Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет13/316
Дата30.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#194198
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   316
Байланысты:
ИБ Хронический обструктивный бронхит в фазе обострения, Байсултан Назерке 1703-52 презентация, бағдарламалық сұрақтар ШМКК (копия), 9 сынып 2 тоқсан тжб сұрақтары
Әдеби KZ
 
 
бұтағын да жинаған. Тек бұлардың бірде-бірі өзінен ақылды болуға тиісті емес 
және үнемі оның ойынан шығып отыруы керек. Солай болып та келген. Тек соңғы 
кезде ғана Орда маңындағы сұлтандар арасындағы дау-жанжал күшейе түскен. 
Әсіресе, бұл алауыздыққа дем беріп жүрген — ақыл-айлалы Жәнібек сұлтан. 
Серіксіз жау болмайды, оған шөбере ағасы Керей қосылған. Бұлардың бергі өкпесі 
Әбілқайырдың қазақ пен өзбек арасындағы саясаты болғанмен, хан ойынша түпкі 
армандары бақ күндестік. Көк Орданы екіге бөліп, қазақ хандығын құрмақ. Өздері 
соны билемек. Ал Әбілқайыр бауыр басып қалған Дәшті Қыпшаққа, ешкімді ортақ 
етпек емес. Ортақ етпек түгіл, осынау қарамағындағы Мауреннахр, Дәшті Қыпшақ, 
Қорасан жеріне шектес елдерді, әсіресе Моғолстан хандығын түгелдей қосып 
алмақ. 
Барлық елді жеке өз басыңа табындыру қасіреті — о да бір іштен жеген жегі 
құрт. Мұндай кеселге душар болған адам тек өз мерейім өсе берсін дейді. Ол 
мұндай арманның, әр нәрсеге дұрыс баға беріп, дұрыс қарайтын ақылын іштей 
жеп жатқан жегі құрт екенін аңғармайды. Кесел бүкіл денесін қаулай алып болып, 
бір күні тек қауқиған сыртының өзінен өзі опырылып түсетінін күні бұрын 
байқатпайды. Бұл кеселдің күші де, қауіптілігі де осында. 
Көк Орда ел-жұртын жеке билеп келген Әбілқайыр мен қазақ Ордасын бөліп 
алам деген Жәнібек сұлтанның таласы әлдеқашан-ақ басталған. Бұлар бір-бірін 
жан алқымнан ала түсер көкжал қасқыр мен арлан тазы теңдес. Араларында бітім 
болуға тиісті емес. Бірақ әлі қарсы шабар күн туған жоқ, тек қазір сол күнді күтіп 
жүрген жағдайлары бар. 
Әбілқайыр бір рет Жәнібекті мүлдем құртып жібере де жаздады. Әттең, әттең, 
ойлаған жеріне жете алмай қалды. Хан сол бір сәтті кез есіне түссе-ақ әлі күнге 
дейін бармағын шайнайды. Шыңғысханның «ойынан шықпаған туған баласын да 
аямаған хан — хан бола алады» деген қағидасын жақсы ұққан Әбілқайыр, әрине 
Жәнібекті аяйын деген жоқ, бірақ бұл жалғанда жазмыштан күшті не бар? 
Ажалсыз — аждаһаның аузынан құтылады. 


15 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   316




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет