Кушан империясына кірген жерлерде эфталиттердің мемлекетінің үстемдігі орнайды (V-VІ ғғ.). ІІІ ғасырда Кушан патшалығы құлап, оның орнына екі саяси орталық пайда болады. Үндістандағы Пешаверда және Соғдада. V ғ



Дата25.12.2021
өлшемі11,63 Kb.
#105013
түріҚұрамы
Байланысты:
эфталит


Кушан империясына кірген жерлерде эфталиттердің мемлекетінің үстемдігі орнайды (V-VІ ғғ.). ІІІ ғасырда Кушан патшалығы құлап, оның орнына екі саяси орталық пайда болады. Үндістандағы Пешаверда және Соғдада. V ғ. ортасында Кушан империясының жерінде Эфталит мемлекеті орнайды. С.П. Толстовтың пікірі бойынша, бұл мемлекеттің этникалық құрамы Арал өңірін ертеде жайлаған сақ-массагет тайпалары, түркі тілдес халықтар болса керек деп болжайды. V ғ. аяғында эфталиттер өз үстемдігін Ауғанстанға, солтүстік Үндістанға, шығыс Түркістанға жүргізген. Эфталит мемлекеті халықтарының негізгі шаруашылығы - егіншілік. Үлкенді-кішілі қалалары көп болған. Бұрынғы қалалар үлкейіп, олардың ішінде сарайлар, бекіністер салынған. Ұлы Жібек жолын эфталиттер бақылап отырған. Эфталит мемлекетінің ішінде феодалдық қатынастардың кеңірек орын ала бастағаны байқалады. VІ ғ. ортасында Эфталит мемлекеті өзінің ішкі күйзелісінің нәтижесінде құлап, ол бөлшектеніп, оның орнына қайта феодалдық мемлекеттер пайда болды.

Жоғарыда қысқаша тоқталып өткен құлиеленушілік мемлекеттер Орталық Азияның оңтүстік, шығыс және батысында пайда болып, олардың негізгі орталығы Әмудария мен Сырдарияның алқаптарында, яғни Тұран ойпатында шоғырланған. Бұл аймақтың табиғи-географиялық ерекшелігіне байланысты, аборигендер қолдан суару арқылы егіншілікті дамытқан. Б.з.б. VІІ-VІ ғғ. Тұран ойпатындағы тұрғындардың шаруашылығы көп салалы болып, онда құлдарының күші кең пайдаланылған. Әмудария мен Сырдариядан ірі-ірі су жүйелерін (каналдарын) қазуда темірден жасалған құралдарды кең көлемде пайдаланған. Осындай жаңа еңбек құралдарының пайдалануы су жүйелерін ұзақ уақыт пайдаланатын ірі су жүйелерін кең көлемде жүргізуге әкелген. Бұндай ірі су жүйелері құлдар күшімен пайда болған.



Сол кездегі соғыстарда жеңген жағы көбірек жеңілген жақтың әскерін алып, олардың есебінен құлдардың санын көбейтіп отырған. Осындай үлкен күштермен қазылған су жүйелерін Хорезм археологиялық экспедициясы Әмудария мен Сырдария алқаптарынан тапты және оларды зерттеді. Осы экспедицияның берген деректерінен үзінді келтірейік. Б.з.б. ІV ғ., б.з. ІІ ғ. өмір сүрген Қаңлы және Кушан құлшылық мемлекеттері тұсында су жүйелерінің қазуына айрықша көңіл бөлінген және бұл жұмысты қарқынды дамытқан. Осы кездерде Әмудария мен Сырдарияның төменгі ағыстарында қолдан суару арқылы егілетін егістің көлемі 3,5-3,8 млн. га болған. Олардың 1,3 млн. га Әмударияның төменінде болса, 2,2-2,5 млн. га Сырдарияның орта, төменгі ағысында орналасқан[1].

Қаңлы мен Кушан мемлекеттері кезінде диқаншылықтың Тұран өлкесінде осынша ен жаюын құлшылық қоғамының айтарлықтай жетістіктері екенін тілге тиек етуіміз керек. Осындай егіншілікке қолдары жеткен халықтар қалаларды, бекіністерді, мәдени орталықтарды салған. Олардың осындай тамаша еңбектерінің арқасында салынған су жүйелері, қалалар мен сарайлар, тұрақты қоныстар осы күнгі Қазақстан Республикасының жерінен кездеседі. Сондықтан да, түріктер, соның бір бөлігі қазақтар құлшылық қоғамды басынан өткермеді деген пікір ғылыми тұрғыдан шындыққа жатпайды. Оны жоғарыдағы келтірілген деректер дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет