Лекция 1 Туризмнің қалыптасып, даму тарихы


Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі



бет19/24
Дата24.04.2022
өлшемі142,5 Kb.
#140638
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
туризм негиздери
силлабус атамекен
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
5.1. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту.
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
– қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу мүмкіндігін ескере отырып, халықаралық сауданың мемлекеттік реттелуін туристік қызметтермен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық келісімдердің жобаларын әзірлеу;
– келу туризмін және ішкі туризмді дамыту, көші-қон мәселері бойынша заңнаманы жетілдіру, виза рәсімдерін кеден және шекара бақылауын оңайлату.
5.2. қазақстанның мәдени-тарихи және рекраециялық аймақтарын дамыту және сақтау.
Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
– мәдени-тарихи және рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
– қоршаған ортаны және өзге де туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету.
5.3. Маркетинг және қазақстандық туристік өнімді ұсыну.
Бұл бағытта мыналарды қарастыру қажет:
– туристік көрмелер мен басқа да іс-шараларды ұйымдастыру;
– ішкі және сыртқы рыноктарда ұлттық туристік өнімнің жылжуын ақпараттық-жарнамалық қамтамасыз ету.
5.4. ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, кадрлар даярлау және туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.
Бұл бағытта:
– туристік саланы дамыту үшін қажетті жоғары, орта кәсіптік және бастауыш кәсіби білім беретін мамандықтардың тізбегін әзірлеу;
– мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп мамандардың кәсіби даярлығының сапасын жақсарту, оларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жөнінде шаралар белгілеу.
5.5. Туризм индустриясының материалдық-техникалық базасын дамыту.
Осы бағытта:
– туристік нысаналарды жаңарту мен салу үшін отандық және елдік инвестициялық тарту жолымен туризмнің материалдық техникалық базасын дамыту;
– туризмді дамыту аудандарында жерді пайдалану және құрылыс салу нормаларының қолданылуын бақылау.
5.6. Туризмнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бағдарлама туризм саласындағы қауіпсіздіктің деңгейін көтерудің мынадай басым бағыттарын айқындайды:
– туристің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі;
– өрт қауіпсіздігі;
көліктегі қауіпсіздік;
– туристік ортаны қорғау және сақтау.
5.7. Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету.
Бұл бағытта:
– көлік жолдары, инженерлік және инфрақұрылымдық нысандарды бірге ала отырып, елдің аймақтары бойынша туристік индустрияны аумақтық аймақтарға бөлудің моделін әзірлеу;
– туризммен сабақтас салалардың барлығына интерактивті геоақпараттық жүйені енгізу қажет.
5.8. Бағдарламаны іске асыруға қажетті техникалық және экономикалық шарттар.
Осы бағдарламаны іске асыруға арналған техникалық-экономикалық негізгі шарттар мыналар болып табылады:
– саладағы бірыңғай ақпараттық кеңістік жүйесін дамыту;
– жүйе құраушы туристік нысаналардың қызмет көрсету инфрақұрылымын құру және іске асыру.
5.9. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Туристік саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
– Дүниежүзілік туристік ұйыммен (ДТұ) ынтымақтастық ЮНЕСКО мен ДТұ-ның трансконтиненталдық жобасын іске асыру;
– “Жібек жолын кешенді зертеу” ДТұ-ның Бас Ассамблеясының сессиясына және осы ұйым өткізетін басқа іс-шараларға қатысу.
“Ежелгі түріктер елі” (қазақстан-Ресей-Моңғолия-қытай).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет