Лекция № Кәсіби бағдар кешенді ғылыми пән ретінде


Лекция № 2. Кәсіптік бағдар берудің даму тарихы



бет2/14
Дата27.11.2022
өлшемі195,4 Kb.
#160060
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Кәсіби диагностика негіздері пәнінің лекция жинағы

Лекция № 2. Кәсіптік бағдар берудің даму тарихы.
Кәсіптік бағдар болашақ жұмысшының өзін — өзі кәсіби тұрғыдан анықтауды жүзеге асыруға бағытталған әрекет немесе білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық – физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беружәне кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру.
Алғашқы кәсіптік бағдар лабораториялары 1903 жылы Страсбург қаласында (Франция ) және 1908 жылы Бостонда ( АҚШ ) пайда болды.
Алғашқы кәсіптік бағдар беру қызметтерінің келіп шығу себептері:
өнеркәсіптің қарқынды өсуі;
адамдардың ауылдықжерлерден жұмыс және жақсы өмір іздеу мақсатында қалаға жаппай көшуі;
жұмыс іздеу және таңдау проблемалары;
жұмыс берушінің өзіне ыңғайлы адамдарды таңдау мәселелері.
Адамдардың көпшілігінде таңдау еркіндігі пайда болуына байланысты арнайы мамандар көмегі мен кеңесіне қажеттілік туындады. Міне осы қажеттілік кәсіптік бағдардың келіп шығуына негізгі психологиялық себеп болды.
Жұмыс «іздеу» бойынша алғашқы қызмет Ресейде 1987 ж. пайда болды.Ол кезде кәсіп таңдаудың әдеттегі 4 варианты болды:
отбасылық дәстүр бойынша;
кездейсоқ, ойланбастан таңдау;
қабілеттілігіне қарай таңдау;
есеппен таңдау жасау.
Ресейде кәсіптік бағдар ХХ ғасырдың басында өз дамуында мынадай кезеңдерденөтті:
1907-1917 жылдары еркіндіктің шектелуінің арқасында кәсіптік бағдар Ресейде болмады, бірақ оның пайда болуы үшін әлеуметтік-экономикалық, психолого-педагогикалық
және рухани жағдайлар пісіп жетілді.
Советтік Ресейде еңбек проблемалары, еңбекке дайындау, ал кейінірек кәсіптік бағдар марксистік идеологияның маңызды тақырыптарынаайналды. Кәсіптікбағдар проблемалары Харьков қаласындағы Всеукраинский еңбек институтында, Москвадағы Обухов атындағы кәсіби аурулар институтында және басқа мекемелерде өңделе бастады.
1924 ж. майда А.Ф. Кларктың инициативасы бойынша Ленинград миды зерттеу институты алғашқы профконсультация лабораториясы ашылды.
1927 ж. апрель айында Миды зерттеу институтының өтініші бойынша және оның директоры В. М. Бехтерев қолдауының арқасында Наркомтруд осы институттың жанынан КСРО дағыалғашқыпрофконсультация Бюросын ұйымдастырды.
1932 ж. мектептегі кәсіби бағдар проблемаларын зерттеуді үйлестіру бойынша штаб құрылды.
1937 ж. мектепте еңбекке оқыту жойылып, кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар бірден қысқара бастады.
Сталиндік тоталитаризм кезеңінде таңдау еркіндігі мәселелеріменбайланыстыболған кәсіби бағдарға тыйым салынды.
ХХ ғасырдың ортасы мен соңындағы Ресейдегі кәсіби бағдардың негізгі даму кезеңдері.
1950 жылдар соңында мектептегі кәсіби бағдар мәселелерібойынша алғашқы диссертациялар пайда бола бастады.
1960 жылдарда ПҒА жанындағы педагогика тарихы мен теориялары ҒЗИ (НИИ)да (жетекшісі А.Н. Волковский ) кәсіби бағдар тобы құрылды, ал Киевте (жетекшісі Б.А. Федоришин) психология ҒЗИ-да кәсіби бағдар лабораториясыашылды және КСРО педагогика ғылымдары Академиясы жанынан кәсіби бағдар және кәсіптік оқыту Ғылыми зерттеу институты ашылды (жетек. А.М. Голомшток).
1960 жылдардың ортасынан 80 жылдар ортасына дейін кәсіби бағдар зерттемелер деңгейі өте төмендеп кетті.
1984 ж. « жапы және кәсіптік білім беретін мектеп реформасының негізгі бағыттары» қаулысы қабылданды.
1986 жылы жастардың әрі қарай кемелденуіне перспективаларын кәсіби бағдар беретін мемлекеттік профориентация қызметі құрылды.
1991 жылы тамыз айынан басталған демократиялық қайта құрукезеңдеріндегі рпофориентация жағдайлары.
1991 ж. «КР -да халықты еңбекпен қамыту» туралы КР заңы қабылданды (19.04.91.№ 1032-1). Бұл заң бойынша мектептегі кәсіби бағдар мектептен дерлік еңбекпен қамту қызметіне ауыстырылды.1992ж. 10.07.92ж. №3266-1 қаулысы бойынша«Білім туралы» КР заңы қабылданды. Осыдан кейін мектепті, әсіресе, кәсіби бағдар берудіқаржыландыру бірден қысқарды. Мектептегі кәсіби бағдар жойылып, мемлекет жастардың мамандық таңдауына ықпал етуін тоқтатты.
2000 ж. бастап кейбір қалаларда мектептегі кәсіби бағдар беру қызметінің дамуы жәнеөтпелі кезең жағдайларындағы жастарды өзін-өзі анықтауғадайындау мәселелері бойынша белсенді түрде конференциялар өткізіле бастады. Осыдан бастап мектепте кәсіби бағдар беру қайта жандана бастады, дегенмен оның деңгейі әлі де болса бұрынғыдан төмен




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет