Лекция №8 Хандық дәуір музыкасы



бет2/2
Дата21.10.2022
өлшемі20,68 Kb.
#154415
түріЛекция
1   2
Байланысты:
Лекция 8 (1)
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар 1, Тілдер апталағы
Аспаптық музыка.
ХІХ ғасырдың ортасына қарай Батыс Қазақстан аймағында аспаптық музыка күрт өркендеп, өзінің биік сатысына шығады.Оның негізін құраған домбыра күйлері болатын. Егер Махамбетте құрылымы шағын күйлер кездессе, одан соңғы Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Дина шығармаларында күй жанры күрделеніп, классикалық деңгейге көтерілді.
Күй – көркем шығарма, яғни эстетикалық құбылыс. Күй- жырдан бір саты жоғары тұрған жанр.Мұнда үлкен-кішіге бірдей ұтымды әдеби мәтін (поэзия) жоқ, оның есесіне музыка тілімен жеткізілген көңіл күй ғанан бар.Сыбызғы, қобыз домбыра күйлері осы негізде туған.
Күйшілік өнерді сөз еткенде оның екі қанаты болғанын айтуымыз керек. Бірі- төкпе , екіншісі- шертпе күй дәстүрі. Бұл ұғымды алғаш ендірген академик А.Қ.Жұбанов болатын.
Төкпе күй дәстүрі- Батыс Қазақстан аймағына тән аспаптық музыка көрінісі. Оның сонау оғыз заманының музыкалық-эпикалық дәстүрімен де, кейінгі түрікмен халқының мәдениетімен де байланысы бар. Негізгі өкілдері
Құрманғазы Сағырбаев (1823-1896), Дәулеткерей Шығаев (1820-1887) , Сейтек Оразалинов (1861-1933), Дина Нұрпеисова (1861-1955) т.б. Бұларды халықтық-кәсіби музыка өнерін дамытқан тұлғалар ретінде танимыз.Бұл сазгерлер шоғырына тән стильдік, көркемдік ерекшеліктер де қалыптасқан. Соның басты белгілері ретінде күйлердің басым көпшілігінің бірінші және екінші сағалараға дейін дамуын, музыкалық әуенінің міндетті түрде қос ішекте естілуін, шығармалардың бас буынмен басталып, бас буынмен аяқталуын, тақырыптың бір ішекте тұрақтап, екінші ішекте өрістеуін, әдетте жүрдек, жылдам орындалуын т.б. атауға болар еді. Бұл жалпы белгілері ғана. Тереңдей берсек, әрбір халық композиторының өз қолтаңбасы тағы бар.
Шертпе күй - де қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі.Оның дамыған аймағы-Орталық және Оңтүстік (теріскей) Қазақстан аймақтары. Негізгі өкілдері қатарына Ықылас (1843-1916), Тәттімбет (1818-1862), Сүгір (1882-1961), Төлеген Момбеков т.б. есімдерін атауға болады. Бұл халық композиторларының көркем шығармалары негізінен шертіп,теріп ойнаға құрылған. Музыкалық тақырып екі шекте кезек-кезек жүріп қос ішектің бірігуі өте сирек.
Шертпе күй үлгілерінің дыбыс ауқымы шағын, ладтық-мақамдық негізі аса күрделі,ауыспалы болып отырады. Осы ерекшелігі арқылы оның әуені сарындарға толы болып келеді Бұл күйлердің ырғақтық жүйесі қарапайым болса да, қағыстары күрделі. Жүректі тырналап, сезім қылын шертетін шығармалар осы шертпе дәстүрінде аса мол.
Бүгінде аспаптық музыкаға тән күй атауы бірнеше мығынаға ие болып отыр.Біріншіден, ол – музыкалық шығарма, екіншіден – музыкалық құрылым (форма), үшіншіден – музыкалық жанр. Осы үш белгісі бірігіп күй сөзінің семантикасын(білдіруші,танбалаушы) анықтайды.
Күй- қазақ халқының музыкалық мәдениетінен кең орын алған атау.
Күй -қазақ қана емес , түркі халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. ХХ ғасырдың бас кезінде Қ.Жұбанов бұл сөзді көне түркі тайпаларының «көк» деген ұғыммен байланыстырған болса, кейінгі зерттеушілер М.Қашқариға сілтеме жасап , сол пікірді қайта жаңғыртып келеді.
Күй –аспаптық шығарма атауы. Оның күрделі не қарапайым болуы құрылымына, қандай аспапқа арналуымен де айқындалады.Мысалы сыбызғы күйлері өте шағын. Ал қобыз күйлерінің композициялық құрылымы күрделірек болып келеді. Ықылас арқылы жеткен «Қорқыт», «Ерден», «Айрауықтың ащы күйі» атты туындылар сонау оғыз заманынан хабар береді. Домбыра күйлеріне келер болсақ, олардың музыкалық тілі, стилі, орындаушылық тәсілдері әрқилы.Құрманғазының от жалынды «Сарыарқасы», Жантөренің «Шалқымасы»,Дәулеткерейдің нәзік сезім мен қылықты қимылға толы «Қос алқа», Тәттімбетің «Қосбасар» атты күйлері домбыра аспабына арналған шығармалардың алуан сипаттылығын аңғартады.
Күй – жанр атауы.Қазақ аспаптық музыкасындағы әрбір шығарманың өз атауы бола тұрып, оларды жалпы күй жанрына жатқызамыз. Қазақ күйлерінің жанрлық сипатқа ие болған кез – ХІХ ғасыр.Дәл осы кезеңде қазақ даласында шоқтығы биік дауылпаз күйшілер көрініп, аспаптық музыкамызды классикалық деңгейге көтерген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет