Латын әліпбиіне байланысты сұрақтар Президент мақұлдаған латын графикасына негізделген әліпби жобасының алдыңғы акутты жобадан басты айырмашылықтары неде?


В әрпін әліпби құрамына енгізу қажет пе?



бет23/24
Дата23.01.2022
өлшемі37,31 Kb.
#113512
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Латын сұрақ жауап (1) (2)
Баяндама Латын, латын баяндама орыс тілінде, 04.05, 1634707827 (1)
38. В әрпін әліпби құрамына енгізу қажет пе?

В әрпіне латын графикасында арнайы таңба алу қажет, себебі В дыбысы бар орыс сөздері және орыс тілі арқылы енген шеттілдік сөздер қазіргі ғылым мен техника, білім салаларының барлығында дерлік кездесетін жиілігі жоғары термин сөздердің қорын құрап тұр: инверсия, вагон, эволюция, вокзал, вирус, вакуум т.б. 14 000-нан астам шеттілдік сөздің 1575-інің құрамында В әрпі бар. Бұлардың барлығын қазақ тілінің фонетикалық игеру заңдылығына салса, Б дыбысы арқылы игеруге болады. Inbersia, bagon, ebolusia, birus деп өзгерту бұл сөздердің мәтін ішіндегі көзшалымға танылуын қиындатады. Демек латын графикалы әліпбиде В дыбысына барабар V таңбасын алған орынды ғой деп ойлаймыз.



39. Әліпбиде Ю, Я әрпі мен Ь, Ъ белгісіне арнайы таңба алынбаған, енді бұлардың емлесі қалай реттеледі?

Иә, бұл әріптер алынып тасталды. Себебі алғашқы екеуі көпқызметті орыс әріптері, олар қазақ сөзінде бірнеше дыбыстың тіркесін білдіреді, Я – ЙА, Ю – ЙУ дыбыс тіркесін таңбалауға жұмсалған. Ал орыс сөздерінде осы қызметімен қатар жіңішке дауыссыздан кейінгі дауыстыны, Я – А-ны, Ю – У-ды таңбалауға жұмсалған. Бұл (ЙА, ЙУ, А, У) дыбыстардың барлығына да латынграфикалы жаңа әліпбиде жеке таңба бар, сондықтан Я мен Ю-ді ерекшелеп тағы таңба алудың басы артық.

Ь мен Ъ – әріптер емес таңбалар, олар орыс емлесіндегі құбылыстарды таңбалауға жұмсалған, атап айтқанда Ь – жіңішке дауыссызды, ал Ъ йотталған (алдында қысқа Й дыбысы бар) дауыстыны таңбалағанда қолданған. Қазақ тілінде дауыссыз жіңішке болмайды, ал Й-дің арнайы таңбасы бар, сондықтан бұларға жеке әріп алу қажет емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет