Көтерме саудасындағы тауарларлық операциясының есебі



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі17,12 Kb.
#89410
1   2
Байланысты:
лекция 3 (6)
лекция 4 (7), лекция 7 (5)
Көтерме сауданы жүзеге асыратын формалар. Көтерме сауда арнайы қойма және база, базалар, көтерме сауда орталықтары арқылы жүзеге асады. Қоймалар және базалар арқылы сауданы үлкен көлемді тауар айналымы бар орташа және үлкен сауда ұйымдары жүзеге асырады.
Көтерме базар - көтерме бағамен сауда операцияларын жүргізу орны, кішкентай партиямен тауарларды қайта сатуға бағытталған кішкентай және орташа сауда ұйымдары көтерме базарға өз қалауларын береді, және белғілі бір төлем үшін ұйымдарға базарда сауда орнын береді.
Сауда ұйымдары көтерме базар экімшіліғімен сауда орны жөнінде келісімғе отырады. Келісім ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді болуы мүмкін. Сауда ұйымы қажетті құралдармен жабдықталған және қолдануға даярланған сауда секцияларын алады. Сонымен қатар көтерме базарда сауда ұйымдарына қойма орындары ұсыніылады. Базар аумағында қоқысты әкету, тауарларды әкелу және түсіру, аумақты күзету, салмақ өлшеу құралдарымен қамтамасыз ету, жылумен, сумен, энергиямен қамтамасыз ету, байланыс сияқты қосымша қызметтер жұмыс істейді. Көтерме базарда тек қана сапа тексеруін өткен тауарлар саудаға жіберіледі. Көтерме базарда тауар экспортизациясының арнайы қызметі бар.
Көтерме сауда орталығы - дүкен мен қойманың үйлесімділігі, сатып алушыға тауардың көтерме партиясын алуға мүмкіндік береді. Көтерме сауда орталығында сауда залы жабдықталған мұндағы стеллаждарда, полкаларда, витриналарда көтерме саудаға дайын, қапталған түрде тауарлар орналасады. Сонымен қатар тауардың үлгісі қойылады. Көтерме сауда орталығында көтерме және бөлшекті сауда үйлесімі болуы мүмкін. Бұл үшін кассалық аппарат болуы мүмкін. Көтерме сауда орталығы арқылы сауда үрдісін ұйымдастыру үлкен ассортиментте жеке тауар топтарын сатуға бағытталған кіші және орта кәсіпорындарына негізделген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет