Лекция конспектісі 6В04102 «Аудит және салық салу» ббб үшін


Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қызмет мерзімдері және есептеу әдістері, оларды есепте бейнелеу



бет34/73
Дата26.12.2021
өлшемі207,81 Kb.
#105623
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73
Байланысты:
lektsiya konspekt (2)
Аружан Өкпе ісінуі, lektsiya konspekt (2), проектирование. AG (1)
6. Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қызмет мерзімдері және есептеу әдістері, оларды есепте бейнелеу.

Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі құралдардың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық амортизациялық аударым сомасы.

Ұйымдарда негізгі құралдағы ай бойы есептелген амортизациялық аударым сомасы ай сайын өндірілген өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құнына қосылып отырады.

Кәсіпорындарға жаңадан келіп түскен, кіріске алынған негізгі құралдарға амортизациялық аударым келесі айдың басынан (бірінен) бастап есептелінеді. Ал ұйымның балансынан есептен шығарылған негізгі құралдарға келесі айдың басынан (бірінен) бастап амортизациялық аударым есептеу тоқтатылады.

Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:


  1. құнды бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі.

  2. құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі (өндірістік әдіс).

  3. жылдамдатып есептен шығару әдістері:

а) қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі;

ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (куммулятивтік әдіс) әдісі.

Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілі түрде қолданады. Егер негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеудің әдісі өзгертілген жағдайда осы өзгерістің қандай себептерден болғаны айтылып көрсетілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет