Косметика өндірісі мен технологиясына кіріспе


Тіс пастасының реологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет958/1156
Дата14.12.2021
өлшемі16,24 Mb.
#126472
1   ...   954   955   956   957   958   959   960   961   ...   1156
Байланысты:
b436ce0a649361871333ff7a454fb4e8 original.17032999
Grammar Biulding
Тіс пастасының реологиялық қасиеттері

Тіс  пастасы  –  «Бингам  реологиялық  үлгісі»  деп  аталатын  ерекше  реологиялық  қасиеттерге  ие 

тұтқыр пластикалық сұйықтық.

 Тіс пастасын түтіктен шығару үшін тіс пастасы түтігін сығу керек екенін 

және оны төңкергенде ол ағып кетпейтінін байқаған боларсыздар. Бингам пластигі жай кезде қатты зат (ол 

ағып кетпейді) болып табылады. Дегенмен, оларға ең аз күш қолданылғанда тұтқыр сұйықтық ретінде қозғала 

бастайды. Ағынға қажетті ең аз күш «аққыштық шегі» деп аталады. Қолданылған күш (яғни, түтікті сығу) 

тоқтатылғаннан кейін, ол қатты пішінге айналады. Бұл қасиет тіс пастасының ешқандай күш қолданылмаса 

және  щетканың  қылшықтарынан  немесе  екі  жағынан  ақпай  щеткада  тұруына  және  ашық  контейнерден 

ақпауына  мүмкіндік  береді.  Бингам  пластигінің  регограммалық  сипаттамасы  6.6-суретте  көрсетілген.  Ол 

жерде қисық шықан жерін кесіп өтпейтіні, керісінше жанама кернеу осімен қиылысатыны көрсетілген. Бұл 

пластикалық  материал  жанама  кернеудің  осындай  мәнінен  асып  кетпейінше  ақпайтынын  көрсетеді.  Бұл 

формулаларда, әдетте, өнімділігі жоғары тұтқырлығы бар, бірақ пастаны сығып шығару үшін қажетті күш аса 

жоғары емес; тіпті бала да пастаны сығып шығара алады. Пастаның реологиясы ауздағы пастаның тарлуына, 

көбікті  генерациясына  және,  ең  алдымен,  дәмді  компоненттердің  шығарылуына  айтарлықтай  әсер  етеді. 

Дегенмен, бұл қасиет өндіріс тұрғысынан қиындықтар тудыруы мүмкін, өйткені контейнерлерді төгу немесе 




451

«сұйықтықты» (шын мәнінде қатты затты) сорғымен сору қиынға соғады.

53

Бұл  құбылыс  біз  тырнақты  ажарлау  формулаларынан  (4-тараудың  4-бөлімін  қараңыз)  көргендей 



тиксотропиядан ерекшеленетінін ұмытпау керек. Тиксотропия жағдайында жүйе кез келген уақытта ағып кетуі 

мүмкін; алайда, жоғары жанама кернеуінде тұтқырлық азаяды, себебі құрылым бірте-бірте бұзылып, кернеу 

тоқтағаннан кейін және құрылымы өзгергеннен кейін арту үрдісі байқалады. Алайда, Бингам пластигі қатты 

кернеулер кезінде ағып кетпейтін қатты материал ретінде қолданылады. Ол шектік кернеу мәніне жеткенде 

жылжи бастайды, яғни құрылым бұзылғанын білдіреді. Шекті кернеу мәні қатты және сұйық күй арасындағы 

шекараға ұқсайды.

Нарықта  кез  келген  уақытта  ағып  кететін  гельдік  тіс  пастлары  бар.  Бұл  көптеген  косметикалық  және 

жеке  күтім  өнімдеріне  ұқсас 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   954   955   956   957   958   959   960   961   ...   1156




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет