Лекция жинағы Шымкент 2019



бет41/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19
Молек биол каз
Әртүрлі мүшелерден және организмдерден алынған жасушалардың нәзік құрылымы, пішіндері мен қызметтері өзгеше болғанымен, олардың құрылысының жалпы үлгісі ұқсас: ядро, цитоплазма, плазмалеммадан тұрады. Бұл – эукариоттық организмдердің эволюция кезінде пайда болу тегі ортақ болғанының кепілі.

Организм -жасушалардың және жасушалық емес құрылымдардың күрделі жүйесі. Р.Вирхов бұдан 100 жылдан астам бұрын организмді «жасушалар мемлекеті» ретінде қарастырған. Расында, мемлекет сияқты жасушалар бірлестігі – мүшелер арасында да, еңбек немесе қызмет бөлісі байқалады. Ересек адамның организмін құрайтын, саны 1013 жуық, жасушалар әмбебап емес, олардың әрбір түрі тек қана нақтылы қызметтерді атқаруға мамандандырылған. Қазіргі кездегі ғылым адам организмін құрайтын мамандандырылған жасушалардың екі жүзден астам түрлері бар екендігін анықтады. Тіршілік етуіне қажет барлық қызметтерді атқара алмағандықтан, мамандандырылған жасушалардың өмірі басқа жасушаларға тәуелді болады. Сондықтан, мамандандырылған жасушалар бірлестігі болып табылатын организмде, жасушалар арасында бір-біріне қызмет ету және информация алмасу өте қажет. Бұл құбылыстар жасушалар мен ұлпалар деңгейінде – жасушааралық әрекеттестік арқылы, ал организм деңгейінде – жүйке және жасушалар ұлпалар мен мүшелердің тұтасқан жүйесіне, яғни көп жасушалы организмге бірігеді.

Қазіргі кездегі қалыптасқан көзқарас бойынша, жасуша – организмді құрайтын элементарлы (ең қарапайым) құрылымдық, функциялық және генетикалық бірлік.

Организм тек қана жасушалардан құралған болса, ол солар сияқты сілікпе тәрізді жұмсақ болар еді. Бірақ, тін құрамында жасуша ғана емес, тіректік материал – жасушааралық заты да бар. Олар жеке жасушалардың немесе олардың топтары арасында орналасып, әрбір тіннің ерекше қасиеттерін (мысалы, сүйектің қатты болуын, шеміршектің серпінділігін, қанның сұйықтығын) анықтайды.

Жасушаның жалпы құрылысы, пішіні, туындылары. Жасушааралық зат.

Гистологиялық элементтер (тідерді құрайтын бірліктер) екі негізгі топтарға бөлінеді: жасушалық – жасуша, симпласт, синцитий) және жасушалық емес – жасушааралық зат.

Жасуша - тінді құрайтын басты бірлік, ал, басқа гистологиялық элементтер: симпласт, синцитий, жасушааралық зат – оның туындылары. Мысалы, симпласт және синцитий ұлпалардің дамуы (гистогенез) кезінде жеке жасушалардың бірігуі арқылы пайда болады.

Жоғарыда айтылғандай, адам организмінде мамандандырылған жасушалардың 200-ден астам түрлері ұшырасады. Олардың мұндай әртүрлілігі көбінесе атқаратын қызметтеріне байланысты. Жасушалардың сыртқы пішінінің түрлері мынадай: шар тәрізді – лейкоциттер, көп қырлы безді эпителийдің жасушалары, жұлдызша және тармақталған – жүйке мен сүйектің өсінділі жасушалары, ішек эпителиоциттері, жалпақ – эндолиоциттер мен мезотелиоциттер және басқалары. Бірақ, мұндай әртүрлі жасушалардың жалпы құрылысын салыстырып қарасақ, олардың үлгісі бірдей екендігіне көзіміз жетеді. Кез келген жасуша негізгі үш бөліктерден тұрады. Олар – плазмалық мембрана, ядро және цитоплазма. Құрылысы күрделі болатын бұл құрамдастар, бірін-бірі толықтырып, жасушаның өз мүддесіне лайық және тұтас организмнің тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтерді атқарады.

Симпласт – көптеген бір типті жасушалардың қосылуынан пайда болған көп ядролы құрылым. Мысалы, көлденең жолақ қаңқалық бұлшық ет талшығы эмбриогенезде 100-ден астам жас бұлшық ет жасушалары – миобласттардың қосылуынан, сүйек тінін ерітетін ірі, көп ядролы сүйек жасушалары остеокласттар – моноциттердің бірігуінен пайда болады.

Синцитий – митоздан кейін толық бөліндеген, цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысқан жасушалардан тұратын құрылым. Мысалы, сперматозоидтардың пісіп жетілуші бастамалары – сперматогендік жасушалар – бір-бірімен цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысқан. Бұл олардың өзара ақпарат алмасуына жағдай тудырып, синхронды (бір кезде) дамуын қамтамасыз етеді.

Жасушааралық зат немесе тін матриксі – негізгі заттан және онда орналасқан коллаген, ретикулинді талшықтардан тұратын жасушалық емес құрылым. Оның бұл құрамдастары – жасуша ішінде синтезделіп, жасушааралық кеңістікке бөлініп тұратын (секреция) молекулалар, яғни олар да жасушалардың туындылары. Кейбір жасушааралық заттар өте нәзік болады, ал, басқалары, мысалы сүйек тінінің жоғары дәрежелі беріктік көрсетіп, үлкен салмақтарға шыдайды. Бұл оның құрамдастарына, олардың физика-химиялық қасиеттеріне, тіндегі қатысты мөлшеріне тәуелді. Жасушааралық заттың қызметі жасушаларды – ұлпаларге, ұлпаларді – мүшелерге біріктіру ғана емес, ол – жасушалардың тіршілігіне басқа да әртүрлі үлесін қосатын құрылым. Мысалы, олардың пролиферациясына – көбеюіне, дифференциялануына – жетілуіне, миграциясына – көшіп-қонуына, т.б. құбылыстарға қатысады. Бірақ, бәрібір- ұлпалардің басты элементтері – жасушалар, себебі, жасушааралық заттың пайда болуын, қалыпты жағдайын сүйемелдейтін – солар. Жасушалар өлген жағдайда, жасушааралық зат та бүлінуге ұшырайды.


8 Лекция




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет