Лекция 3 Тақырыбы: Ақпарат тасымалдағыштар


Ескі дисководтың кабелін ажыратыңыз. 3



бет2/2
Дата29.12.2021
өлшемі18,28 Kb.
#106134
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Лекция 3 Тп 02
Өңдеу тәртібі ОББ, 9. Регулярные выражения, Дәріс №8. Adobe Photoshop программасының құрылымы, «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері » пәнінен тест сұрақтары
2.Ескі дисководтың кабелін ажыратыңыз.

3.Дисководты корпуста ұстап тұрған монтаждық винттерді алып тастаңыз.

4.Ескі дисководты алып тастап, оның орнына жаңа дисководты орнатыңыз.

5.Жаңа дисководқа екі кабельді жалғап, оны монтаждық винттармен бекітіңіз.

6.Дисководты тексеріңіз.

Компьютерді желіге жалғап, оны қосыңыз да дисководқа дискіні салып көріңіз. Барлығы жақсы болса, компьютерді сөндіріп корпусын жинаңыз. Осымен бәрі дайын.

Егер сіз ескі қатты дискіні жаңасымен ауыстырудың орнына тағы бір қатты диск қосқыңыз келсе ол жаңа диск сіздің компьютеріңізде қандай мәртебелі болатынын шешуіңіз керек.

Көбінесе адамдарды қосалқы диск алуға апаратын себеп, берілгендерді сақтау үшін қосалқы бос орынның жетіспеушілігі. Бұл дегеніміз ескі дискінің жаңа дискімен байланысуының екі амалаы бар деген сөз.

Бұл үшін жаңа дискіні жай ғана бағыныңқы статусымен орнатыңыз. Сіздің ескі қатты дискіңіз алдындағыдай болып қала береді. Әдетте Windows жаңа қатты дискіні D дискісі деп белгілейді де содан соң сіз оған өзіңіздің берілгендеріңізді орналастыра аласыз.

Жаңа қатты дискіге негізгі мәртебесін беріп, оған Windows XP операциялық жүйесін орнатыңыз. Алдында операциялық жүйе орнатылып тұрған ескі қатты дискіге бағыныңқы мәртебесін беріп, бұдан әрі қарай оны тек қана берілгендерді сақтау үшін ғана пайдаланыңыз.

Екінші нұсқа өзінің іске асырылуына көп жұмыс қажет ететіндігімен, ол біріншісінен гөрі басымдылырақ, өйткені ол жаңа қатты дискінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді(үлкен көлем және тез жұмыс істеу қабілеттілігі). Бұдан басқа сіз бұл варианттың орындалу барысында өзіңіздің Windows-іңізді Windows XP версиясына дейін жаңартып ала аласыз, және де Windows XP-ге ендірілген файлдар мен қалпына келтіру параметрлерін тасымалдау құралы арқылы барлық берілгендерді ескі қатты дискіден жаңа қатты дискіге көшіріп ала аласыз.

Қатты дискіге негізгі немесе бағыныңқы статусын беру үшін дисководтың сыртындағы жапсырмаға қарасаңыз жеткілікті. Бұнда ұстатқышты әртүрлі орынға қойғанда ол қандай да бір мәртебеге ие болатынын көрсететін әр дисководта болатын түйіспелер тобының схеметикалық суреті көрсетілген.

CD және DVD дискілерінің терминологиясы банкілік құрылымның финанстік қызметін суреттеуден гөрі күрделірек болуы мүмкін. Төменде қарастырған терминдермен танысып, сіздер дисководтардың соңғы онжылдықта қалай өзгеріп отырғанын көресіз және әр дәуірге сәйкес аббревиатуралармен танысасыз.

CD-ROM дисководтары жақын арада пайдаланудан қалады. Барлық DVD дисководтары DVD дискілерді қалай оқыса дәл солай компакт дискілерді де оқи алады. Ал барлық жазатын DVD дисководтар берілгендерді жай компакт дискілерге де жаза алады.

CD-ROM. Бұл дисководтарды ескі компьютерлердің көбісінен табуға болады және олар бір ғана мақсатпен пайдаланылады –– ол компакт дискіден ақпаратты оқу. Олардың көмегімен бос компакт дискіге ақпарат жазуға болмайды. 1998 жылға дейін шыққан CD-ROM дисководтарының көбісі дыбыстық компакт дискілерден сандық берілгендерді оқи алмайды, сондықтан бұл МР3 файлдарының жоғары сапалы дыбысталуының іске асыруға мүмкіндік бере алмайды. Кейде дүкендерде өзінде сақталған ақпаратты көшіруден қорғалған музыкалық компакт дискілер де кездеседі. Бұндай компакт дискілер компьютерлерде мүлдем оқылмайды. Сондықтан музыкалық компакт дискілерді сатып алғанда олардың қандай шартпен сатылатындығын біліп алып, анау мынау жағдай болып жатса оларды қайтаруға болатын болмайтындығын анықтап алу қажет. Бағдарламалық жабдықтау жазылған компакт дискілер кез келген дисководпен оқылады.

Қазіргі кездегі компакт дискілер дисководтарының көбісі ақпаратты компакт дискіден қалай оқыса, дәл солай бос компакт дискілерге ақпаратты жаза алады. Кейде оларды жазатын дисководтар деп атайды және және олардың әр қайсысының артықшылығы ақпаратты оқу және жазу жылдамдығымен анықталады. CD-RW дисководтарының көбісінің алдыңғы панелінде қызыл жанатын Writing (жазу) жазбасы болады, ол дисковод бос компакт дискіге ақпарат жазған сайын жанып тұрады.

Алдыңғы түрлерінен гөрі Windows XP бос компакт дискіге ақпаратты өзі ақ жаза алады. Енді CD-RW дисководтарының көмегімен берілгендерді жазумен байланысты күрделі жұмысты орындау үшін басқа өндірушілердің бағдарламалық жабдықтауларын пайдаланудың қажеті жоқ.

CD-R (CD-Recordable) дискілері

Бұл қымбат емес компакт диск кез келген дисководпен оқылады және CD-RW дисководы көмегімен берілгендерді бір рет жазуға болады. Ол сандық фотосурет, архивтік көшірме және музыкалық тректер сияқты ұзақ сақталатын файлдарды жазуға өте ыңғайлы болып табылады.

CD-RW (CD-Rewritable) дискілері

Бұл дискілердің бағасы CD-R дискілерінің бағасынан шамалы қымбатырақ. CD-RW дисководтарының көмегімен бұл дискілерге бірнеше рет ақпарат жазуға болады. Оларды күнделікті резервтік көшірмелер секілді жиі өзгеріп отыратын берілгендерді жазу үшін пайдаланған дұрыс. CD-RW дискі кез келген дисководпен оқылғанымен оны ең сапалы етіп бұны осы дискіге ақпарат жазған дисковод орындайды.

CD-RW дисководтары ақпаратты тек соған ғана (CD-RW дисководтары) арналған дискілерге жаза алады. Сіз қандай да бір презентация өткенде сыйлыққа алған дискіге қандай да бір жаңа ақпараттар жаза алмайсыз. CD-RW/DVD дисководтары ақпараттарды жай компакт дискіден қалай оқыса дәл солай DVD дискілерден де оқып, жай компакт дискіге ақпараттар жаза алады.

Kodak photo компакт дискісі. Кейбір сервистік орталықтар сіздің сандық суреттеріңізді тек шығарып беріп қоймай оларды Kodak photo форматы бар компакт лискілерге жазып беруі мүмкін.(Бірақ бұл жағдайда кейбір DVD дисководтарын пайдаланғанда қиындықтар туындауы мүмкін.)

DVD дискілерінің терминологиясы

DVD дисководы digital video disk(сандық видеодиск) немесе digital versatile disk(универсалды сандық диск) болып аударылады. Бұл дисковод сіз сатып алған немесе прокаттан алған DVD дискілерін оқи алады. Және де ол ақпаратты жай компакт дискілерден де оқи алады.(Кейде оларды CD/DVD дисководтары деп те атайды.) Жазатын DVD дисководтары DVD дискілеріне ақпарат жазғанда әр түрлі форматта жазады және де ол форматтар әрқашан бір бірімен сәйкес келе бермейді.

DVD-R, DVD-RW. Pioneer және Sony компанияларымен өндірілген DVD дискілеріне ақпарат жазуға арналған бұл бірінші стандарттар DVD дисководтарымен плеерлерінің көбісімен үйлесімді.

Жай компакт дискілердің терминологиясындағыдай бұнда да DVD атауындағы «R» әрпі бұл дискіге ақпаратты бір рет қана жазуға болатындығын көрсетеді. Ал «RW» әріптері бұл бос DVD дискіге бірнеше рет жаңадан ақпарат жазуға болатындығын көрсетеді.

DVD-R, DVD-RW. Microsoft компаниясымен және басқа да бірқатар ірі аппараттық жабдықтау өндірушілерімен үйлесімді, және де бұл жаңа буынды стандарттар бүгінгі күні бар дисководтар мен плеерлердің барлығымен үйлесімді.

DVD-RAM. Бұл Matsushita компаниясымен өндірілген формат компьютерлік берілгендерді сақтауға ыңғайлы. Бұл форматтың дискілері кішкене кассеталарда орналасқан, ал дисководтары басқа формат дисководтары секілді видео файлдарды және жай компакт дискілерді де оқи алады.

DVD-R (G)General. Бұл дисководтар негізінен үйде пайдалануға арналған және де бұл дисководтың лазерлері басқа типті дисководтардың лазерлерінен гөрі арзандау.

DVD-R (A)Authoring. Бұл дисководтар профессионалды пайдалануға арналған және бұл дисководтардағы лазер қымбатырақ және сапалы болады.

DVD-R, DVD+R, DVD-RW, DVD+RW, DVD-RAM, DVD-R (A) дискілерін сатып алғанда оның форматы сіздің дисководтың форматымен сәйкес келетінін біліп алыңыз. Сіздің дисководыңыз басқа форматты дискіге ақпаратты жаза алмауы әбден мүмкін.

VCAP (Video-Capable Audio Players –– Видеоны оқи алатын аудиоплеерлер). Ұзақ ойланулардан кейін музыкалық өндіріс өкілдері жоғары сапалы музыканы DVD дискілеріне жазып шығаруға әйтеуір барды. Өкінішке орай DVD аудиодискілерін барлық видеоға арналған DVD дисководтары оқи алмайды. Әдетте VCAP аббревиатурасымен белгіленетін DVD плеерлердің жаңа буыны DVD-Audio дискілерін қалай оқыса дәл солай DVD-Video дискілерін де оқиды.

40х12х48х8. Компакт дискілер қорабының сыртында «х» әріпімен бөлінген үш немесе төрт сандар жиынын көруге болады. Әрбір сан дисководтың қандай да бір жұмысты орындайтын жылдамдығын білдіреді. Бірінші сан берілгендерді жазатын жылдамдықты білдіреді, екіншісі –– берілгендерді қайта жазатын жылдамдықты білдіреді(берілгендерді бірнеше рет жазуға арналған дискілер үшін), үшіншісі –– дискілерден ақпаратты оқу жылдамдығы. Төртінші сан CD-RW/DVD дисководтарының сыртында болуы мүмкін. Ол DVD дискілерден берілгендерді оқу жылдамдығы.

Cache (Кэш буффер көлемі) Тезәсерлілікті көбейту мақсатымен дисководтарда дискіден оқыған соңғы ақпаратты есте сақтап қалатын жады чипы орнатылады. Егер бұл ақпарат қайталанып сұралса, дисковод оны дискіден оқуға кететін уақытты үнемдеп, оны кэш-жады чипынан тез арада алуға мүмкіндік береді. Кэш-жады көлемі неғұрлым үлкен болса, дисковод соғұрлым тез жұмыс істейді.

700 MB/80 minutes (700 Мбайт/80 минут). Қазіргі кездегі компакт дискілердің көбісі 700 мегабайтқа дейін ақпарат және 80 минутқа дейін сандық аудионы сақтай алады. Және де қазіргі кездегі дисководтардың көбісі бұл дискілермен жұмыс істей алады. Егер сіздің дисководыңыз бұл дискілерді оқымаса, онда сіздің дисководыңыз тек қана ескі форматты 650 МБ жадылы және 74 минут аудиоберілгендерді сақтай алатын ескі дисковод болғаны.

Internal/External (Ішкі/Сыртқы). Ішкі дисководтар компьютер ішінде орналасады. Сыртқы дисководтардың өзінің корпустары болады және олар компьютерге FireWire немесе USB порты арқылы қосылады.(Ескі модельдердің кейбіреулері компьютерге параллельді порт арқылы, ал ноутбуктарға РС карта слоттары арқылы қосылған.) Сыртқы дисководтар әр түрлі компьютерлерге оңай қосылады, сондықтан олар резервті копияларды сақтауға және ақпаратты бір компьютерден екіншісіне тасымалдауға өте ыңғайлы. Көптеген ескі компьютерлерде бар USB 1.0 және 1.1 порттары көптеген сыртқы дисководтардың жазу жылдамдығын 4х-ге дейін шектейді. Көптеген қазіргі дисководтар жаңа әрі жылдамырақ USB 2.0 стандартын пайдаланады. Егер сіздің компьютеріңізде ескі USB порты болып, сіз жаңа USB 2.0 стандартты дисковод сатып алып қойсаңыз, онда сіз тағы USB 2.0 картасын сатып алуға мәжбүр боласыз. Бірақ сіздің қуанышыңызға оның бағасы ондай қымбат емес.

FireWire. USB 2.0 порттары сияқты бұл порттар да тезәсерлілігі жоғары дисководтарды қосуға арналған.(Олар стол үстілік видеосистемаларды құру үшін өндірілген.)



Optical drive (оптикалық дисководтар). CD/DVD дисководтары ақпаратты оқу үшін кішкене лазерді пайдаланатындықтан оларды кейде оптикалық дисководтар деп те атайды. Компакт дискілер жайлы ең жаңа ақпаратты сіз Энди Макфаденнің CD-Recordable FAQ. Сайтында таба аласыз. Ал DVD дискілері мен дисководтары жайлы ең жаңа ақпаратты сіз Джим Тейлордың t i fled.com. Web-бетінде таба аласыз.

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет