Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары


Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру



бет6/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek
19.12.20Құрама жем., 19.12.20Құрама жем.
1. Джоуль- Томсонның интегралдық эффекті мен адиабаталық ұлғаюдың интегралдық эффектін Т-S диаграммада салыстыру
Интегралдық эффектінің диаграмма көмегімен анықталатынын білеміз. Осы екі әдістің интегралдық эффектілерін әр түрлі бастапқы температурада салыстыру 6- суреттегі Т-S диаграммада көрсетілген.

Салыстырудан байқайтынымыз: бастапқы температура неғұрлым жоғары болса, адиабаталық ұлғайғанда температураның өзгеруі дроссельдегендегі өзгерумен салыстырғанда соғұрлым жоғары болады.



6- сурет. Интегралдық эффектілерінің Т-S диаграммасы
Бастапқы температура төмендеген сайын адиабаталық ұлғаюдағы температура өзгеруінің артықшылығы кеми бастайды. Ылғалды бу аймағында екі әдісте де температура өзгеруі бірдей болады. Адиабаталық ұлғаю арнайы машинада, ал дроссельдеу процессі қарапайым вентильде жүзеге асырылады. Егер осыны еске алсақ, ылғалды бу аймағында температураны төмендету үшін дроссельдеу процессін пайдаланған тиімді. Бу сығымдағышты тоңазытқыш машиналарда тоңазытқыш заттардың күйі осы ылғалды бу аймағында жатады. Міне сондықтан бу сығымдағышты тоңазытқыш машиналарда төменгі температураны алу үшін дроссельдеу әдісі қолданылады. Адиабаталық ұлғаю процесін газдың бастапқы температурасы мен қысымы өте жоғары болған жағдайда пайдалану тиімді. Сондықтан бұл әдіс өте төменгі температураны алу үшін көп қолданылады. Мысалы, ауа, азот, сутегі және т.б. сұйылу температуралары өте төмен газдарды суыту және сұйылту үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет