Лекция Инклюзивті білім беру мәселесінің маңызы



Дата30.12.2021
өлшемі13,24 Kb.
#106956
түріЛекция
Байланысты:
IBB1t
матем презентация, матем презентация, Сроп8, устная деловая коммуникация, устная деловая коммуникация 2, 8 Дәріс, Динаева-Б.Б.Сапина-С.М.-Академиялық-сауаттылықтың-теориялық-және-практикалық-негіздері, Документ (2)

Лекция 1.

Инклюзивті білім беру мәселесінің маңызы

Әрбір адамның маңызды құқықтары мен еркіндіктері жүйесіндегі негіз қалаушы фактор болып білім алу құқығы табылады. Қазақстан Республикасында, барлық дамыған мемлекеттерде сияқты, аталған құқыққа, әлеуметтік немесе материалдық деңгейге, жынысы мен діни көзқарастарға, денсаулық қалпына және т.б. ерекшеліктерге қарамастан, барша адамдар ие. Біздің мемлекетімізде бірде бір бала дамуындағы интеллектуалдық немесе физикалық бұзылыстар себебінен бұл құқықтан айырылмайды. Барлық балалардың білім алуға құқығы біздің мемлекетіміздің басты заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген. 1994 жылы біздің мемлекетіміз БҰҰ-ның бала құқықтары жайлы Конвенциясын ратификациялай отырып, денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды «білім беру саласындағы қызметтерге нәтижелі қол жеткізу», баланы, мүмкіндігінше, әлеуметтік өмірге қосу арқылы жеке тұлға ретінде, мәдени және рухани дамуын қоса алғанда, дамыту міндеттерін алды.

Осы сәттен бастап ҚР-да денсаулық және даму бұзылыстары бар балаларды толыққанды өмір сүруге сапалы білім алуға қолжеткізу арқылы дайындау міндеті негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекетімізде барлық балаларға келешекте қалыпты деңгейдегі адамдар мен олардың ортасында өзіндік және толыққанды өмір сүруге, еңбекте, шығармашылықта және жеке өмірде максималды жетістіктерге жетуге негіз болатын бірдей мүмкіндіктер жасау басты бағыттардың бірі. Осындай бағыттардың бірі болып инклюзивті білім беру табылады: даму бұзылыстары бар балаларға білім алуда басқалармен тең құқылы болып, кез-келген шеттетудің алдын алып, ерекше жағдайларды (материалды-техникалық, кадрлық, психологиялық-педагогикалық, сауықтыру және т.б.) қарастыратын жалпыға білім беруді дамыту үрдісі.

Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру идеяларының пайда болуы мен енгізілуі п.ғ.д., профессор Р.А.Сулейменованың атымен байланысты. Р.А.Сулейменова даму кемістіктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби–еңбектік реабилитациялау Республикалық ғылыми-практикалық орталығының негізін қалаушы, директоры, соңынан бас директоры.



Р.А.Сулейменова берген анықтама бойынша, «инклюзивті білім беру – балаларды бөліп қарастыру кедергілерін жоюға бағытталған, барлық балаларды жалпыға білім беру процесіне қосу мен оларды әлеуметтік бейімдеуде жасына, жынысына, этникалық, діни қатынасына, даму кемшіліктеріне немесе экономикалық статусына қарамастан, отбасының белсенді қатысуымен, балаға түзету-педагогикалық және нақты әлеуметтік қолдау көрсету арқылы, адекватты білім беру жағдайларын жасауда, балалардың білім алу қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктеріне баланы емес, ортаны бейімдеуге бағытталған мемлекеттің саясаты

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет