Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі34,75 Kb.
#118603
1   2
Байланысты:
іс әрекет
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі.
Выготский Л. С.

Іс-әрекет түсіндіруші қағида ретінде

Іс-әрекет зерттеу пәні ретінде

Іс-әрекет категориясының функциялары


2.А.Н.Леонтевтың психологиядағы іс-әрекет мәселесі
Кеңес псиологы, психология ғылымдарының докторы, профессор. XX ғасырдың 20-жылдары Л.С.Выготский және А.Р.Луриямен бірлесе отырып, тарихи-мәдени теорияны талдап, жоғары психикалық функциялардың механизмін ашатын (соның ішінде жорамалдық-жанама әрекеттердің формаларының ішкі психикалық процестерге ауысуын) бірқатар эксперименттік зерттеулер жүргізеді.
Соңғы жылдары кеңестік психологияның әр түрлі салалары мен қолданбалы зерттеулерінің қарқынды дамуы байқалып отыр. Осылай бола тұрса да, жалпы психоло-гияның теориялық мәселелеріне әлдеқайда аз назар аударылуда. Сонымен бірге кеңестік психология маркстік-лениндік философияның негізінде қалыптаса отырып, психиканы танудың негізінде жаңа тәсілін ұсынып, алғаш рет психологияға жете зерттеуді қажет ететін бірқатар маңызды дәрежелерді (категорияларды) енгізген болатын.
Осы дәрежелердің ішінен маңызды мәнге ие болатыны — іс-әрекет дәрежесі. К.Маркстың Фейербах жайлы айтқан әйгілі тезистерін еске түсірсек, бұрынғы мета-физикалық материализмнің басты кемшілігі оның сезгіштікті адам іс-әрекеті, тәжірибесі ретінде емес, сырттай байқап қарау формасы ретінде қарастыруы; әрекеттік жақ материализмге қарама-қарсы идеалистік түрғыда дамыды, дегенмен адамның шынайы сезгіштік іс-әрекеті ретінде емес, оны дерексіз ұғынды.
Бүкіл маркстік психологияға дейінгі хал-жай нақ осылай болатын. Алайда марксизмнен тыс дамып келген қазіргі заман психологиясында жағдай бұрынғы қалпында қалған. Онда да іс-әрекетке идеалистік тұжырымдама тұрғысында, өзінің жалпы бағытында материалистік, табиғи ғылыми тұжырымдамасында туған дене құрылысы икемделген және үйретілген енжар субъективтің сыртқы әсерге жауабы ретінде қарастырылады. Бірақ нақ осы жағдай психологияны табиги-ғылыми психологияга, жан туралы гылым психологиясына, бихевиористік психологияга және де (менталисгік) психологиясына бөлінуге әкеліп отыр. Осыған байланысты психологияда пайда болған дагдарысты құбылыстар өлі күйге дейін сақталып, олар енді туңғиыққа кетіп, айқындығы аз түрлерде көрінуде. Психологияны нейрофизиологиямен, кибсрнетика және логикалық-математикалық пәндермен, әлеуметтанумен және мәдениет тарихымен байланыстыратын пәнаралық зерттеулердің қарқынды дамуы бүгінгі таңдағы психология ғылымының іргелі әдіснамалық мәселелерін өзінен-өзі шешпейді. Осы мәселелердің шешілмеуі физиологиялық, кибернетикалық, логикалық немесе әлеуметтік қауіпті ығыстырып, алға басу бағытын күшейтіп, психологияның өз пәні мен өзінің ерекшелігін жоғалту қаупін төндіреді. Сонымен бірге әр түрлі психологиялық бағыттардың қақтығыс жағдайын теориялық алға басудың айғағы бола алмайды. Мәселен, бүгінде қаймықпайтын бихевиоризм өз орнын ымырашыл жаңа биховиоризмге (немесе кейбір авторлардың айтуы бойынша, «субъективті бихевиоризмге»), гештальдық — жаңа гоштальттыққа, фрейдизм — жаңа фрейдизмге және мәдени антропологияға беріп отыр. Америкалық авторлардың қарама-қайшы көзқарастарының бірігуі («эклектикалық») ұғымның мотивн асыра мадақтаумен болған эклектикәльтқ көзқарастар ешқашан да табысқа жетпеген. Психологиялық фактілердің табылуы мен жалпы қорытындылай әр текті жинақтарды ғылыми топтастыруға болады, әрине, оған жалпы түрде түптеу арқылы оларды жай ғана біріктіру жолымен жатқызу мүмкін емес. Психология ғылымы иық тұруы үшін ол психологиялық тұжырымдамалық құрылыстық әрі қарай жете зерттелуін, жаңа ғылыми теорияларды іздестіруді талап етеді.
Бағыттардың әр түрлілігіне қарамастаи, әдіснамалық тұрғыдан қарағанда, олар ортақ бір нәрседен тұрады, яғни олардың талдаудың екі мүшелі схемасынан шығатындығы: субъектінің қабылдауына (рецептивтік) жүйесіне әсер етуі -> объективті және субъекивті жауаптың тууы — әсерден шығарылған құбылыс. Схема екі тармақтан тұрады: субъективті рецептивтік жуйесіне әсер етудің нәтижесінде пайда болатын объсктивті және субъективті. Бұл схема өткен ғасырдағы психофизика мен физио-логиялық психологияда классикалық айқындылықпен көрініс тапқан болатын. Сол кезде қойылган басты міндет — сана элементтерінің оларды тітіркендіретін шамаларға тәуелділігін зерттеу болатын. Кейін бихевиоризмде, яғни мінез-құлқын зерттеуде үйлестіріліп, екі мүшелі схсма әйгілі К формуласынан тура көрінісін тапты.
Бұл схеманың қанағаттандырмауы субъектінің заттық іс-әрекетінің ақиқат байланысьның жүзеге асуындағы сол мазмұнды процестің зерттеу ауқымынан шығып қалуында болып отыр. Субъект іс-әрекетінің мұндай дересіз түсінігін тек қарапайым психофизиологиялық тетіктерді зерттеу мақсатын қоятын лабораториялық эксперименттердің тар шегінде ғана ақтайды. Бірақ осы шектен шыға қалсақ, онда сол сәтте оның қанағаттанғысыз екендігі мәлім болады. Бұрынғы зерттеушілердің психологиялық фактілерді белсенді апперцепция, ішкі ұмтылыс т.б. сияқты ерекше күштердің араласуымен түсіндіруі де осыдан. Яғни тек ондағы идоализмнен адастыру болса да, субъектініп іс-әрекетіне өтуі,көрінсді.
Психологияда талдаудың екі мүшелі схемасын құруға және тікелей сипаттауды керек етпейтін жорамалға (постулатқа) байланысты туындап отырған қиыншылықтар оларды жеңу талпыныстарын өршіте түсті. Сол фактіні анықтауда осындай талаптардың бір жолмен жүргізілуі езгінің көрінісін тауып, сыртқы әсерлердің тиімділігі субъектінің оларды өзінше түсінуіне, оның ішкі күйін сипаттайтын психологиялық аралық ауысуларға байланысты {Е.Ц.Толмен жәнет.б.). Кезінде: «сыртқы себептер ішкі жағдайлар арқылы әрекет етеді» деген С.Л.Рубинштейн осыны формулада көрсеткен болатын. Әрине, бұл формула ешбір талас тудырмайды. Алайда, егер субъектінің ішкі жағдайы ретінде оның сыртқы әсерге душар болған ағымындағы қалпы түсіндірілсе, онда бұл 5н>К схемасына ешбір жаңалық әкелмейді деген сез. Өйткені тіпті тірі объектілер де өздерінің күйі өзгерген сәтте басқа объектілермен өзара әрекетінде әр қилы өзгешеліктер байқатады. Ылғал, жұмсақ топырақтағы із — анық, ал құрғақ, топталған топырақта көмескі көрінеді. Мұны жануарлардың да, адамдардың да әрекетінен айқын байқауға болады. Мәселон, аш жануар тоқ жануарға қарағанда, азық-түлік тітірксндіргіштеріне өзгеше реакция білдіруі мүмкін, тиісінше, футболға қызығатын адам, оған немқұрайлы қарайтын адаммен салыстырғанда, ойынның кезектегі жарыс нәтижелерін басқаша қабылдауы мүмкін. Аралық айқындалулар түсінігіне енгізілуі мінез-құлық талдауын байытқанымен, жоғарыда айтылғап сипаттауды керек етпейтін жорамалдың (постулаттың) туралығын алып тастамайды. Өйтксні айналулар тек сол субъектінің ішкі күйінс тиісті аралық болып есептеледі. Бұл мәселе «дәлслдеуші факторларға» — қажеттіліктер мен құмарлықтарға да қатысты. Бұл факторлардың рөлі алуан түрлі бағыттарда: бихевиоризмде, К.Левин мектебінде және тереңдетілген психологияда зерттелді. Бұл бағыттардың жалпы мотивация мен оның рөлдерін түсінудегі көзқарастары әр түрлі болганымсн, мотивацияның, іс-әрексттіц объективті шарттарына, сыртқы ортаға қарама-қарсы қойылу жағдайы өзгсріссіз сақталып отырды.
Ерекше айта кететін жайт — мәдениеттану жағынан қарастырылатын мәселелерге айтып берген жөн. Бұл бағыттың негізін салушы Л.Уайт’ қоғам мен индивид мінез-құлқындағы құбылыстардың мәдени детерминация деген ой-пікірін дамытқан болатын. Адам мен адамзат қоғамының пайда болуы мынаған әкеледі, ең алдымен, тірі дене мен ортаның арасындағы тура, табиғи байланыс, материалдық өндірістің негізінде дамитын жанама мәдениетке әкеліп соғады. Оньң үстіне, модопиот индивидтср үшін сөйлеу белгі-символдар арқылы берілетін мопдср түріндс көрінеді. Осығаи сүйснс отырып, Л.Уайт3 адам мінсз-құлқының уш мүшслі формуласын ұсынады: адамның дене құрылысы х мәдени ынталандырулар -мінсз-құлық.
Бұл формула тікелей сипатталмайтын жорамалды игсруде алдану туғызады да, одан. схемасы шығады. Алайда осы схемаға белгілер жүйесімен қатыстырылған мәдениеттің аралық звеносы ретіндс снгізу психологиялық зерттсулер сананың қоғамдық және даралық құбылыстарьның шеңберінде сөзсіз болатын түйықталуға әкеледі.
Жай ғана ауыстыру жүрсді: заттар дүниесінің орнын қоғам өндірген таңбалар, моәндер дүниесі басады. Сонымен, біз қайтадан екі мүшелі 5->К схемасына оралып отырмыз. Тек мүндағы стимул енді мәдени стимул ретінде түсіндірілсді. Бұл идея Л.Уайттың кейінгі формуласънда көрініс табады. Бұл формула арқылы Л.Уайт адам мен жануарлардың психикалық реакцияларының детерминациясындағы өзгешеліктсрді байқатуға тырысады
Дюркгеймнен басталатын психологиядағы әлеуметтік тұжырымдамалармен салыстырғанда, қазіргі американдық мәдениеттану өзінің супрапсихологиялық және супраәлеуметтік заңдарымен дамитын континиумды қалыптастыратын адамға зор ықпалы бар экстрасоматикалық объектілерді ғана біледі (бұл мәдениеттануды ғылым етіп жасайды). Міне, осы мәдениеттанушылық тұрғыдан қарастырғанда, индивидтср каталитикалық себептер мен мәдени процестердің ортасының көрінісі болып табылады. Тікелей жорамалды шешуде кері байланыс арқылы мінез-құлықты реттеугс негізделген жаңалықты Н.Н.Ланге тұжырымдаған.
Адамның күрделі-қимыл процестерін зерттеу бойынша жүргізілген алғашқы жұмыстар кері байланысы бар рефлекторлы сақинаның рөлін көрсетіп, алуан түрлі құбылыстардың механизмдерін жаңаша түсінуге мүмкіндік берді. Осы тұрғыда Н.А.Бернштейннің жұмыстары аса құнды екенін айтып кеткен жөн.
Отызыншы жылдардан бергі жүргізілген ең алғашқы зерттеулерден соң, басқару және ақпарат теориясы бүкіл тірі және өлі жүйелердегі процестерді қамтитын жалпы ғылыми мәнге ие болып отыр.
Соңғы жылдары қалыптасқан кибернетика түсініктерін психологтардың көпшілігінің мүлдем жаңа үғым ретінде қабылдауы қызығушылық тудырады. Олар психологияда қайтадан жаңғырған секілді. Тіпті кейбір кибернетикалық тәсілді ұстанған жігерлілердің пайымдауынша, осындай түсініктердің пайда болуы тегіс қамти алатын психологиялық теорияның жаңа әдіснамалық негізінің ақыры табылғандығын айтады.

Л. С. Выготский зерттеулеріндегі іс-әрекет бағытының негізделуі
Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясының негізгі идеялары іс-әрекет бағыты дамуының ағымы ретіндегі гылыми мұраларын талдау В.В.Давыдов, Л.С.Радзихов, Н.Ф.Талызина зерттеулерінде неғұрлым толық ұсынылған. Олар Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығында іс-әрекет басты орын алатынын және «…өзінің мәні бойынша бұл психологиялық теорияны іс-әрекет бағыты аясындағы толыққанды бағыт ретінде қарастыруға болатынын көрсетті». Олардың пікірінше, іс-әрекет бағыты ретіндегі Л.С.Выготскийдіц теориясының негізгі идеяларына мына жағдайларды жатқызуға болады:
Адамдардың практикалық іс-әрекетінің психология үшін маңыздылығы;
Сананы еңбек іс-әрекетімен тығыз байланыста қарастыру;
Психикалық процестердің (олардың генезисі мен адамзаттың тарихи дамыған құралдық, заттық-практикалық іс-әрекетінің себептендіруі туралы теориялық жағдайларды жасау. Л.С.Выготскийдің атап көрсетуінше, психика еңбек іс-әрекетімен себептендіріледі және заттық-практикалық іс-әрекет психиканы себептендіретін ақиқат болып табылады. Психиканың іс-әрекеттік себептерінің тезисі Л.С.Выготскийдің ғылыми шығармашылығының негізгі түйіні болып табылады.
Психиканың іс-әрекеттік себептенуі туралы тезис мазмұнының нақтылануы. Іс-әрекеттік себептендірілу сыртқы (еңбек) іс-әрекеті мен психикалық қызмет (психологиялық құралдар болжамы) құрылымында ұқсастықтардың болуын жорамалдайды, яғни еңбек іс-әрекеті мән психикалық процесстер құрылымында принципті ұқсастықтар бар: «Еңбек
процесі — психологиялық процесстер», «еңбек құралдары — психологиялық құралдар» ұғымымен ұқсас.
Психикалық қызметтер мен еңбек іс-әрекетінің ұқсастығының құрылымы мен гонозисінле құралдық жанамалану кезеңі қатысады. Себептендірілу онто және филогопез барысындағы жанамалау механизмі
ретінде түсіндіріледі. Себептендіру өткізгіштері — адамның тарихи іс-әрекетінің өнімдері, белгілік, коммуникациялық жүйе сияқты психологиялық құралдар болып табылалы.
Іс-әрекетте тарихи дамушы адам психикасының генезисі мен құрылымының лоторминациясы жанама сипатқа ие, белгілер — жанамалау механизмдерінің бірі.
Писхиканың психологиялық құрал = белгілер мен іс-әрекеттік себептендіруінің жанама сипаты
Псиологиялық құрал белгілер арқылы өтеді (Психологиялық құралдар
еңбек кұралдарымен

Жоғары психикалық функциялар



ұқсастықта бөліп шығарылады)
Л.С.Выготскийлің бар күш-жігері іс-әрекет категориясы мен психологиялық теорияны түсіндіруші иринципі ретінде бекітуге, яғни іс-әрекеттіің бірінші әдіснамалық қызметін зерттеуге бағытталды.
Іс-әрекет дербес зерттеу пәні ретінде, яғни іс-әрекеттің екінші әдіснамалық қызметі ретінде Л.С.Выготскийдің шығармашылығында қойылғанымен, жетілдірілген жоқ.
Іс-әрекет бағыты дамуы бағдарларындағы Л.С.Выготский мен оның ізбасарлары көзқарастарындағы алшақтықтар
Жалпы психология ғылымындағы іс-әрекет бағытының дамуында екі бағдарды бөліп шығаруға болады.
Бірініші бағдар психика дамуының белгілік-рәміздік жүйесімен (Л.С.Выготский), екіншісі — психика дамуының іс-әрекеттік жүйесімен (Л.Н.Леоньтев, А.Р.Лурия т.б.) байланысты. Л.С.Выготский іс-әрекет бағытының негізін қалаушы бола отырып, өз зерттеулерінде іс-әрекеттің бірінші әдіснамалық қызметіне, дәлірек айтқанда, іс-әрекетті жалпы түсіндіруші принцип ретінде ерекше назар аударды. Ол өзінің жоғары психикалық қызметі туралы психологиялық теориясын адамның практикалық іс-әрекеті категориясын индивидуалдық категория ретінде пайдалана отырып жасап шығарады.
Бұл категорияларды «психологияландыру» мен «дараландыру» мәселесін шешуде және оны психологиялық зерттеу пәніне айналдыруда іс-әрекет бағытының негізін салушылардың бірі — Л.С.Выготский мен іс-әрекет мәселесінің басқа да көрнекті зерттеушілерінің, соның ішінде оның ізбасар шәкірттерінің көзқарастары алшақтады.
Л.С.Выготский психикалық қызмет генезисінің негізі болып табылатын психологиялық құрал немесе белгі идеясын дамыта отырып, адамзаттың тарихи дамушы заттық іс-әрекетінің «психологияландыру» құрал ретінде кез келген жоғары психикалық қызмет бастапқыда интерпсихологиялық, тек кейіннен интрапсихологиялық сипатта болады деген тезисті тұжырымдады. Онтогенездегі психикалық қызметтердің мәдени-тарихи (белгілер) жанамалануы арқасында төменгі психикалық қызметтер негізінде пайда болады.
Л.С.Выготский интерпсихикалықтың интрапсихологиялыққа айналу процесін қарастыра отырып, жоғары психикалық қызметтер генезисі мен адамдар қарым-қатынасындағы белгілерді пайдалану арасындағы байланысты негіздеді. Л.С.Выготский еңбектерінде негізінен белгі және белгілер жүйесі идеясы іс-әрекет түсіндіруші принцип ретінде қарастырылды.
Л.С.Выготскийдың шәкірттері А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия және т.б. психологиядағы іс-әрекет бағытын жетілдіре отырып, іс-әрекеттің екінші әдіснамалық, дәлірек айтқанда, іс-әрекет зерттеу пәні ретіндегі қызметіне ерекше назар аударды.
Олар да, Л.С.Выготский секілді, іс-әрекетті түсіндіруші жағынан көрді, алайда белгі және белгілер жүйесін іс-әрекет мәселесі аясында қарастырған жоқ. Іс-әрекетті зерттеу пәні ретінде қарастыруда А.Н.Леонтьев және т.б. жеке-дара іс-әрекет идеясын жасады. Мұнда іс-әрекеттің жеке-дара категория ретіндегі «психологияландыру» мәселесі шешілді.
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет психологиясының концептуалды жүйесінде іс-әрекет адам психикасына әлеуметтік және тарихи бағыт тұрғысынан қарастырылады.
Психика дамуының іс-әрекеттік жүйесін жасай отырып, ол іс-әрекетті психикалық өмірдің негізгі процесі ретінде айқындап, оның құрылымы мен жалпы құрамы мәселелерін шешті.
Іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасаудың негізгі бағыттары мен мәселелері
XX ғасырдың басында Л.С.Выготский психологиядағы іс-әрекет бағытының нобанын белгіледі. Бұл кезде психотехниктер (еңбек психологиясының мамандары) еңбек іс-әрекеті түрлерінің профессиографиялық мазмұнын жетілдіріп, адамның еңбекке кәсіби жарамдылығы мәселелерін шешуге талпыныс жасады. Олар еңбекті еңбек іс-әрекеті ретінде қарастырды, бірақ олар бұдан психологияда жаңа пайда бола бастаған іс-әрекеттік бағытпен еш байланысты көрмейді.
XX ғасырдың ортасында С.Л.Рубинштейн психологиядағы субъектілік-іс-әрекеттік бағыт идеялар жүйесін ұсынып, дамытты. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын жасап шығарды.
Еңбек психологиясының мамандары Н.Д.Левитов, Ю.Б.Котелова, К.К.Платонов және басқалары еңбекті оның психологиялық компоненттері жағынан қарастыра бастады. Еңбектің кәсіби еңбек іс-әрекет ретіндегі индивидуалды тұлғалық және әлеуметтік тұлғалық мәселелері қозғалды. Адамның еңбекке, еңбектің адамға, еңбектегі тұлғаның тұлғаға бейімделу мәселелері қойылды.
XX ғасырдың соңғы ширегінде Б.Ф.Ломов психологиядағы іс-әрекетті зерттеуде жүйелі әдіснаманы қолдану қажеттігін негіздеді. XX ғасырдың соңы іс-әрекет мәселесіндегі үш ғылыми мектептің маңызды үлесімен белгіленеді.
В.Д.Шадриков іс-әрекетті зерттеудегі жүйелік бағытты дамыта отырып, кәсіби іс-әрекеттің системогенезінің психологиялық теориясын жасайды және индивидуалды іс-әрекет пен қатынастар психологиясы мәселесін жаңаша қойды.
Психологиядағы субъектілі — іс-әрекеттік бағытты дамытушы А. В. Брушлинский іс-әрекет теориясын жасады. Мұнда әрекетке процесс ретінде, оның тұтастығына, субъектінің интегралдығы мен бірлігіне ерекше назар аударылды. Е.А.Климовтың іс-әрекет теориясын жасаудагы маңызды ғылыми үлесі еңбекке адам іс-әрекетінің әлеуметтік маңызды өнімі ретінде, адамға еңбек субъектісі ретінде бағытталды; еңбектің психологиялық белгілерін бөліп шығару және еңбекті жеке адамның кәсіби айқындалуы мәселелеріне байланысты жіктеу болып табылады.
Адамтану жүйесіндегі іс-әрекет бағытын Б.Г.Ананьев жасады. Ол адам іс-әрекетінің түрлерінің иерархиялық жүйесін айқындап, іс-әрекет субъектісі туралы бөлшектенген түсінікті енгізді. Оның ұйымдасуындағы тұлғалық және иидивидтік сипаттар арақатынасты «полярлы» және «молекулярлы» деңгейлерге бөледі. Психологиядағы іс-әрекет бағытына байланысты негізгі мәселелік жайттарды төмендегіше бөлуге болады:
Іс-әрекет категориясының психологиядағы басқа да категориялармен өзарақатынасы.
Іс-әрекет түрлерінің табиғаты мен арақатынасы.
Іс-әрекет және шығармашылық, іс-әрекеттегі шығармашылық, іс-әрекеттің адамның шығармашылық мүмкіндіктерін ашудағы ішкі байланысы.
Жеке адамның іс-әрекетінің басталуы.
Іс-әрекет және мінез-құлық.
Іс-әрекеттен еңбек түрлерінің пайда болуы мен өсуі.
Зерттеу мен практикалық тапсырмаларды шешуде іс-әрекет ұғымдарын пайдалану.
Іс-әрекет бағыты нұсқауларын салыстырмалы талдау.
Оқу іс-әрекет ретінде.
Қарым-қатынас іс-әрекет ретінде.
Жеке-дара және бірлескен іс-әрекет.
Іс-әрекет және өмірлік іс-әрекет.
Танымдық процестердің іс-әрекеттік табиғаты.
Тұлғааралық қарым-қатынастың іс-әрекеттік жанамалануы.
Іс-әрекеттегі биологиялық пен әлеуметтік арақатынас.
Ойлау мен оқытуды компьютерлендіру мәселелеріне пайдалану үшін іс-әрекет бағытын жетілдіру.
Іс-әрекет бағытының дербес бағыты ретінде сана мен іс-әрекет бірлігі принципінің нақты эмпирикалық түрі аталады.
Қорытынды
Іс-әрекетті теориялық зерттеудің үшінші кезеңінде, оның сондай маңызды болып келетін саналылық деген сапасын зерттеуіне кірісуге болады. Ол іс-әрекеттің өзінің қарама-қарсы трансформацияларында оның қажетті кезеңі ретінде көрінеді.
Үлгілілік сананың негізі бола отырып, тілдік мағыналар жүйесімен тығыз байланыста. Тіл деген «іс жүзінде басқа адамдар үшін бар және тек сол арқылы мен өзім үшін де бар болатын, нақты сана болады..». Адамдардың сөз сөйлеулері — олардың сөйлеу әрекеттестігінің қоғамдық оқиғасы. Әрбір адам сөйлеген сөзін құрастыруға өз тыңдаушыларының көзқарастарын, сенімдерін, ұнататын және ұнатпайтындарын ескеруге ұмтылады. «Сөйленетін сөздер сол қарым-қатынас саласында, тап сол мәселеде, тап осы істе және т.б. қандай да бір белгілі позицияны ұстанады. Басқа позициялармен арақатынасын белгілемей, өз позициясын анықтауга болмайды».
Жеке адамның санасында дәл қажеттіліктер, қызығушылықтар, белгілі қоғамдық қатынастарға кіретін және сол жеке адаммен бірге сол немесе басқа біріккен іс-әрекетке қатысатын басқа адамдардың позициялары идеалды түрінде көрсетілген (оның ішінде жеке адамдар әр түрлі заттық және сөйлеу қарым-қатынас түрлерін жүзеге асырады). Жеке адамның жеке меншікті іс-әрекеті оның санасында идеалды түрінде ұсынылады, басқа адамдардың позицияларын ескере отырып, ол жоспарлана және бағалана алады. Басқаша айтқанда, сол бір адам, сонымен қатар белгілі қоғамдық қатынастардың өкілі ретінде шығып, қоғамдық адам сияқты іс істей бастайды. Бұл сапа ерекшеліктері адам перцепциясы деңгейінде, оның тікселей сырттай қарауында білінеді. «Затты адам сияқты көріп білу, — Э.В.Ильенков жазғандай, — оны «басқа адам көзімен» басқа барлық адамдардың көздерімен көріп білу дегенінің мәні «тайпасының…» өкілетті өкілі ретінде тікелей сырттай қарау актісінде алға шығу».
Жүйелі белгіленіп қойылған үш іс-әрекеттің теориялық зерттеу кезеңдері оның мазмұнын және құрылымын олардың маңызды да ажырамас идеалдық және саналылық сияқты сапаларымен айқындауға мүмкіншілік туғызады. Монистік психологиялық теория жасау жолында негізгі іс-әрекет ұғымы бойынша шешілмегеп көптеген мәселелер пайда болады, егер адам зерттеуінде әр қадам мен іс-әрекеттік әдіс-амалдың мүмкіндіктерін және талаптарын басшылыққа алса, онда олар припципінде шешілген бола алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет