Квалиметрия



Pdf көрінісі
бет45/48
Дата17.06.2020
өлшемі0,75 Mb.
#73780
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
treatise8149

Жалпы ұлттық өнім 
Өнімнің  сапасы  ─  бұл  белгілі  мұқтаждықты  қанағаттандыруға  үлкен 
себепші  болатын  өнімнің  пайдалылығының  жиынтық  ерекшелігі  мен 
кəсіпорынның  маңызды  көрсеткіштерінің  бірі  болып  саналады.  Өнімнің 
сапалығы  тек  техникалық,  тауар  тану  ғана  емес,  сонымен  қатар  ең  маңызды 
экономикалық санаты болып табылады. Өнімнің сапасы ─ өндіріс тиімділігінің 
жоғарлауының,  кəсіпорынның  бəсеке  қабілетінің,  елдің  өмірлік  деңгейінің 
өсуінің  маңызды  факторы,  көптеген  əлеуметтік  мəселелердің  шешілуінің 
амалы.  Сонымен  қатар,  ол  қоғамдық  еңбектің  өнімділігінің  өсуіне,  қор 
қайтымына,  материалдық  ресурстардың  үнемделуіне  ықпалын  тигізеді. 
Қоғамдық  қажеттіліктің  өсуі,  ғылыми  техникалық  процестің  жоғары  қарқыны 
сапа мəселесіне күрделі, кешендік мінездеме береді.  
Сапа  ─  бұл  экономикалық  категория,  ол  «тұтынушы  құны», «құн», 
«тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық  қызығушылық»  түсініктерімен 
тығыз  байланысты.  Сапаны  зерттеу  арқылы  сапаның  өндіріс  тиімділігімен 
байланысын,  баға  қалыптасудағы  сапаның  ролі,  еңбек  өнімділігінің 
көрсеткіштерін  анықтау,  өнімнің  өзіндік  құнын  жəне  тағы  басқа  мəселелерді 
түсінуге  болады.  Өнімнің  сапа  деңгейі  оның  салалық  көрсеткіштері  жүйесі 
негізінде  анықталады.  Бұл  деңгейді  анықтау  үшін  мұның  əрбір 
көрсеткіштерінің  сандық  маңызын  білу  жəне  ұқсастық  өнім  көрсеткіштерімен 
салыстыру қажет. 
Өнімнің сапасын басқару ─ сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде 
жобалау – конструкторлық  жəне  өзара  шарттық  талаптарға  сай  келуі  үшін 
пайдаланатын əдістер мен қызметтер жиынтығы. Сапаны басқарудың нысанына 
өнімнің  сапасына  əсер  ететін  процестер  жатады.  Олар  өнімнің  өмір  сүру 
циклының  өндіріске  дейінгі,  өндіріс  сатысында  жəне  өндірістен  кейінгі 
сатыларында  кездеседі.  Өнімнің  сапасын  басқаруды  жетілдіруде  отандық 


 
71
өндірушілердің  алдына  қойылатын  негізгі  мəселелер,  олар:  өнімнің 
сапалылығын  басқару  жүйесіне  маркетинг  қызметі  механизмін  қосу; 
тұтынушыға  жəне  барлық  өндірістік  қызметтерде  сапаны  басқару  жүйесін 
қалай  бағыттау;  өнімнің  өмірлік  кезеңінің  барлық  белестеріндегі  сапаны 
басқару  жүйесіндегі  механизм  əсерлерін  күшейту.  Сапаны  басқару  жүйесін 
енгізу  кəсіпорында  мынандай  міндеттерді  шешуге  мүмкіндік  береді:  жоғары 
сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету; өнім көлемін ұлғайту жəне оны 
сататын  нарықты  (нарықты)  табу;  жоғарғы  бағада  сататын  өнімді  көбейту 
мүмкінділігін  қарастыру;  өнімнің  бəсекеге  жарамдылығы  жəне  қаржы 
жағдайының тұрақтылығы жөніндегі мəселелерді шешу. Нарықтық қатынастар 
дамуы  жағдайында  өнімдердің  сапасын  жақсарту  ─  басқарылатын  процесс. 
Қайта  құру  кезеңінің  алдында  өнімнің  сапасын  жоғарлату  мəселесіне  мүлдем 
көңіл  бөлінбеді  деуге  болмайды.  Өнімді  аттестаттау,  стандарттау,  оны 
бақылаудың əртүрлі əдістері болды, бірақ тамақ өнеркəсібінде сапаға ықпал ету 
мүмкіндіктері  локальды  болды,  комплекстік,  логикалық  қорытындылаумен 
ерекшеленбеді.  Нарықтық  қатынастар  жағдайында  өнімдер  сапасының 
жоғарлауының  бағыттылығы,  экономиканың  дамуының  құрама  элементі,  ал 
жоғары  сапаға  жету  ─  өндірістік  жəне  əлеуметтік  сферадағы  қайта 
қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады. Бірақ қазіргі уақытқа 
дейін  өнім  сапасын  жоғарлату  мəселесіне  айтарлықтай  көңіл  бөлінбеді, 
тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке 
орай,  өндірушілердің  өздері  шикізаттың  сапасына  емес,  ең  алдымен  табысты 
жоғарылатуға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді. Сонымен қатар, сапасы 
төмен  өнімдер  импортының  өсуі  байқалып  келеді.  Қазіргі  таңда  Қазақстанда 
көптеген  өнімдердің  сапасы  еуропаның  жəне  əлемдік  стандарттардан  едəуір 
артта  қалған.  Өнім  сапасын  жоғарлату  өнеркəсіптік  кəсіпорындар  үшін  де  өте 
маңызды,  өйткені  жоғары  сапалы  өнім  тек  қана  сапасы  жоғары  шикізаттан 
өндіру мүмкін. Қойылған мақсатпен байланысты келесі мəселелер анықталады:  
Өнім  сапасы  категориясының  мəнін  жəне  оның  нарықтық  экономика 
жағдайындағы пайдаланудың ерекшеліктерін зерттеу; өнімнің сапасын басқару 
жүйесінің  құрама  элементтерінің  əдістемелік  тəсілдерін  анықтау;  зерттелетін 
аймақта  қазіргі  жағдайдағы  өнім  сапасын  басқару  мəселелерін  жəне  оның 
бəсеке  қабілеттілігін  талдау;  теориялық  жəне  тəжірибелік  материалдарды 
анықтау  жəне  өнім  сапасын  басқару  механизмдерін  жетілдіру  бойынша 
ұсыныстар  беру;  ұсынылған  шараларды  енгізуден  болатын  экономикалық 
тиімділікті  анықтау.  Өнім  сапасын  жоғарлату,  оның  жоғары  деңгейіне  жету  ─ 
шаруашылық  механизмнің  жетілдірудің,  өндіріс  тиімділігін  арттырудың 
маңызды  элементі,  сонымен  қатар  оның  анықтаушы  аргументі  сапаны 
басқарудың  нақты  механизмсіз  жоғары  сапаға  жетуге  мүмкін  емес  болып 
табылады.  Халықаралық  жəне  отандық  тəжірибе,  сонымен  қатар  халықтың 
төмен төлемқабілеттілігімен сипатталатын Қазақстан нарығын зерттеу негізінде 
зерттеуші  сапаға  тұтынушы  өміріне  қауіпсіздік  мақсатымен  сəйкес  келетін 
мемлекет  талаптарын  анықтайтын  тұтынушы  параметрлерінің  жиынтығы 
ретінде қарайды. Нарықтағы əрбір тауар тұтынушымен бағаланады, ең алдымен 
бұл  ─  сапаның  жеке  жəне  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыратын 


 
72
деңгейі. «Өнімнің  сапасы»  түсінігінің  объективтік  трактовкасы  сапаны 
жақсарту  мəселесін  қоғамдық  өндірістің  тиімділігін  жоғарлату  жəне 
қорытынды  жақсы  қаржылық  көрсеткіштерге  жету  мəселесін  шешумен 
байланыстыруға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар,  бұл  өнім  сапасы  мəселесін 
нарықтық қатынастардың дамуының жəне өнім сапасын əлемдік стандарттарға 
бағыттануы  жағынан  қарастыруға  мүмкіндік  береді.  Еуропалық  сапа  ұйымы 
(ЕСҰ) 
сапа 
түсінігін 
кеңірек 
қарастырады. 
Тұтынушылар 
жəне 
халықшаруашылық  көзқарас  тұрғысынан  жоғары  технологиялық,  эстетикалық 
қасиеттерімен  қамтамасыз  ету  ғана  емес,  сонымен  бірге  оның  өндіруіне  жəне 
тасымалдауына  аз  шығын  кетіру  маңызды  болып  табылады.  Яғни,  өнім 
сапасының оптималдық деңгейі бұл ─ аз қоғамдық еңбек шығынмен жасалған 
белгілі  бір  қажеттіліктерді  қанағаттандыратын  оның  барлық  қасиеттерінің 
жиынтығы. 
Белгілі 
бір 
қажеттіліктерді 
толығымен 
қанағаттандыру 
позициясынан  өнім  сапасын  жоғарылату  мəселесін  зерттеу  өнім  сапасы  жəне 
өндіріс тиімділігін талдауды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет