Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқытып үйрету


Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері



бет17/33
Дата20.10.2022
өлшемі184,08 Kb.
#154054
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
Еңбекті қорғау курс

Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы міндеттері:
1. Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары мемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелер талаптарына сәйкес болуға тиіс.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.
3. Өзінің немесе айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп туындаған жағдайда, қызметкердің жұмысты орындаудан бас тартуы оны тәртіптік және (немесе) материалдық жауапкершілікке тартуға әкеп соқпайды.
4. Жұмыс беруші қызметкерді жеке және (немесе) ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек міндеттерін орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс беруші осы себеп бойынша туындаған іркіліс кезінде қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде еңбекақы төлеуге міндетті.
5. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда, келтірілген зиянды өтеу осы Кодексте және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүргізіледі.
1) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;
2) еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға;
3) қызметкерлерді ұйымның аумағында және жұмыс орындарында болуы мүмкін зиянды өндірістік факторлар туралы хабардар етуге;
4) өндірістік жабдықтар мен технологиялық процестерге профилактика жүргізу, оларды неғұрлым қауіпсізіне ауыстыру жолымен жұмыс орындарында және технологиялық процестерде кез келген қатерді болдырмау жөнінде шаралар қабылдауға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметкерлерді ережелер мен нормативтердің талаптарына сәйкес, соның ішінде жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялық процестерді енгізу кезінде оқытудан және даярлықтан өткізуге;
6) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және оларды ұйымда өткізуге арнап қаражат бөлуге;
7) өз қаражаты есебінен қызметкерді арнайы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын жеке қорғану құралдарымен белгіленген кию мерзімінде қамтамасыз етуге, жеке ұжымдық қорғану құралдарының, арнаулы киімнің өз мақсатында қолданылуын бақылауды жүзеге асыруға;
8) өндірістік процестер мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқамалық өткізуге, қызметкерлерді тиісті нұсқамалық құжаттармен (нұсқаулықтармен, ережелермен, әдістемелік нұсқаулармен) қамтамасыз етуге;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруден өтуге және уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес ұйымдарда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты басшылар мен мамандардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайларын өзгерте отырып басқа жұмысқа ауыстырылғанда не кәсiби аурулардың белгiлерi пайда болған кезде қызметкерлердi мiндеттi түрде алдын ала, мерзiмдiк (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеруден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өз қаражаты есебiнен өткізуге;
11) өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, профилактикалық тазарту құралдарымен, жуу және залалсыздандыру құралдарымен, медициналық дәрi-дәрмек қобдишаларымен, сүтпен, уәкiлеттi орган белгiлейтiн нормалардан кем болмайтын емдеу-профилактикалық тағамдармен, сондай-ақ арнаулы киiмдi және аяқ киiмдi жөндеумен қамтамасыз етуге;
12) уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғaу жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiне, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңдарының сақталуына тексерулер жүргiзуi үшiн, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиғалар мен кәсiби ауруларды зерттеуi үшiн кедергiсiз өткiзуге;
13) уәкiлеттi органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне, қызметкерлердiң өкiлдерiне ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы қажеттi ақпарат беруге;
14) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын қабылдауға және орындауға;
15) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiби ауруларды тiркеудi, есепке алуды және талдауды жүзеге асыруға;
16) уәкiлеттi орган бекiткен ережелерге сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысуымен, өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайларының жай-күйi бойынша мезгiл-мезгiл, кемiнде бес жылда бiр рет аттестаттаудан өткiзуге, сондай-ақ, қайта құрудан, жаңғыртудан өтiп, жаңа техника немесе технология орнатқаннан кейiн мiндеттi аттестаттаудан өткiзуге;
17) қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеуге;
18) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тергеудi қамтамасыз етуге;
19) пайдаланудағы негiзгi қорлардың бәрiн еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың қолданылып жүрген нормалары мен ережелерiне сәйкес келтіруге;
20) қызметкер еңбек міндеттерін атқару кезінде оның өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiктi сақтандыруға;
21) еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстарда iстейтiн жұмысшылар мен мамандарды гигиеналық оқытуды (жалпы және кәсiби аурулардың алдын алу мәселелерi бойынша санитарлық минимумды) қамтамасыз етуге;
22) авариялық жағдайдың өрiстеп кетуiн және зақым келтiретін факторлардың басқа адамдарға әсерiн болдырмау жөнiнде шұғыл шаралар қабылдауға;
23) егер жазатайым оқиға басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiрмейтiн және авариялық жағдайдағы жай-күйге соқтырмайтын болса, өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеу басталғанға дейiн оқиға болған сәттегi жағдайды сақтауға, ал оны сақтау мүмкiн болмаған жағдайда қалыптасқан жағдайды белгiлеп алуға (схемасын жасауға, соның iшiнде суретке, бейнетаспаға түсiрудi пайдалануға);
24) өндiрiсте болған топтық (екi және одан да көп адам) жазатайым оқиға, жазатайым ауыр оқиға не кiсi өлiмiне әкеп соқтырған жазатайым оқиға туралы бiр тәулiк iшінде тиiстi мемлекеттiк органдарға хабарлауға;
25) қатты улану жағдайлары туралы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiне хабарлауға мiндеттi. Ұйымның қызметi мен жұмыс түрлерiнiң ерекшелiгi, аса жоғары қауіп көздерінің бар болуы ескерiле отырып, жеке еңбек не ұжымдық шарттарда жұмыс берушiнiң қосымша мiндеттерi көзделуі мүмкiн.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жұмыс берушінің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығынданбайды.
Қаражат көлемі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет