Криминалистика кафедрасы



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата13.12.2023
өлшемі248,67 Kb.
#196736
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МУ для выполнения СРС
49913 (1), ТЕСТ БИОЛОГИЯ, Тонкое искусство пофигизма парадоксальный способ жить счастливо by Марк Мэнсон (z-lib.org), 21 11 2023 Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы КМЖ
Үй жұмысы 
тәжірибелік және семинар сабақтарына өз бетінше 
дайындалудан, оқу үдерісінің бір бөлігі болып табылатын кез келген дербес 
оқу қызметі түрінде көрінеді.
 
Негізгі қызметі – өз бетінше оқу машығын 
дамыту, жұмыстың әдістері мен құралдарын анықтау, оқуды жоспарлау 
болып табылады. Үй жұмысы аудиториялық сабақтарда алынған білім мен 
машықтарды бекітуге, дағдыны қалыптастыруға, жаңа материалды 
меңгеруге барынша көмектеседі.
Өзіндік жұмыстарды табысты орындауды қамтамасыз ететін 
дидактикалық шарттар: тапсырмаларды орындауға қатысты міндеттер мен 
ұсыныстардың нақты берілуі; оқу тапсырмасының негізделуі (не үшін, неге 
көмектеседі); үй тапсырмаларының тиімді көлемі; оқытушы арқылы 
есептің нысаны, тапсыру мерзімдері; кеңес беру түрлерін анықтау; бағалау 
критерилері оценки, бақылаудың түрлері және нысандары. 
Студенттердің өзіндік оқу жұмыстарының мазмұнын құрайды: 
оқытушымен ұсынылған әдебиеттерді оқу және конспектілеу; курстың 
нақты тараулары, бөлімдері бойынша тәжірибелік сабақтарда талқылаумен 
ұштастыра отырып есептер шешу; семинарда немесе ғылыми студенттік 


әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Оқу-әдістемелік кешен бет.3 барлығы
5
үйірменің отырысында талқылай отырып, сот істеріне шолу жасау
оқытушының тапсырмасы бойынша сот мәжілістеріне қатысу, әртүрлі 
ұйымдардың заң бөлімдеріне, нотариалдық кеңселердің жұмыстарымен 
танысу; үй тапсырмас түрінде заң жобаларына пікірлер дайындау
тәжірибелік сабақтармен ұштастыра отырып, зерттелінетін тақырып 
аясында құқықтық құжаттардың жобасын дайындау. 
Рефераттарды дайындау – СӨЖ ұйымдастыру және бақылаудың бір 
нысаны. Реферат (лат. referre – баяндау, хабарлау) – бұл ұтымды бағалау 
арқылы қайнар көздің мазмұнын қысқаша баяндау немесе бірнеше қайнар 
көздерді салыстыру және талдау негізінде қандай да болмасын 
проблеманың жай-күйін ашу. Оқу үдерісіндегі мазмұны және қызметіне 
байланысты рефераттар ғылыми-проблемалық және шолу-ақпараттық 
болып бөлінеді
.
Рефератты жазу мақсаты – студенттерде әдеби және нормативтік 
қайнар көздермен дербес жұмыс істеу машыты жазу мақсаты – 
студенттерде әдеби және нормативтік қайнар көздермен, жарияланған сот-
тергеу тәжірибесімен дербес жұмыс істеу машығын жетілдіру. Студенттер 
оларды талдау және жалпылау негізінде өзіндік негіздеу арқылы теориялық 
және тәжірибелік сипаттағы қорытындылар жасай алады. Рефераттардың 
тақырыптары, 
ұсынылатын 
әдебиеттер 
тізімі 
оқытушы 
арқылы 
анықталады. Қандай да болмасын кітаптың немесе мақаланың мазмұнын 
қысқаша баяндаумен байланысты рефераттар сәйкес тақырып бойынша 
дипломдық жұмысты дайындаудың алғашқы кезеңі болап қарастырылуы 
мүмкін. Реферат көлемі машиналық мәтіннің 15-20 беттік түрі ретінде бола 
алады. Рефераттың әдеттегі құрылымы: жоспар; тақырыптың негізделуі 
және міндеттері көрсетілген кіріспе; бірнеше параграфтан тұратын негізгі 
бөлім; тақырып бойынша жасалған түйіндер қарастырылған қорытынды; 
библиографиялық тізім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет