Көркем әдебиет стилі



Дата25.12.2016
өлшемі69,22 Kb.
#4590
Көркем әдебиет стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр. Стилистердің бір тобы (Л. Н. Максимов, Н. М. Шанский, Н. А. Мещерский, К. А. Панфилов т. б.) көркем әдебиет тілін функциональдық стильдерден тыс, мүлдем бөлек тілдік құралдар жүйесі деп қараса, P. А. Будагов, А. И. Ефимов, И. Р. Гальперин, Э. Г. Ризель, М. Н. Кожина, Б. Н. Головин, A. Н. Васильева, Д. Э. Розенталь, A. Н. Гвоздев сияқты ғалымдар Көркем әдебиет стилін басқа стильдермен "терезесі тең", себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың аясы болып табылады әрі әлеуметтік қызмет атқаруға қатынасады, ал эстетикалық қызметі сол әлеуметтік қызметтің бірі деп санайды.[1]

Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.



  Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. “Тілдің қимыл өрісі шексіз”. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойындіа, өз ойын тіл құралы ар-қылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шы-ғарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді. Мысалы:

  Азуы — алмас, тілі — у,

Арам көңіл, ала ту,

Кең жемсаулы, кең қарын,

Найзадай түйреп қолдарын

Қорқау қасқыр — “жан” жүрді1.

 С. Мұқанов осы бір шумақта бұқара халықты рақымсыз езіп, жаншып, өктемдігін жүргізген қиянатшыл заманның мейірімсіз өкілдерінің жиренішті кескін-кейпін ұтымды теңеу, эпитеттер ар-қылы оқушынын, көз алдына елестетеді.

Осындай суреттеуге М. Әуезовтен тағы бір мысал: Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалыц көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан.Бұлар, малына інет келген ауылдыц иттері сияқты, жоны шығып, қуйрығын сыртқа салып, көзі қызарып құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді2.

  Немесе, …долданып құтырған Қоқыштар, Сэрсендер жуан-жуан жақсы киімді, боқтығы күшті үлкендер…

  Бұл мысалдардан образды сөздердің атқаратын қызметі ерекше сезіледі. Сонымен бірге мұнда сөз қолдану, сөйлем құрылысы, тіпті контекст — барлығы да экспрессивті берілген. Автор тілдің экспрессивті-эмоционалды тәсілдерін шебер пайдаланган. Жазушы суреттеп отырған шындықты оқушы көзбен көргендей айқын сезі-неді. Мұнда жағымсыз образ тілдік тәсілдерді бейнелі, экспрессивті қолдану арқылы жасалған. Осылайша сөзді метафоралы қолдану арқылы жасалған образдар тез қабылданып, ойда ұзақ сақталып, сөз қолданысы тұрақталып, бейнелі сөздердің үлгісі молығады.

  Образ жасаудың сөзді метафоралы түрде қолданудан басқа да көптеген тәсілдері бар. Оны төмендегі мысалдан көруге болады: Бақтығұл атқа мінісімен: “Эйдэ, тарт!”— деп тебініп жіберіп, қоз-галып кетті. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ер-тұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығын қуалай тартып береді3.

  Автор мұнда әр түрлі дыбыстарды еліктеуіш сөздер арқылы бейнелеп отыр. Осы түста оқушы көп аттың түяғы тиген жердің дүңкілін, ер-түрманның шылдырын айқын естіп түрғандай сезінеді.

 

Көркем шығарма тілі — проблемалық мәселе. Көркем шығар-маны жасайтын — жазушы. Шығармадан жазушының өзіндік ерекшелігі, шеберлігі, стилі байқалып отырады. Шеберлік мәселе-сін шығарманын, тілінен бөлек алып қарауға болмайды. Шеберлік мәселесі тілге тікелей қатысты. Сондықтан да жазушының ше-берлігі жайында сөз еткенде, ең алдымен оньщ, тілінен бастаған жөн1,

  Шеберлік дегеніміздің өзі — тар шеқберде алғанда, адам бей-несі, табиғат көрінісі, қимыл, іс-әрекет сияқты әдебиеттік түрлі образдарды жасау үшін кажетті сөздерді талғап, ұқыптылықпен қолдана білу. Мұндай образдарды жасау үстінде сұрыпталатын сөздерге әрқашан да жаңа мағына, қосымша реңдер берілетіні белгілі. Сөздердің ондай жаңа қосымша марынасы мен реңдері образды ойды эстетикалық жағынан байытып отырса ғана құнды болмақ. Образды ой дегеніміз — суреттелетін зат, құбылыстың формасын сөз арқылы шебер бейнелей білу.

  Қөркем әдебиет — “сөз арқылы әдемі түрде суреттелетін ис-кусство”. Әдебиетшілер болсын, тілшілер болсын көркем шығарма тілін сөз еткенде, екеуінің де негізгі объектісі — әдеби шығарма. Өйткені әдеби шығарманың негізгі құралы — тіл. Жазушылар да құрылысшылардьщ кірпіштен салған биік әсем мұнарасы сияқ-тандырып өмірдегі сан алуан қүбылыстарды бейнелі сөз өрнегі арқылы қиюластырып, көркем образдар жасайды. Көркем образ жазушының шеберлігіне, оньщ жалпы халыктық тіл байлығын жетік меңгеріп, шұрайлы сөз образдарын қолданып шебер суреттей білуіне байланысты. Сонымен бірге жазушы шығармасының тілі, онық стиль ерекшелігі шығарманьщ мазмұн, идеялық жақтарымен байланысты қарастыруды қажет етеді.

  Жазушының стилі — көркем шығарма жазу үстінде қалыпта-сатын әр жазушының өзіндік мәнері, сөз қолдану тәсілдері. Жа-зушыньщ стиль ерекшелігі, оның өзінін, өмір тануына, шырарма-сының идеялық мазңұнына сай жалпы халықтық тіл қазынасын меңгеріп, оны қалай қолданғандығынан байқалады. Ал жазушы-лардың тілдік қүралды қолдану тәсілдері біркелкі. болмайды, Өмірдегі адамдар каншалықты көп болып, олардың түрлері бір-біріне ұксас келмейтіні тәрізді жазушылардың да жазу мәнерінде, стилінде ұқсастық бола бермейді. Әр ақын-жазушылардың өзіндік ерекшелігі болады. Ақын-жазушылардың өзіндік стиль ерекшелік-тері, жазу мәнері жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасып жетіледі.

  Жазушынын, стиль ерекшелігі — жалпы халықтық тілдің жал-ғасы ретінде дамитын әдеби тілдің маңызды бөлшегі.

  Көркем шығарма тілінін, осы уақытқа шейін қалай зерттеліп келгені туралы академик В. В. Виноградовтың “О языке художе-ственной литературы” деген кітабынан толық мағлұмат алуымызға болады. Автор бұл еңбегінде совет дәуіріндегі көркем шығарма тілінің зерттелуіне арналған ғылыми еңбектер мен мақалаларға талдау жасап, ондағы жетістік пен кемшіліктерді көрсетіп, көркем шығарма тілінің зерттелуі жайында құнды пікірлер айтқан. Ака-демик В. В. Виноградовтың аталран еңбегінің құндылығы — жазу-шының өзіндік стилі орыс әдебиетінін, даму заңдылықтарымен байланысты қаралуында. Бұл тәсіл — жазушының тіл ерекшелігін зерттеушілердің бұдан былайғы жерде айрықша көңіл бөлетін мәселесі.

  Қазіргі стилистикаға байланысты жазылып жүрген зерттеу ең-бектері мен мақалаларда, көбінесе оның зерттеу -объектісіне, шы-ғарманың тілін зерттеу тәсіліне баса көңіл бөлініп жүр. Бұлар көркем сөз стилистикасы саласындағы бүгінгі таңдағы маңызды мәселе екені даусыз. Бірақ көркем сөз стилистикасының басыашылмаған басқа да мәселелері аз емес.

  Көркем шығарма тілін зерттеуде кездесетін бір қиындық — оның проза, драма, поэзия сияқты жанрларды қамтып, көп жанрлы болып келуінде. Әр түрлі жанрлардың әрқайсысынын, өзіне тән тіл ерекшеліктерін зерттеу әдістері жөнінде белгілі бір нүсқау беру қиын. Шығарманың жанрлық ерекшелігіне қарай, тіл өзгешелігі болатындығы әдебиет теориясыньщ оқулықтарында және кейбір лингвистикалық еңбектерде тиіп-қашты айтылады. Ал арнайы жа-зылған еңбек әзір жоқтың қасы.

  Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің аясы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі2. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекше-лігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен арақатынас.та болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.

 
Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource
Resource -> Мазмұны кіріспе 1 Саясаттану пәнінің әдістемелік негізі
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет