты Д.Т. Ажымбаевтың
«Көп айнымалылы функциялар теориясы» атты оқу құралына
Сын пікір
Көбінесе нақты физикалық, биологиялық процестерді сипаттау үшін ( мысалы, температураның кеңістіктік – уақыттық таралуы ) бір айнымалы жеткіліксіз. Бір айнымалы функциясын жалпылауы - бірнеше айнымалылардың функциясы болып табылады.
Оқу қүралы екі бөлімнен, 22 параграфтан, кіріспеден, әдебиеттер тізімінен тұратын бұл жұмыста көп (бірнеше) айнымалылы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулерінің негізгі мәселелері қарастырылған, әрі жоғары оқу орындарында оқыту үрдісінде пайдалануға бейімделіп құрастырылған.
Атап айтқанда көп айнымалылы функцияларға қатысты негізгі ұғымдар (шек, дербес туынды, дифференциал, жоғары ретті дербес туындылар мен дифференциялар, экстремумдер және олардың шарттары, бағыт бойынша, туынды,градиент, еселі интегралдар және оларды есептеу, түрлендіру) анықтамалары мен маңызды тұжырымдары, олардың теориялық және практикалық қолданылуларына байланысты әдістемелік нұсқаулар жүйелі түрде, көрнекі мысалдарымен жабдықталып берілген.
Есепттердің арасында екі айнымалы функциясының анықтау облысын табу, жартылай туындыларды және толық дифференциалды есептеу, шамамен есептеулерге толық дифференциалды қолдану, күрделі және жасырын функцияларды саралау, жанама жазықтықтың құрылысы және бетіне қалыпты салу, көптеген айнымалылардың функциясын экстремумға зерттеу, шектелген тұйық аймақтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу жатады.
Оқу құралы студенттердің кәсиби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған (экономикалық есептерді шешу үшін математикалық құралдарды қолдану қабілеті және қажетті бастапқы деректерді дайындау мүмкіндігі шаруашылық субъектілерінің қызметін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін).
Сонымен қатар,білімгерлердің өз беттерінше орындауы және өз білімдерін бақылауы үшін қажетті тапсырмалар мен тесттік сұрақтар топтастырылған. Типтік мысалдар мен жаттығулардың орындалу үлгілері көптеп көрсетілген. Сондықтан да ұсынылып отырған құрал студенттер, магистранттар мен оқытушылар үшін де пайдалы болары сөзсіз.
Жалпы алғанда, Х.Т. Отаров пен Д.Т. Ажымбаевтың «Көп айнымалылы функциялар теориясы» атты оқу құралы жоғары кәсіби деңгейде дайындалған және ашық баспадан шығарылуға әбден лайық деп санаймын.


Екі Мәрте Кенес Одағының Батыры Т.Я.Бегельдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының ғылыми-жаратылыстану пәндер кафедрасының бастығы,ф-м.ғ.к.

Г.Ибраева


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет