Курстық жұмыс Тақырыбы: Математиканы оқытудағы есептің ролі мазмұНЫ



бет14/17
Дата23.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#177570
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Êóðñòû æìûñ Òàûðûáû Ìàòåìàòèêàíû îûòóäàû åñåïò³ ðîë³ ìàçì
Қ.тарих тест, СОЖ 1, 7-тапсырма. Физ оқыт әдіст, 1 РК20-21
«меңгеру=игеру+білімді практикада қолдана білу»,
ал, бұл өз кезегінде қабылдау, түсіну, қолдану, жалпылау және жүйелеу процесінде толық көлемде жүзеге асады.
Енді есептерді шығаруға үйретудің тәсілдеріне тоқталайық:
1) Есепті жаппай шығару. Есепті жаппай шығару деп бір есепті барлық оқушылардың бір уақытта шығаруын түсінеміз. Жаппай шығаруды ұйымдастырудың алуан түрі бар:
а) Есепті ауызша шығару. 5-7 сыныптарда кең тараған. Мұндай есептер
негізінен ауызша тез орындауға болатын есептеулерді, теңбе-тең түрлендірудегі және т.б. жаттығуларды қамтиды. Есепті ауызша шығару арқылы оқушыны ойша шапшаң есептеуге, ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Есепті ауызша шығару барысында әртүрлі кестелерді, анықтама және көрнекі материалдарды пайдаланса, оқушылардың уақытын үнемдеуге, сабақты жандандыруға көмектеседі.
ә) Есепті жазбаша шығару. Барлық оқушылар бір мезгілде есепті тақтада шешеді. Мұнда есепті не оқушы, не мұғалім шығарады, не мұғалім нұсқауы бойынша:

  1. жаңа ұғым, не жаңа әдіс көрсеткеннен кейін тақтада есеп шығарады;

  2. өз бетінше есепті барлық оқушылар шығара алмағанда;

  3. бір есепті бірнеше әдіспен шығарып олардың тиімділерін таңдап алу қажет болғанда;

  4. есептерді шығаруда кеткен қателерді талдағанда тақтада шығарылады. Бұл жағдайларды жаппай түрде талдау пайдалы.

2)Өз бетінше есепті жазып шығару. Оқушылар өздігінен жазып шығарғанда олар шығармашылық жолмен ойлайды. Өздігінен талдап, әртүрлі теориялық материалды есепке қажетінше қолданады. Оның көп пайдасы бар:

  1. оқуға деген белсенділігі артады, қызығушылық шығармашылық бастамасы орнығады, ойлау іс-әрекеті дамиды;

  2. тақтадан көшірмей оқушы өзі ойлауға мәжбүр болады, амалсыз сабаққа дайындалады; өз білімін бағалайды;

  3. мұғалім әр оқушының жұмысындағы жіберілетін қателерді жоюға мүмкіндік береді;

  4. есеп шығару үшін оқушы қажетті теориялық материалды еске түсіреді, ұқсас есеппен мұғалім айтқан есептің шығару үлгісін талдап, есепті оқушы жеке өзі шығарады;

  5. есептердің шығарылуын түсіндіреді. Түсіндіретін оқушы өзі орындаған

амалдарды, түрлендірулерді, қосымша ойларын, есептің шығарылуы негіздемелерін түсіндіреді. Есептің әр жолы белгілі математикалық теорияға негізделетіні айтылуы керек. Есептерді таңдағанда оны оқушылар қабілетіне қарай бір жүйеге салу керек, ол оқушылардың қабілетін дамытатындай болуы тиіс. Бұл жағдайда мұғалімнің қызметі есептің шығару
жолын түсіндіруі, сыныптағы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне қарай есептерді шығаруды ұйымдастыру болып табылады. Оқушылардың өздігінен есеп шығаруын өрістетіп, олардың дербестігін одан әрі дамыту әр мұғалімнің міндеті.
Сондықтан оқушыларға қажетті нұсқаулар беріп, оқулықтағы тиісті тақырыптарды, анықтама материалды көрсетіп отырғаны жөн. Өздігінен есеп шығару іскерлігін қалыптастыруда үй тапсырмасының маңызы ерекше. Үй тапсырмасының басты мақсаты – сыныпта өткен теориялық материалды үйде пысықтап, қайталаумен бірге, оқушылардың математикалық білімін, іскерлігі мен машықтарын одан әрі дамыту. Сондықтан үй тапсырмасын бере отырып, мұғалім есеп шығару барысында кездесетін қиындықтарға қатысты кеңестер мен нұсқаулар беруі керек.
3)Есеп шығаруды қорытындылау берілген есептің мазмұны мен шығару тәсілдерін талқылауды, олардың ішінен ең тиімдісін таңдауды, берілген есептен туындайтын жаңа есепті тұжырымдауды және оны шығаруды, берілген есепті шығару тәсіліне үлгі боларлық фактілерді қамтиды. Әр алуан есептерді шығару арқылы оның шешуі қандай жағдайда табылатынын анықтау үшін қандай амалдарға жүгіну қажеттілігін және шығару жолының қандай айырықша белгілері тиімді тәсілдерді таңдауға мүмкіндік беретінін көрсету керек. Үлгі боларлық қорытындыларды үнемі жинақтап, жүйелеп және оларды оқыту процесінде ұдайы қолдану, оқушылардың ізденгіштік қасиеттерін шыңдаудың, шығармашылық іс-әрекетін жандандырудың пәрменді құралы болып табылады.
Математиканы оқыту процесінде алгоритмдік әдіспен есептерді шығарудың маңызы зор. Көптеген математикалық есептерді шығару үшін оны
нақты орындау арқылы белгілі бір сыныптың кез келген есебін шығаруға алып келетін есепті шығару алгоритмі болады. Мұнда әртүрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді, олардың жүйелерін шығару, туындылар мен интегралдарды есептеу және т.б. жатады. Осындай есептерді шығаруды алдын ала оқушылармен есепті шығару алгоритмін үйретумен арнайы жұмыс жүргізе отырып, айтарлықтай жеңілдетуге болады [75].
Оқушыларды алгоритмдік әдіспен үйрету барысында олардың алгоритмдік икемділіктері мен біліктілігі қалыптасады. Оқушылар алғашқы кезде алгоритмді «берілген әрекеттер жүйесі» ретінде қабылдап, ұғым мен оның негізгі қасиеттерін белгілі деңгейде түсінеді, ал кейін ол оқушылардың өзіндік жұмысының белсенді әдісіне айналады. Ол кезде алгоритмнің кейбір жалпы түрлері әртүрлі есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін іздестіруге мүмкіндік туғызып, ой еңбегінің мәдениетін арттырады, іс-әрекетті салыстыра саналы бағалауға үйретеді. Орта мектептің математика сабақтарында алгоритмдік әдіспен есептерді шығаруға үйрету оқушылардың іс-әрекетін бір арнаға түсіреді, оларға кәсіптік бағдар беруге, өмірге дайындауға мол мүмкіншілік туғызады. Алгоритмді алға қойған мақсатқа жету жолында немесе берілген есепті шығару бағытында біртіндеп, қандай әрекеттер жасау керектігін орындаушыға түсінікті түрде әрі дәл көрсететін нұсқау деп түсінеміз. Орта мектеп математика курсында оқушыларда төмендегідей алгоритмдік бейімділік қалыптастыруға көңіл бөлінуді ұсынамыз:

  1. Алгоритм ұғымы мен оның қасиеттерін оқушылардың интуициялық деңгейде игеруі. Алгоритмнің орындаушыға арналған нұсқау ретінде берілген түсініктің жеке-жеке пункттерден тұратынын, оның көмегімен көптеген есептер шығарылатыны, көрсетілген амалдар тізбегінің қайталану мүмкіндігі бар екенін оқушы жете түсінуі керек, cондықтан алынған алгоритмді орындау барысында оның пункттерінің реті, әрбір нұсқауы жазылуында келтірілгендей қатал сақталып, дәлме-дәл орындалуы қажет.

  2. Алгоритмнің кейбір жазылу әдіс-тәсілдерін, яғни оның толық жазылуын

және көрнекі блок-схема ретінде берілуін білу.

  1. Математиканы оқып үйрену барысында есептеулер схемасын құру, кестелер толтыру, алгоритмді жазудың формулалық түрін пайдалану.

  2. Алгоритмді жазаудың бір түрінен екінші түріне көшу.

  3. Бір есептің әртүрлі шығарылуы болатын бірнеше алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін таңдай білу.

  4. Бұрыннан белгілі немесе есепті шығару барысында құрастырылған алгоритмді ұқсас есептер шығару үшін пайдалану.

Алгоритм схемасын қолдану оқушылардың есептеу дағдыларын қарқынды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мысалы, а және b екі сандарының қосындысын табу үшін келесі 1-сызбаны ұсынуға болады [4, б. 165-166].
Сызба бойынша жұмыс:

  1. оқушыға сызбаны оқып және оны қолдана отырып екі санды қосудың ережесін тұжырымдау тапсырылады: «Екі бүтін санды қосу үшін...»;

  2. қосу ережесін айту барысында оқушы қиналатын болса, онда оған қатесін түзету үшін қажетті блокқа назар аудартады;

  3. оқушыға есептеуді орындау ұсынылады (алгоритм сызба бойынша: 2 + 3; –2 + 3; 2 + (–3); –2 + (–3);

  4. оқушыға өздеріне кез келген сандарды алып сызбаны қолдана отырып қосуды орындау тапсырылады;

  5. оқушыға басқа сандарды сызбаның көмегінсіз орындау тапсырылады (ойлауын ауызша айта отырып).

Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару әдістемелік тұрғыдан маңызды және математиканы оқыту процесін жетілдіруге үлкен мүмкіндік береді. Біріншіден, есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару жолдарын іздестіру оқу материалын меңгерудегі дидактиканың саналылық және белсенділік принциптерін іске асырудың бірден-бір тиімді жолы болып саналады. Бір есепті әртүрлі әдістермен шығару барысында оқушылар бұрын орындап жүрген тапсырмалары сапалық деңгейге аусып, жаңа байланыстар мен үйлесімдері
орнайды. Екіншіден, есептерді әртүрлі тәсілдермен шығару барысында оқушылар көптеген теориялық деректерді, тәсілдер мен әдістерді талдай отырып ойлау дағдысын қалыптастыруға және дамытуға жағдай жасайды. Үшіншіден, бір есептің шешімін әртүрлі тәсілдермен шығару процесінде шығармашылық ойлау басым болады да, ол ақыл-ойдың ғана дамуына емес, оқушылардың дүниетанымын дамытады. Сонымен қатар, есептерді түрлі әдістермен шығару оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталған. Дәл осы жерде оқушылар өз беттерімен есептердің барынша қарапайым және әдемі шешімдерін тауып, математиканың барлық бөлімдері арасындағы байланыстарды яғни, осы ғылымның әдемілігін көреді.


Сурет 6
Есептерді әртүрлі әдістермен шығару сабақты өткізу процесімен барынша үйлеседі. Бағдарламаның қандайда бір тарауын қорытынды қайталауда бірнеше әдіспен шығарылатын және барынша көп теориялық материалды қамтитын есептерді қолдану жөн болады [75].


Жұмыс барысында оқушыларда кездескен барлық кедергілер есепке алынады, олардың неліктен туындағаны анықталып және жойылып отырады. Есепті шығару барысындағы бағытталу оқушыларды есепті шығарудың жалпы сызбасымен танысуға жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет