Ландшафттану физикалық географияның саласы ретінде: зерттеу нысаны мен мәні, зерттеу әдістері. Ландшафттану


Ландшафттық карталаудағы биіктік ландшафттық белдеулік



бет9/17
Дата11.07.2020
өлшемі55,48 Kb.
#75097
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
шпооор Ландшафттану

Ландшафттық карталаудағы биіктік ландшафттық белдеулік.

Тау беткейлерініц көрінісі де ландшафт айырушы фактордың рөлін аткарады. Күнгей беткейге күн сәулесі көп түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді, жылу мен ылғал баланстарының ауыткуы артады да, ландшафтысы аридті багытта, ал теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылгал балансының артуына байланысты жылу мен ылгал қатынасы үйлесімді болгандыктан,



10

ландшафаысы гумидті бағытта дамиды. Тау беткейлері көрінісінің айырмасы қоңыржай белдеуде гана айқын байқалады, ал ыстық және суық белдеулерде онша жақсы байқалмайды. Ыстық белдеуде күн сәулесі жер бетіне 66-90 градус бұрышпен түскендіктен, қарсы беткейлердің жылу балансында айырма болмайды. Суық белдеуде күн көкжиектен онша биікке көтерілмейді, сондықтан одан келген жылу мөлшері мардымсыз болады. Осыған байланысты қарсы беткейлердің жылу балансы айырмасының практикалық мәні жоқтың қасы. Көптеген жагдайда тау беткейлерінің циркуляциялық жэне инцоляциялық әрекеті қатар дамиды. Мүндайда тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқынын арттырып, қарсы беткейлердің ландшафт айырмасы айқындала түседі. Тау жоталарының ландшафт айыру әрекетінің қарқыны тау беткейлерінің еңістігіне де байланысты. Беткейлері жатық, Карпат таулары ландшафтысының айырмашылыгы шамалы. Тянь-Шань тауларынын беткейлері тік, еңіс болғандықтан, етегіндегі жазықтардан тік көтерілген ауа тез суынады да, шық нүктесі белдеуіндегі (1600-2200 м) бұлттылықты, жауын-шашын мөлшерін молайтады. Шық нүктесі белдеуінің үстіндегі ауа құрамында ылғал өте аз болады, ол қарсы беткейге ылгалсыз құргақ күйінде ауысады. Бұл айтылғаннан Тянь-Шань тауларының қарсы беткей ландшафтысының ұқсас қүбылыс болмайтындығын түсіну қиын емес





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет