Кураков Н. А «Интерактивті әдісін пайдалана отырып БӘД сабақтарын оқыту әдістері Брейнсторминг» Мазмұны



бет14/17
Дата20.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#172870
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Кураков Н.А
Документ Microsoft Office Word, isk o vzis zadol, Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, Документ Microsoft Word (6), 4-апта, БИСЕНГАЗИЕВА БОХОРОВА, 11, Білім беру бағдарламасы, Айырша (тимус) без гормондары
3.2 Оқу модулін даярлау технологиясы

І кезең – мұғалімнің модульді даярлауы


1. Барлық оқу материалын пысықтап, оны оқу бірліктеріне (тұтас тарауға немесе мазмұны бойынша жақын тақырыптар блогіне) бөлу.
2. Оқытудың нақты нәтижелері тізбегін құру (яғни, әрбір оқушы нені біліп, үйренуі тиіс).
3. Модуль тақырыбын тұтас баяндаудың оңтайлы формасын ойластыру.
4. Тақырыптың негізгі түйінді ұғымдарынан тірек сызба-конспект құрастыру.
5. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеруге тестілер – диагностикалық (тексеру) және бақылау (қорытынды) жұмыстарын әзірлеу.
6. Білім, білік, дағдыларды түзетуге арналған тапсырмалар дайындау.
Модульдің кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары
Оқу модулінің бірінші сабағындағы мұғалімнің лекциясы бірнеше нұсқада болуы мүмкін (тыңдаушылардың жасына және даярлығына қарай).
Олар: визуалдық лекция, мұнда тақырыптың негізі мазмұны бейнелі түрде – сурет, сұлба, сызбалармен берілген;
лекция-консультация (кеңес), оқу мазмұны оқушылардың сұранысы (сауалдары) бойынша жапсарлас пәндердің материалдарын қоса отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі; лекция-өзара сөйлесу, жалпы мазмұн лекция барысында оқушылардың өздері бірнеше сұрақтар тобына жауап таба отырып, қатынас жасауы арқылы беріледі;
проблемалық лекция мұнда бірнеше қарама-қайшы теориялық тұжырымдамалдар ұсынылады.



1. Сөйлесу бөлімінде жұмыс істеу үшін оқу материалының негізгі мазмұнын белгілеу



2.Оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз ететін және алғашында оқу материалыноқып-үйреніп, бекітуге, соңынан білік пен дағдылар қалыптастыуға, алынған білімін талдап, топтауға мүмкіндік беретін оқытудың белсенді формаларын таңдап алу.



3. Әртүрлі күрделілік дәрежесіндегі үш деңгейлік тапсырмалар
(Блум таксономиясына сүйене отырып) және олардың жауап үлгілерін
(есептер мен мысалдардың шешімін және т.б.) дайындау



4. Әрбір оқушыға немесе топқа арнап
Үлестірмелі материалдар бастыру (көбейту)

Үш деңгейлік тапсырмалар дайындағанда сөйлесу бөлімінде оқу материалын пысықтап, жұмыс істеу үшін біз мұғалімдерге Б.Блумның таксономиясын ұсындық.


ІІІ («жеңілдетілген») деңгей тапсырмалары тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеруді білдіреді.
Олар шамамен мынадай түрде беріледі:
Білу Түсіну

...атаңыз
...қай жылы болды
...қайда болды
...формуласын жазыңыз
...атап көрсетіңіз

сөйлемді аяқтаңыз...
не білдіңіз...
неге...
сөйлемді өзгертіңіз...
өзара байланысын түсіндіріңіз...
өз сөздеріңізбен айтыңыз...

ІІ деңгей (мемлекеттік білім стандартының талаптарына сай) тапсырмалары алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеруді білдіреді де, төмендегідей құрылады.:


Қолдану Талдау



Қолдану мақсатын түсіндіріңіз...
Үй есебін бірнеше тәсілмен шешіңіз...
Осы құбылысты қандай теория түсіндіреді...
Берілген гипотезаны тексеріңіз...
қорытындылар




...Құрылымы қандай
...топтастырыңыз
...салдары не
...салыстырыңыз
...себебін талдаңыз

І деңгей дегі жоғары күрделілік дәрежесіндегі («стандарттан жоғары») тапсырмалар алған білімді топтау және бағалау деңгейіне бағытталған:


Топтау Бағалау

өз шешіміңізді табыңыз...
алгоритмді ұсыныңыз...
баламасын табыңыз...
бөліктерден құраңыз...
түсініктемесі қандай...
жүйелестіріңіз...
зерттеңіз...




Қисынды ойды бағалаңыз...


Жетістіктерін айтыңыз...
Критерийлерін көрсетіңіз...
...сәйкес келе ме
...туралы не ойлайсыз
...қаншалықты дұрыс
Қорытынды жасаңыз...

ІІІ кезең – қорытынды (бақылау) бөлімі


Оқушылар білімін әділ бағалау және оларда жоғарырақ балл алу мүмкіндігі болуы үшін бақылау дың 2-3 түрін даярлау.

Бақылау формалары



Тестілеу

Мұғалімнің таңдауына қарай
● сынақ
● релелік сынақ
● бақылау жұмысы
● диктант, шығарма, мазмұндама
оқу пәні бойынша конференция
● семинар

● толықтыруды қажет ететін тестілер
● еске салушы тест
● балама жауаптары бар тестілер
● таңдамалы тест
● сәйкестілік тесті
● реттік бірізділікке берілген тест
● құрама тест

Модуль бойынша қорытынды баға шығару

Оқу модуліне оқушы қызметін бағалау


Модульдік оқыту технологиясының сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бағалауға, олардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауына зор мән беріледі.
Оқушылардың білімін бағалау баллдық жүйемен жүреді, онда әрбір оқушыға әртүрлі күрделілік деңгейіндегі үш тапсырма беріледі. Күрделі тапсырмалар – о (І деңгей), орташа күрделілік дәрежесіндегілер - □ (ІІ деңгей), жеңілдетілген тапсырмалар – Δ (ІІІ деңгей) шартты белгісімен көтсетіледі. Олардың біреуін орындау «5», немесе «4», немесе «3» баллдарымен бағаланады.бағалар мынадай болады:

І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей

«5»



«5»



«5»



«4»



«4»



«4»



«3»



«3»



«3»



Модульдің бұл бөліміндегі барлық бағалаулар мен бағалар – ынталандырушы сипатта. Эксперимент барысында біз бұл бағаларды журналға тек төмендегідей сұлбада «аударудан» өткеннен сооң ғана қоюды ұсындық:



І деңгей

ІІ деңгей

ІІІ деңгей




журналға




журналға




журналға

«5»

5

«5»

5

«5»

4

«4»

5

«4»

4

«4»

3

«3»

4

«3»

3

«3»

3

Егер оқушы бағасын журналға қойғызғысы келмесе, оған осы оқу модуліндегі сөйлесу бөлімінің келесі сабақтарында жоғарырақ балл алуына мүмкіндік беріледі.


Баға – бейне бір белгі және сонымен қатар өлшем сияқты, ол оқытудың нәтижелілік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының барысына, оның мазмұны мен формасына, оқушы жауаптарының жылдамдығы мен нақтылығына мұғалімнің жекелеген бағалау мағыналы сөздері (парционалдық бағалар) ықпал етеді. Неғұрлым тиімдісі – қолдау-бағалаулар, яғни оқушының бір нақты қызметінен кейін көрсетілетін және балада жұмысты қайталауға немесе одан әрі жалғастыруға ниет тудыратын әсерлер (ықпал ету).Бұл жерде оқушы қызметі мұғалімнің мақтау сөздерінен немесе өз жетістігіне қанағаттанғандық сезімінен қолдау табады.
Өзін-өзі бағалау да адамның өзін-өзі жүйелеп, ісін ретке келтіруінің (саморегуляция) құралы болып табылады. Оның болжаулық, әрекеттік (процессуалдық) және өткенді шолушы түрлері болады. Өзін-өзі бағалау оқушыларда өз нәтижесіне сын көзбен қарауын, оқудағы өз мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік құра білуін қалыптастырады.
Топтық жұмыс формасын ұйымдастыруда топтық бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін қолдануға болады. Өзін-өзі және бірін-бірі тексерген кезде кейде оқушылар тапсырманың орындалуының дұрыс немесе бұрыстығын бағалай алмайды.Сондықтан дұрыс жауабы (жауап үлгілері, есеп шешімдері) бар парақтар даярлап әкеліп, өзін-өзі немесе бірін-бірі тексеруі кезінде оқушылырға немесе кеңесшілерге таратып беру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет