Лекция мақсаты: Туристік өнімнің бәсекеге қабілеттігін және сапаны анықтау көрсеткіштерін сипаттау, талдау



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата29.10.2022
өлшемі0,64 Mb.
#155623
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 14-15. Туристік кәсіпорындарының маркетингтік қызметі және менеджмент(1)
1 наурыз алғыс айту күні, 4 - Тәжірибелік тапсырма, Отио ргр3


Туристік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету. 
Туристік өнімнің бәсекеге қабілеттігін қамтамсыз ету 
Лекция мақсаты: 
Туристік өнімнің бәсекеге қабілеттігін және сапаны 
анықтау көрсеткіштерін сипаттау, талдау.
 
11.1
Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі 
11.2 
Стандарт және стандарттау ұғымы 
11.3 Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы 
Қазіргі нарықтық
экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына 
басқалай талап қояды. Бұл қазіргі кезде кез-келген туркәсіпорынның өмір 
сүру мезгілі оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты 
жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсеке жарамдылық екі көрсеткішке байланысты: 1. баға 
деңгейіне 2. өнім сапасына 
Өнімнің сапасы – бұл белгілі бір мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен 
себепші болатын өнім пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің 
сапалығы тек техникалық тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды 
экономикалық санат (көрсеткіш) болып табылады. Экономикалық санат 
ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер тұтыну құны бұл жалпы 
алғанда тауардың пайдалылығы болса, ол өнімнің сапасы бұл оны 
пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінде көрінуі. 
Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштер жүйесі ретінде 
анықталады.Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық 
маңызын 
білу 
және 
ұқсас 
өнім 
көрсеткіштерімен 
салыстыру 
қажет.Сапасының көрсеткіштерін анықтау оның сандық маңызын өзін-өзі 
түсіну болып табылады.
Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына 
төмендегі әдістер пайдаланылады: 1. Өлшеулі әдіс – бұл арнайы аспаптар 
приборлар көмегімен жүргізіледі 
2. Тіркеу әдісі – бұл тіркеуге және есептеуге негізделген
3.Тіркеу әдісі мынандай көрсеткіштермен, яғни қауіпсіздік, стандарттау, 
сәйкестендірумен анықталуы мүмкін.
4. Есептеу әдісі – бұл өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау 
үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді. 
5. Органалептикалық әдіс – бұл адам мүшесінің азу, көру, есту, дәмін білу, 
түсінуді талдауды қамтиды. Бұл жерде табылған маңыздылықтың дәлдігі мен 
растылығы, адамдардың біліктілігі мен қабілеттілігіне байланысты.
6. Социологиялық әдіс – бұл өнім оны нақты немесе тұтынушылардың 
мүмкіншілігі туралы пікірді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады.
7. Сарапшылық әдіс – бұл арнайы мамандар тобы арқылы іске 
асырылады. Мыс: дизайнерлер, дәм айырушылар (дегустатор). 
Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесі 
пайдаланылады. Онда қорытындылау және өнімнің сапасы жөніндегі жеке 


көрсеткіштер қосылады. Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы 
салада немесе туркәсіпорында оның сапасының деңгейін сипаттайды. 
Бұл көрсеткішке жататындар: -өнімнің сипаттамасы – сорты; -маркасы; -
пайдалы заттың мазмұны; -өнімнің д. Жеке стандартқа сай үлесі, т.б. 
2. Стандарт – бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі 
мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын келісушілік негізінде 
әзірленетін және арнайы органдардың бекітілетін нормативтік құжаты. Бұл 
жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі 
бір объектілерінің жалпы принциптері мінездемесі, талаптары және әдістері 
белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы 
деңгейге жетуге бағытталады. Республикада қолданылып жүрген 
стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды 
көздейді. 
I заңдылық – тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің 
мүдделерін, өнімнің сапасын, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін
халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, өндірісті әзірлеуге, өнімді пайдалануды, техникалық бірлікке 
кепілдік береді.
Үшіншіден 
статистикалық 
жүйе 
әлеуметтік-экономикалық 
бағдарламалардың жобалаудың нормативтік техникалық базасы ретінде 
қызмет етеді.
Мемлекеттік стандарттар сонымен қатар барлық жұмыс түрлерін 
оңтайландыруды жүргізілетін сапа жүйесінің бірін-бірі алмастыратын 
өнімдер мен процестер есебінен ресурстарды ұқыпты пайдалануды 
қамтамасыз етеді. Стандарттық бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет. 
Ал содан соң стандарттың үлгілерді нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап 
әдістемелерді нормативті құжатқа тағайындап қояды. Стандарттық басты 
міндет халық шаруашылығы халықтың еліміздің қорғанысының экспорт 
мұқтажы үшін шығарылған киімге үдемелі талаптарды анықтайды. Сол 
сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативті техникалық 
жүйе жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасы стандарттау жөнінде мынадай нормативтік 
құжаттар бар.
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты.
2.Қалалық стандарт.
3.Техникалық жағдайлар. 
4.Туркәсіпорындар, қауымдастықтар бірлестіктер стандарты. 
5.Ғылыми техникалық қоғамдар 
6.Инженерлік қоғамдардың және басқада қоғамдық ұйымдық стандарт 
3. Өнімнің сапасын басқару – бұл белгілеу, қамтамасыз ету және сапаның 
қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді 
тұтыну кезіндегі жүргізілетін іс-әрекет. Соңғы кездерге дейін сапа 


проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім 
сапасы техникалық деңгейге бағытталады. Сапаны басқару мәселелері мен 
техникалық бақылау және талдау бөлімдері айналысты. Олардың 
функцияларына тауар параметрлерін тексеру өндірістік процестердің әрбір 
операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың 
тура жұмыстары, өнімде табылған ақаулар, оларды талдау және себептерін 
белгілеу 
кіреді.Өнімнің 
сапасын 
басқаруды 
жетілдіруде 
отандық 
өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар мыналар: өнімнің 
сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметін қосу; тұтынушыға және 
барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін дұрыс бағыттау; 
өнімнің өмірде кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі 
механизм әсерлерін күшейту.
Сапаны басқару жүйесін енгізу туркәсіпорында мынандай міндеттерді 
шешуге мүмкіндік береді: 
1.
Жоғары сапалы өнімнің тұйықтылығын қамтамасыз ету 
2.
өнімнің көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты табу 
3.
жоғары бағада сатпайтын өнімді көбейту мүмкіндігін қарастыру 
4.
өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы 
жөніндегі проблемаларды шешу 
Сонымен өнімнің сапасын басқару әрбір туркәсіпорында жүйелі түрде іске 
асқан жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет