Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері


ФУНКЦИОНАЛДЫ ДИСЛАЛИЯ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ



бет15/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
Байланысты:
1 мамыр, 1 мамыр, [Template] Тапсырма1.1 тест, [Template] Тапсырма1.1 тест, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі. (1), -987683380, селен элемент – Google Поиск, ДО РЕ МИ, АБ 1 көркем еңбек Жеңісбек Гүлина, Үздік ұстаз-ғибратты үлгі, Topiq показательные уроки ЭУ,
ФУНКЦИОНАЛДЫ ДИСЛАЛИЯ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ.
Функционалды дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып сөйлесетін болады. Қортындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп калады.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліндегі дыбыстарды әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым қатысып, сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалауына жиі еліктейді, балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың арасында көп болып, сөздерін тыңдаудың да ерекше зияны тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отырады.
Балалардың дыбыс айту кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің себебінен де жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына жанында жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың қателігін түзетпейді, өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін көрсетпейді. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануның дұрыс ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда. Қортындысында, дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуындағы бұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен бірге дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері, әсіресе сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уағында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін., ал егер олай болса, қалған жағдайда, оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз.
Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан да болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілін қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды.
Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10% -не дейінгілерінің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды бөлшектеп мүшелегенде байқалады.
Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ақыл-ойы кеміс балалардың 55% - тен көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет