Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында ұйымдстырылған оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша


-тарау. Білім беру платформалары мен электронды ресурстарды қолдану



бет48/51
Дата14.12.2021
өлшемі1,21 Mb.
#100611
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
b32a587fd3830617e18fb5962c227f07 original.1267712

6-тарау. Білім беру платформалары мен электронды ресурстарды қолдану

46. ЖЖОКБҰ-на пайдаланушылар арасында кең таралған және қашықтықтан оқытуды қолдайтын мультитілдік интерфейсі болатын оқыту үдерісін қолдауға бағытталған білім беру платформаларын және электронды ресурстарды қолдану ұсынылады.

47. LMS түрлі форматтағы электронды оқу материалын орналастыруға, оқу материалына қолжетімділікті ұйымдастыруға және беруге, материалдарды меңгеру және тапсырмаларды орындау барысын бақылауды жүзеге асыруға, желілік байланыс құралдарымен оқу үдерісінің қатысушыларының өзара әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оқу контентіне қойылатын талаптарды (контент сапасын бағалау критерийлері, еңбек шығындарын анықтау критерийлері, құрылымға және ресімдеуге қойылатын талаптар) ресми бекіту және ЖЖОКБҰ-ның сайтында немесе ақпараттық жүйеде жариялау ұсынылады.

48. ЖЖОКБҰ білім алушыларға дәріс материалдарынан, семинар/практикалық және / немесе зертхана тапсырмаларынан, өз бетімен жұмыс тапсырмаларынан тұратын оқу материалдарына еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы оқу материалдарын LMS-ке орналастырады.

LMS-ке қосымша электронды оқу басылымдары, презентациялар, видеодәрістер, видеороликтер, аудиожазбалар, анимациялар, суреттер, сызбалар, нобайлар, фотографиялар, электронды ресурстарға сілтемелер орналасуы мүмкін.

49. КАОК платформасы білім алушылар мен оқытушылар арасында өзара әрекетті, сонымен бірге жедел тесттер мен тапсырмалар түрінде тікелей кері байланысты қолдайтын әлемеуметтік желілердегі пікірталастармен немесе пайдалану форумдарымен интерактивті материалдарды ұсынады.

50. ЖЖОКБҰ-на ресурстарды қашықтағы курстарды және КАОК әзірлеу, электронды ресурстарды ұйымдастыру үшін ЖОО аралық келісімдерді, сонымен бірге КАОК платформасымен пайдаланушылық келісімін жасау кезінде бірлесіп қолдану ұсынылады. ЖЖОКБҰ КАОК платформаларын оқу үдерісінде бірнеше тәсілдермен қолдана алады:



  1. КАОК материалдарының оқытылатын оқу пәнінің силлабусына ішінара сәйкестігі жағдайында, КАОК материалдарын оқытушының басшылығымен оқу үдерісінде қолдануға болады;

  2. КАОК материалдары мазмұнының оқытылатын пәндер силлабусына толық сәйкестігі жағдайында, білім алушылардың КАОК платформасының курсын сәтті өтуі туралы сертификат негізінде академиялық кредиттердің қайта сынағы ықтимал;

  3. КАОК оқыту нәтижелерінің ЖЖОКБҰ-ның пәндерін оқыту нәтижелеріне сәйкестігі жағдайында, білім алушылардың КАОК платформасының курсын сәтті өтуі туралы сертификат негізінде академиялық кредиттердің қайта сынағы ықтимал;

  4. КАОК оқыту нәтижелерінің білім беру бағдарламаларын оқыту нәтижелеріне сәйкестігі жағдайында, білім алушылардың КАОК платформасының курсын сәтті өтуі туралы сертификат негізінде академиялық кредиттердің қайта сынағы ықтимал.

51. ЖЖОКБҰ шынайы уақытта видеобайланысты қолдайтын бірлескен жұмыс платформаларын синхронды режимде онлайн сабақтар өткізу үшін қолданады. ЖЖОКБҰ оқу сабақтары басталғанға дейін оқытушылар мен білім алушылар үшін платформаны қолдану бойынша оқу ұйымдастырады.

Шынайы уақытта видеобайланысты қолдайтын платформаларға MicrosoftTeams, Skype, GoogleMeet, HangoutsMeet, Lark, Skype, CiscoWebEx, JitsiMeet және басқалары жатады.

52. ЖЖОКБҰ-на түрлі интерактивті контенті құру мақсатымен интерактивті суреттерді, видео және мультимедиа ресурстарын жасау, контентті, видеодәрістерді визуалдау, білім алушылардың білімін интерактивті бағалау бойынша құралдарды қолдану ұсынылады.

Цифрлық контентті жасау бойынша оқытушыларға арналған құралдар: Thinglink, Buncee, EdPuzzle, Kaltura, Nearpod PearDeck, SquiglTrello, Canva, WeTransfer, Edmodo, ClassDojo, Kahoot!, Teach Learn Lead.

53. Прокторинг – бұл емтихан тапсыратын тұлғаны тексеру мақсатымен онлайн емтиханды (аттестаттауды) қадағалау және бақылау процедурасы.

ЖЖОКБҰ емтиханды физикалық проктор көмегімен, прокторинг жүйесі арқылы автоматты түрде және физикалық проктор көмегімен асинхронды не прокторинг жүйесі арқылы жүзеге асыра алады.

Прокторинг жүйелеріне ProctorEdu, Examus, ProctorExam, ProctorU жатады.

Сонымен бірге, ЖЖОКБҰ –ның прокторинг жүйесінің авторлық әзірленімін қолдануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет