Лекция №1 Тақырыбы


С үттіген тұқымдастар – Молочаи – Euphorbia



бет50/51
Дата07.02.2022
өлшемі2,3 Mb.
#88739
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
кож лекция

С үттіген тұқымдастар – Молочаи – Euphorbia.
Қазірде азды-көпті улылығы бар сүттіген тұқымдастардың 66 түрі белгілі. Бұл өсімдіктердің ерекшелігі олардың сабағында, жапырағында және басқа да бөліктерінде сүт тәрізді сөлінің болуында. Сол сөлде жіті түрде әсер ететін улы зат – эйфорбин бар. Өсімдіктің сөлі адамдардың терісін ауыр түрде қабындырады, тіпті өлі еттендіреді де. Ауыз қуысы арқылы түскенде ауыз қуысының, жұтқыншақтың, асқазанның кілегей қабықтарын қатты тітіркендіреді, ал сіңгеннен кейін орталық жүйке жүйесі мен жүрекке әсер етеді.
Өсімдіктің уы барлық малдар үшін қауіпті. Әсіресе мал жайылымында өсімдік көп өскенде. Улану бірінші кезекте ас қорыту процесінің бұзылуымен сипатталады: малдың іші өтеді, құсады, шаншу пайда болады, терісі суиды, бұлшық еттері тартылады, дене қызуы төмендейді. Уланудың ауыр түрінде жүйке жүйесінің қызметтері бұзылады. Дем алысы, жүрек соғысы нашарлайды, ас қорыту жүйесінде геморрагиялық қабыну анықталады: қатты ауырсынғандық байқалады, нәжісте қан аралас болады. Жылқыларда жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы айқын білінеді, мал ұйқылы-ояу, тартылу, көздің қарашығы ның ұлғаюы анықталады.
Шошқалардың терісі, құйрығы, құлақ шеміршектері өлі еттенеді, көру процесі бұзылады.
Емі. Ең алдымен ас қорыту жүйесін тазалау керек. Асқазанды танин ерітіндісімен жуады, іш өткізетін дәрілік заттарды тағайындайды. Одан кейін ұйытатын, сіңіретін кілегейлі заттарды береді. Уланудың клиникалық белгілеріне қарай тиісті дәрілерді қолданғанның нәтижесі жақсы. Сүт, кофе, түймедақ шайын берген дұрыс. Уланудың алдын алу үшін малды сүттіген көп өскен жайылымға жаймау керек, әсіресе ашыққан малдардан сақ болған дұрыс. Жайылымдардағы арамшөптермен күресу ұйымдастырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет