Лекция. Географиядағы математикалық әдістер Заманауи картографиялық әдістер



бет4/4
Дата17.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#172761
түріЛекция
1   2   3   4
Байланысты:
Лекция. Географияда ы математикалы дістер Заманауи картография
Әлеуметтік институттың ҚҰрылымы орындаған Мұсрәлі М. А тексерге-melimde.com, document name (1), 9 сынып геометрия тжб, httpstilalemi.kzbooks7386.pdf
Атрибуттық немесе семантикалық (грек тілінде «белгілеуші» деген мағына береді) мәліметтер – тақырыптық сипаттамалар жиынтығынан тұрады. Ол сипаттамаларда географиялық атаулар, өсімдіктердің түр құрамы, топырақтың құрылымдық ерекшеліктері және нысандардың кеңістіктік және уақыт өлшеміндегі параметрлері туралы ақпараттар берілуі мүмкін.
Нысандар кеңістіктік, уақыттық және тақырыптық сипаттамасы бойынша бір-бірінен айырмашылық жасайды.
Кеңістіктік сипаттама нысанның алдын ала анықталған координата жүйесіндегі орнын анықтауға бағытталған, басты талап – мәліметтердің дәл әрі нақты берілуі.
Уақыттық сипаттама белгілі бір уақыт аралығындағы зерттеу нысанында болған өзгерістерді тіркеу және оны бағалауға бағытталады. Ең басты қойылатын талап – ол мәліметтердің дәл уақытында берілуін қадағалау. Ескірген мәліметтердің ешқандай мәні жоқ.
Тақырыптық сипаттама нысанның экономикалық, статистикалық, техникалық және тағы да басқа қасиеттерін ашып көрсетуге бағытталған, басты қойылатын талап – ол мәліметтердің толыққанды болуы.



Сурет. Жер бедері мен гидрографиялық элементтердің үш өлшемді үлгісі


Картадағы кеңістіктік нысандар кеңістіктік үлгілер түрінде сипатталады. Кеңістіктік үлгілерді белгілі бір жүйенің кеңістіктегі орны үш және екі өлшемді үлгілер түрінде бейнеленуі мүмкін (сурет). Мысалы, жер бедерінің таралуы, құрылымдық ерекшелігі, биіктік айырмашылығы. Бұл үлгілерге қарап отырып, дәл сол жерде өзің тұрғандай сезінуің мүмкін.


Топографиялық карталар геодезиялық негіз үшін кеңістіктің екі өлшемді үлгісі болып саналады.

  1. Сандық картаның толық үлгісі қандай компоненттерден тұрады?

  2. Сандық карталар қандай әдіс-тәсілдер көмегімен жасалады?

  3. Сандық карталардағы ақпараттың берілуінің қандай маңызды түрлерін білесің?

  4. Сандық карталарды қалай және қандай жағдайда сақтауға болады?

  5. Сандық карталармен диплейде қалай жұмыс жасаған тиімді деп ойлайсың?

  6. Бүгінгі ақпараттық технология заманында географиялық картаның маңызы қандай бағытта өзгеріп жатыр деп ойлайсың?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет