Лекция №1 Тақырыбы


Ж үгерімен улану – отравления кукурузой



бет15/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Байланысты:
кож лекция

Ж үгерімен улану – отравления кукурузой. Ірі қара малына көктей шабылған жүгеріні, әсіресе балауыз кезінде, бергенде улану байқалады. Негізгі себебі – жүгерінің құрамында азот қосылыстарының – нитраттардың болуы. Олар көбінесе азотты тыңайтқыштар қолданылған жерге өскен жүгеріде, қуаңшылық жылдары көп болады. Нитраттардың рациондағы мөлшері 0,5 % болғанда қауіпті, ал 1,5 % болғанда мал өлім-жітімге ұшырайды. Улы заттар месқарында ащу процесі бұзылғанда да түзілуі мүмкін деген де болжам бар. Қалай болғанда да, егер месқарында малдың 100 кг салмағына есептегенде 100 г нитраттар болса, мал өліп кетуі мүмкін. Улануға организмде түзілетін күкіртті сутегінің, паракрезолдың, фенолдың, индолдың, скатолдың және т.б. улы заттардың қосымша әсерлері болатыны сөзсіз.
57 сурет Жүгері Уланудың даму процесі жоғарыда қант қызылшасында келтірілген үлгідей.
Өлекседегі өзгерістер. Ауыз қуысының кілегей қабығы қызарып, ісінген. Месқарын жүгерінің бұршағына толы, Ұлтабар қанталап, қабынған. Кеуде, құрсақ қуыстарында қызғылт түсті сұйық. Басқа ағзаларда да қанталап, қабынғаның белгілері анықталады.
Клиникалық белгілеріне қарай жеңіл және ауыр түрлерін ажыратуға болады. Жеңіл түрінде малдың жалпы жағдайы сылбыр, жүргенде артқы аяқтарының қиралаңдағаны байқалады, буындары сыртылдайды. Уланған мал көбінесе жата береді, тұрғызғанда бірнеше ұмтылып барып әрең дегенде тұрады. Азық қабылдамайды, күйіс қайырмайды. Месқарын мен ішектердің жирылулары әлсіз, кейде білінбейді де. Ауызынан сілекей ағады, месқарынның жыны тығыз, кейде қатып қалады. Көзге көрінетін кілегей қабықтары көгерген, тамыр соғысы мен дем алысы жиі. Буаз сиырлардың іш тастауы мүмкін.
Уланудың ауыр түрі жіті түрінде өтеді. Онда орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Әуел баста қозады, артынан салданады. Бұлшық еттері тартылады. Кейде артқы аяқтары қозғалмай қалады. Басын артқа қарай қайырып, аяқтарын созып, тістерін шықырлатып жатады. Тексеруге болатын барлық сезімталдықтары жойылады. Дене қызуы төмендейді, кілегей қабықтары көгереді, сиырлар сүт беруді тоқтатады. Қуық зәрге толы, зәрдің құрамында белоктар, лейкоциттер, эпителий торшалары анықталады. Уланған мал егер уақытында көмек көрсетілмесе, онда 1,5-2 сағаттың ішінде өліп кетуі мүмкін.
Улануды нақтылы анықтау үшін мал туралы жиналған анамнезге, клиникалық белгілеріне және өлекседегі өзгерістерге көңіл бөледі.
Емі. Уланған малға жүгеріні беруді тоқтатады. Месқарынды марганец қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісімен (1:3000) жуады. Кастор майы мен глаубер тұзына ихтиол қосып береді. Венаға 20 % -ды 150-200 мл хлорлы кальций ерітіндісіне 20 % -ды 20 мл кофеинді қосып жібереді. Күніне 2 рет 3 л-ден сиырдың сүтін ішкізеді. Венаға 40 % -ды 150 мл глюкоза ерітіндісін, терінің астына 2 % - 0,5 мл/кг мөлшерінде метилен көгін жібереді. Алдыңғы қарыншақтардың жирылуын қалпына келтіру үшін венаның ішіне 2 мл ақ қорғасын тұнбасын жібереді. рН-ты қалпына келтіру үшін венаға 150-200 мл 2 %-ды соданың ерітіндісін жібереді. Сол ерітіндіні 5 % -ды 2 л мөлшерінде ауыз қуысы арқылы беруге де болады. Венаға 40 %-ды 250-300 мл глюкоза мен 20 %-ды 10 мл кофеинді қосып жібергеннің нәтижесі өте жақсы болады.
Сақтандыру шаралары. Ірі қара малын жүгері бар жерге, әсіресе оның балауыз кезінде жаймау керек. Ашыққан малдардың тез уланатынын естен шығармаған жөн. Шабылған көк жүгерін ұсақтап береді. Азотты тыңайтқыш қолданған жерден алынған жүгеріден дайындалған азықтың құрамындағы нитраттың мөлшерін анықтап отырады. Ондай азықты сүрлемдеген дұрыс. Сүрлемделген жүгеріде бір айдан кейін нитраттардың мөлшері 40-70 %-ға дейін азаятын көрінеді. Жем-шөпті консервлеу әдісі арқылы нитраттарды тезірек жоюға болатын көрінеді.
Ірі қара малын жүгерісі жиналған егістікке жаю да қауіпті көрінеді. Шабылғаннан кейін қалған жүгерінің сабағының түпкі бөлігінде оның құрамындағы нитраттардың 30 %-на дейіні шоғырланады екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет