Лекция 2 Антибиотиктер


Антибиотиктерді әсер ету механизміне байланысты мынадай топтарға бөледі



бет4/9
Дата24.03.2023
өлшемі0,73 Mb.
#172975
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 2
Ïî äèñöèïëèíå «ðóññêèé ÿçûê» 2019-2020 ó÷åáíûé ãîä
Антибиотиктерді әсер ету механизміне байланысты мынадай топтарға бөледі:
- Микроорганизмдердің зат алмасу процестерін бәсекелес тежеу арқылы өзгертетін антибиотиктер (пуромицин, D-циклосерин).
- Нуклеин қышқылы тежейтін антибиотиктер:
а) РНҚ синтезін тежейтін антибиотиктер (анзамициндер, гризеофульвин, неомицин, новомицин, оливомициндер т.б.);
б) ДНҚ синтезін тежейтін антибиотиктер (D-актиномицин, брунеомицин, митомициндер, новомицин, саркомицин және т.б.).
- Пурин және пиримидиндердің синтезін тежейтін антибиотиктер (азосерин, декоинин және т.б.).
- Ақуыздардың синтезін тежейтін антибиотиктер (бацитрацин, аминогликозидтер, метимицин, тетрациклиндер, хлорамфеникол, маркомидтер, неомицин, эритромицин және басқа антибиотиктер).

Ақуыздың синтезін тежеу механизмі

- Тынысты (дыхание) тежейтін антибиотиктер (олигомициндер, пагулин, пиоцианин, антимицин).


- Тотыға фосфорлану процесті тежейтін антибиотиктер (валомицин, грамицидиндер, колициндер, олигомицин және басқа антибиотиктер).
Антибиотиктерді әсер ету механизмдері суретте көрсетілген

- Антиметаболиттік қасиеті бар антибиотиктер, аминқышқылдар, витаминдер, нуклеин қышқылдарының антиметаболиттері. Антиметаболиттік антибиотиктер актиномицеттер мен саңырауқұлақтардың кейбір түрлерімен синтезделеді. Қазіргі күнде 50-ге жуық антиметаболиттік қасиеті бар антибиотиктер белгілі, соның ішінде циклосерин туберкулездің қатты және созылмалы түрлерін емдегенде пайдаланылады.


Антиметаболиттік антибиотиктердің құрылымы табиғи метаболиттердің құрылымына ұқсас келеді, сондықтан табиғи метаболиттердің алмасуына қатысатын ферменттермен әрекеттеседі, яғни ферменттердің бәсекелес тежегіштері түрінде әсер етеді.
Антибиотиктердің макроорганизмдерге жанама зиянды әсері мынадай: уыттылық әсері, антибиотиктің әсерінен дисбактериоз және аллергиялық реакцияның даму мүмкіндігі, иммунитеттің тежелуі, аурудың асқынуы, ағзада өндірілетін уытты шок. Антибиотиктердің микроорганизмдерге жанама әсеріне микробтардың өзгерген штамдары, антибиотиктерге тұрақты және антибиотиктерге тәуелді түрлері түзілуі жатады. Антибиотиктердің әсерінен ағзада жұқпалы аурулардан қорғайтын ерекше және ерекше емес қорғаныштық негізгі факторлары тежеледі. Бұл мынадай факторлар: иммуноглобулиндердің түзілуі, комплемент жүйесі, лизоцим ақуыздың әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет