Курсы : 1 Институты: Жаратылыстану және геошрафия


«Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мектептерінде ендіру. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.12 сәуір, 2017 ж



бет10/21
Дата11.05.2022
өлшемі94,54 Kb.
#141919
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Аманбаева Аружан практика
ЛОГИКА вариатив , 55555, zere, zere
6. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мектептерінде ендіру. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.12 сәуір, 2017 ж.
«Мәңгілік ел» идеясы.2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті»,- деп бастады.
Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
«Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
«Мәңгілік ел» идеясының дамуы мен қалыптасу тарихы. «Түрік Елі» идеясы мен «Қазақ Елі» идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың сақ, ғұн, үйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатындығын айтқан жөн.
Б.з.д мыңжылдықта қазақ жерінде өмір сүріп мәдениет жаратқан сақ қоғамында «отан», «ел» туралы түсінік қалыптасып, оның ұстанымға айналғандығы анық.
Ал филолог-ғалым Ғ.Айдаров «ил», «ел» деген сөздердің мемлекет мағынасында түркі тіліне енуі осы Іле өзені өңіріне келіп, елдік құрған үйсін ұлысының тарихымен байланысты болуы әбден ықтимал деген пікірді білдірген. Бұл пікір негізсіз емес. Мәселен, Махмұд Қашқари (XІғ) «Түрік сөздігінде» Іле аңғарының түркілер өркениетінің қалыптасу процесінде маңызды орны бар екендігіне нұсқап, мәселен, жануарлар атымен аталған 12 жыл атауының өмірге келуін осы өзеннің бойындағы түркі елі қағанының қызметімен байланыстырады. М.Қащқаридың сөздігінде «Ел» мемлекет деген ұғымның баламасы.
Ерте орта ғасырлардағы түрік қағанатының тарих сахнасына шығуын ресейлік және еуропалық зерттеушілер оның басқа алыс-жақын елдерге жасаған басқыншылық әрекетімен байланыстырады.
Түрік қағанатының халықаралық дәрежедегі қуатты мемлекетке айналуы Қара қағанның інісі Іркін қағанның (таққа отырған соң қабылдаған аты Мұқан қаған) белсенді қызметіне тұс келді. Мұқан қаған көлемі ұлғая түскен мемлекеттің тұтастығын сақтау үшін аймақтық-сатылық басқару жүйесін енгізді. Мағынасы: аймақтық-сатылық жүйе бойынша тақ әкеден балаға емес, мемлекетті иелікке бөліп басқарып отырған қағанның ұлдары жасына қарай (яғни тақ ағасынан інісіне, егер кезектегі інісі өлген болса, онда оның ұлына) кезекпен және ретімен тақты иемденетін болды.
Бұл тәртіпті түркілердің үйсіндерден қабылдағандығы байқалады және ол жүйе мемлекеттің тұтастығына қызмет жасады.
XV ғасырдың 60 - жылдары шаңырақ көтерген қазақ хандығы яғни, хандық түріндегі мемлекеттілігі қазақ халқының қалыптасу процесінің табиғи жалғасы әрі қорытындысы болатын. Үш бөліктен (жүзден) тұрған ел бұл кезеңде өзін «Алаш мыңы» атаса, көрші халықтар оны «Қазақ елі» атады. «Қазақ елі» атауы ауыстырған «Алаш» этнонимі ұлттық бірлікке өткен халықтың тұтастығын және еркіндікке, басқа елдермен тең өсіп-өнуге деген ынта-ықыласын білдіретін ұлттық идеяға ұласты.
Мынадай бір-екі мәселеге көңіл аударған жөн. Олар, біріншіден, қазақ хандығының, яғни мемлекеттігінің басқа өңір емес, Жетісу өңірінде (Шу бойындағы Қозыбасы биігі) шаңырақ көтеруі болса, екіншіден, жаңадан құрылған хандық құрылымның «Қазақстан» немесе «Қазақ хандығы» атауын алуы еді. Ең негізгісі жаңа құралған хандыққа өз атын берген халық ендігі уақытта мемлекетті ұлт ретінде жаңа сапада төңірегіндегі елдерге таныла бастады.
Қалмақ шапқыншылығы жағдайында жалпыұлттық ұстанымға айналған «Мәңгілік Ел» идеясының мынадай аса маңызды өзекті ойларына көңіл аударған жөн. Ел басына төнген ауыр жағдайда ел басқарушы саяси топ мынадай жалпыұлттық мәні бар мәселені қоғам алдына міндет етіп қойды. Олар жалпыұлттық мемлекеттікті қайта жаңғырту, сондай-ақ халықтың белгілі бір бөлігін отырықшы егіншілік мәдениетіне аудару еді.
«Зар заман» мектебі ақындары жырлаған ойдың өзегі – отарлық әкімшілік қолына біржола өткен жерді жоқтау. Дулат пен Шортанбай сияқты ойшыл ақындар бұл пікірді өз ортасы тұрғысынан білдіргенімен, олардың шығармашылығына тән жалпыхалықтық мүддені, сол тарихи кезеңге тиесілі қоғамдық ойдағы үрдісті жоққа шығару қисынсыздық болар еді.
Шортанбай, Дулат, Мұрат шығармашылығы арқылы халықтың жалпы ұлттық көлемде өзінің отарлық, тәуелділік жағдайын түсінгендігі байқалады. Шортанбай, Дулат және Мұрат шығармашылығында бұлыңғыр болса да сол тарихи кезеңде отар елге айналған қазақ қоғамы үшін шарасыздықтың не екенін түсіну бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет