Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Құрт өнімдерінің сапасын бағалау және басқару. Орындаған: Жұматаева Н. Тобы: хт-09-6к Жетекшісі: Қалдыбаева б шымкент – 2011 жыл Мазмұны



бет4/20
Дата24.08.2020
өлшемі296,34 Kb.
#76723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
stud.kz-19533
stud.kz-80931
3.Квалиметрияның негізгі ережелері

Квалитология және квалиметрия

Квалитология – сапа туралы ғылым. Квалитология құрылымында мынадай бір-бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттесетін құрылымдық бөлімдерді атауға болады:



  • сапа теориясы, сапа табиғатын зерттеу, өнімді жасау және қолдану кезіндерінде өнім сапасының экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық аспектілерін зерделеу болып табылатын пән;

  • сапаны басқару теориясы – бұл сапаны қамтамасыз ету және басқару ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеумен айналысатын ғылым саласы;

  • квалиметрия – сапаны сандық бағалау әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы;

  • метрология – сапаны өлшеу әдістерін зерттейтін және іске асыратын ғылым саласы.

Квалиметрия ғылым ретінде өлшеу және бағалау құралдары мен әдістерінің ортақтық дәрежесімен ерекшеленетін өзара байланысты теория жүйесі ретінде қарастырылады. Мұндай теорияларға мыналар жатады:

  • жалпы квалиметрия;

  • арнайы квалиметрия;

  • пәндік квалиметрия;

жалпы квалиметрия – жалпы теориялық мәселелерді қарастырады: түсініктер жүйесі, бағалау теориясы (заңдар мен әдістер), квалиметрияның аксиоматикасы (аксиомалар және ережелер), квалиметриялық шкалалау теориясы (сонымен қатар ранжирлеу, салмақтылық).

Арнайы квалиметрияда – бағалау модельдері мен алгоритмдері, бағалаудың дәлдігі мен сенімділігі қарастырылады: эксперттік квалиметрия, ықтималдық-статистикалық квалиметрия, индекстік квалиметрия, квалиметриялық таксономия, әдетте иерархиялық құрылымды болатын күрделі-бағдарланған объектілерді жіктеу және жүйелеу теориясы.

Пәндік квалиметрия – бағалау пәні бойынша. Өнім және техника квалиметриясы, еңбек және қызмет квалиметриясы, шешімдер және жобалар квалиметриясы, процестер квалиметриясы, субъективті квалиметрия, сұраныс квалиметриясы, ақпарат квалиметриясы және басқалар.

Квалиметрияны жетілдіру оның пәні және мазмұны туралы әртүрлі көзқарастардың нәтижесінен болды, олардың басты ерекшеліктеріне мыналар жатады:



  • бағалаудың сандық әдістері теориясы туралы ғана квалиметрия туралы көзқарас;

  • квалиметрия пәнін объект сапасын өлшеу және бағалау саласына дейін тарылту, еңбек өнімдері болып табылады немесе кешенді сапа көрсеткіштерін мәселесіне дейін тарылту;

  • квалиметрия пәнін кеңейту, оны сандық – өлшенбейтін объектілерге тарату;

  • экономикадан тыс бағалау әдістеріне квалиметрия пәнінде акцент.

Бұл кезде квалиметрия пәніне көзқарастар эволюциясы орын алады. Әлеуметтік, педагогикалық, географиялық және басқада бағыттар пайда болды.

Квалиметрияның құрылымдығы, динамикалылығы, анықтылығы және біртұтастығы өзара әрекеттесі механизмімен қамтамасыз етіледі: жалпы квалиметрия арнайы квалиметрияны қолданылатын бағалау әдістері мен модельдерінің ерекшелігін ескеріп ауыстырады, ал соңғысы пәндік квалиметрияда көрініс береді. Сонымен бірге, жалпы квалиметрия, арнайы квалиметрия және пәндік квалиметрия өзара байланысы жалпы ерекше және бірегей динамикасын сипаттайды.

Ғылым ретінде квалиметрияның мыныдай статустарын атауға болады:


  • экономикалық;

  • технико-экономикалық;

  • жалпы ғылымдық;

  • жүйелік.

Экономикалық статус тұтынушылық құны және құнының сапа категориясының өзара әрекеттесу политэкономикалық мазмұнымен негізделген. Экономикалық статус позициясынан квалиметрия объектілер және процестер құратын экономикалық қасиеттерді теориялық өлшеу, эконометрия әдістерін қамтиды. Квалиметрияның технико-экономикалық статусы нәтижелік-шығындық тиімділік өлшемдерінде, технико-экономикалық көрсеткіштерде, технико-экономикалық деңгейлерде және т.б. сипатталатын объектілем мен процестердің экономикалық және техникалық қасиеттерін кешенді бағалауға бағытталғандығын сипаттайды.

Жалпы ғылымдық статус сапа категориясының философия-әдістемелік және жалпы ғылымлық функцияларымен анықталады және пәндік квалиметрияның (өнім, техника, еңбек және т.б.) көпшілігін қалыптастырумен расталады.

Квалиметрияның жүйелік статусы оны жүйелі теория ретінде анықтайды. Бұл сапа категориясы құрылымдылық, динамикалық, анықтылық, тәртіптілік – жүйенің барлық негізгі белгілеріне иелігімен байланысты. Сонымен, мұнда бағалауға да, талдауға да, басқаруға да жүйелік тәсілдеме болуы мүмкін.

Сапаны сандық бағалау маркетингтік зерттеуден өндірістен алу туралы шешім қабылдауға дейін өнімнің тіршілік циклының барлық кезеңдерінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін қажет. Сапа квалиметриясы бәсекегеқабілеттілікті анықтауға, сапа және баға байланысын орнатуға, өндіріс процестерінің сапасына талдау жүргізуге, өнімді жетілдіру және шығындарды азайту жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, процестер, жобалар және шешімдер сапасына квалиметриялық әдістер мен тәсілдерді тарату сапаны басқарудың барлық салаларында көп критериялы шешімдердің жақсы нұсқаларын таңдаудың қызмет ететін аппаратын жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет