Көркем мәтіндегі концептілік жүйе



Дата22.06.2022
өлшемі17,9 Kb.
#146969
Байланысты:
Тест



Көркем мәтіндегі концептілік жүйе

1. Концептілік жүйе дегеніміз - …
А) белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін шындық болмысы.
В) концептілік құрылымдардың реттелген формасы.
С) тілдік құрылымдар арқылы айқындалатын концептілер
Д) дүние туралы мағлұматтарды ұсыну, көрсету бағыты.

2. Концептілік жүйе иерархиялы құрылымнан тұрады.Олар:


А) концепт типтері, таңбалар тізбегі, концептілік құрылымдар.
В) таңбалар тізбегі, когнитивтік модель, семантикалық құрылым.
С) дүниенің қасиеті, қалыптасу мен даму, құрылым элементтері.
Д) дүниенің қасиеті, белгілері, когнитивтік модель, концепт типтері.

3. Концептілік жүйенің иерархиялы құрылымы болып табылатын концепт типтерін атаңыз.


А) сенсорлы перцептивті қабылдау
В) ассоциация, бейне, символ
С) фрейм, сценарий, скрипт, схема.
Д) стереотип, формаға ие болу.

4. Эмоция күйінің ішкі терең процестердің нәтижесінде құрылым түзуі ... деп аталады.


А) Аффект;
В) экзистенция;
С) гештальт;
Д) концепт.

5. Күрделі атаулардағы метафора құбылысы -- ...


А) адамның ойлауы мен танымының нәтижесі;
В) адамның щығармашылық табысы;
С) адамның тіл шеберлігі;
Д) адамның дарындылық қабілетінің нәтижесі.

6. Сөйлеушінің тілдік моделінде көрініс табады.


А) Уәж, мән, құндылық;
В) сөз, мағына, сөйлем;
С) сөз мағынасы, ойлау, аналитикалық тәсіл.
Д) сөз таптары, етістік, дискурс.

7. Поэтикалық мысалда жан күйі қандай бағытта болады?


А) Бір бағытта;
В) көп бағытта;
С) қарама-қарсы бағытта;
Д) бытыраңқы бағытта.

8. Когнитивтік лингвистиканың практикалық маңызы неде?


А) Тілдің грамматикалық тұлғаларын меңгертуде;
В) тілдік бірлік семантикасын танытуда;
С) тілдік бірліктің дыбысталуын меңгертуде;
Д) сөйлем құрылысын меңгертуде.

9.Метафораны когнитивтік бағытта қарастырған кім?


А) Н.Оралбаева;
В) Б.Қасым;
С) Ғ.Қалиев;
Д) Р.Сыздықова.

10. Тіл мен ойлау арасындағы тығыз қатынастың нәтижесінде қалыптасатын адамзаттың танымдық, ғылыми, мәдени тәжірибесін танытатын ғылым .. . деп аталады.


А) мәдениеттану;
В) психолингвистика;
С) әлеуметтік тілтаным;
Д) когнитивтік лингвистика.

11. Адамды таным шегімен байланыстыратын не?


А) Эмоция;
В) ойлау;
С) дара тұлға;
Д) түйсік.

12. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден , терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе ... деп аталады.


А) Мұң;
В) құндылық;
С) білім;
Д) тілдік сана.

13. “Тәртіптілік” сөзінің концептілік өрісін анықта.


А) жазушы болу,жаман әдет
В) тамақты аңсау, тентектік
С) бейсауат жүрмеу, өсе алмау
Д) дарқан көңіл, жаны біту

“Ғаламның тілдік бейнесі” термині қай ғалымның ұсынуымен қолданылған?


А) В.Красных
В)Л.Витгенштейн
Д) К.Жаманбаева
С) Ю.Сорокин
13. Ғылым тіліндегі метафораның жаңа термин, номинация жасау қызметімен байланысты бөлінуі қалай аталады?
А) тұрақты метафора
В) стильдік метафора
Д) концептуалдық метафора
С) индивидуальды метафора

14. Концептуалды метафораны зерттеген ғалымды анықта.


А) А.Сыбанбаева
В) Қ.Жаманбаева
С) Б.Шалабай
Д) Р.Сыздық

15. Концептуалды метафораны көрсет.


А) пышақтың жүзі
В) қара шалғын өлеңде өстім
С) жапырақ жүрек дүрсілдеп
Д) биік мансап- биік жартас

16. Нақты заттардың қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін білімінің адам санасындағы құрылымы қалай аталады?


А) сценарий;
В) концепт;
С) логика;
Д) фрейм.

17. Сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдату қызметін не атқарады?


А) фрейм;
В) концепт;
С) гештальт;
Д) сценарий.

18. Концепт бойынша: Ішкі жан дүниенің жуасып, бұйығуы қалай аталады?


А) жалығу;
В) жабығу;
С) құлазу;
Д) түңілу.

19. Когнитивтік лингвистикадағы мағыналық парадигма нешеу?


А) 5;
В) 2;
С) 3;
Д) 4.

20. Түпсіз үрей, түпсіз ой, түпсіз қасірет, түпсіз тұңғиық – терең жан күйлерінің атаулары қандай атаулар?


А) Метафоралық атаулар;
В) эпитеттік атаулар;
С) фразеологиялық атаулар;
Д) метонимиялық атаулар.

21. Адамды таным шегімен байланыстыратын не?


А) Эмоция;
В) ойлау;
С) дара тұлға;
Д) түйсік.

22. Когнитивтік лингвистика пәнінің міндетіне жатады.


А) Когнитивистика саласын қазіргі тіл білімінің жаңа бағыты ретінде тану;
В) тілді грамматикалық тұрғыдан талдау;
С) тілдік бірліктерге әлеуметтік тұрғыдан анализ жасау;
Д) тілдік бірліктерді тарихи тұрғыдан қарастыру.

23. Ішкі бірлігі, ішкі тұтастығы бір дүниелерден , терең негізді семиотикалық жасалымдардан құралып, сол арқылы жеке адамның сана бітімін айқындайтын жүйе ... деп аталады.


А) Мұң;
В) құндылық;
С) білім;
Д) тілдік сана.

24. Мұң үлгісі қайда пайда болды?


А) Жыраулар поэзиясында;
В) жазба ақындар поэзиясында;
С) сопылар поэзиясында;
Д) зар заман ақындар поэзиясында.

25. Эмоция күйінің ішкі терең процестердің нәтижесінде құрылым түзуі ... деп аталады.


А) Аффект;
В) экзистенция;
С) гештальт;
Д) концепт.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет