Лекция мәтіндері шымкент глоссарий


-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары



бет13/58
Дата22.10.2022
өлшемі281,41 Kb.
#154571
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Байланысты:
КТОМ леция мәтіндері 22-23
Әлеуметтану, Документ (15), лекциялар, Презентация (34), Реферат Тарих, Эссе Қазіргі заман тарихы, жоспар, Салыстырмалы кесте 3саясаттану, Саясаттану кесте 2, рецензия Нарчаевой Р, Адам адамзат айнасы, «Таби и ресурстарды тиімді пайдалану» б лімі бойынша жиынты ба , 1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орÑ
3-тақырып. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
1. Қазақ тілін оқытудың негізгі дидактикалық ұстанымдары (сипаттама): білім берудің дамытушылық және тәрбиелік сипаты.
2. Қазақ тілін оқытудың арнайы ұстанымдары: жалпы әдістемелік және жеке әдістемелік. Бұлардың өзара байланыстылығы мен сабақтастығы.

1. Жан-жақты ізденіс пен арнайы зерттеуді қажет ететін басты мәселелер – тілді оқыту теориясы, олардың принциптері мен негіздері, оқытудың әдіс-тәсілдері. Бұл мәселелерді қарастыратын ғылым салалары – дидактика мен әдістеме. Дидактика мен әдістеме – өзара тығыз байланысты болғандықтан, әр бөлек ғылым салалары.


Дидактика – барлық ғылым мен пәндерге ортақ білім беру мен оқыту теориясы. Сондықтан ол әр пәнді, сабақты оқыту әдістемесінің теориялық негізін, басты қағидасы болып табылады. Сол сияқты қазақ тілін оқыту саласы да дидактиканың білім беру негізіне, тәлімге тәрбиелеу ережелеріне, сол арқылы педагогика ғылымының жалпы заңдылықтары мен принциптеріне сүйене отырып дамиды.
Әдістеме мен дидактиканың зерттеу объектілері бір-біріне тығыз байланысты, бірақ бірдей емес. Кейбір тілшілер оларды объектісі бір ғылымдар деп санайды. Мәселен, «Дидактика мен методика бір объектіні – оқу-тәрбие процесін зерттейді, яғни олардың зерттеу мақсаты бір. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мынада: дидактика оқу-тәрбие процесін жалпылама зерттесе, методика оны тек белгілі оқу пәніне байланысты қарастырады» (С.Әбдіғалиев).
Ғалымдардың мұндай пікірге келуі әдістеме мен дидактиканың өзара тығыз байланысты болуынан туындаған. Өйткені дидактиканың негізгі қағидалары әдістеме ілімі арқылы жүзеге асады, ал әдістеме дидактиканың басты ережелері мен заңдылықтарын пайланады.
Дидактика – педагогика ғылымының білім беру және оқыту теориясын қарастыратын саласы. Дидактика білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту жайын зерттейді. Демек, дидактика білім мазмұнын анықтау, оқыту үдерісінің заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады. Осы мәселелер жөнінде өзінің принциптерін белгілейді.
Дидактикалық принцип – оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида. Бұл қағидада оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және әдістеріне қойылатын талаптар көрсетіледі. Оқыту принциптері тәрбие мақсаттарына сәйкес келіп, онымен үйлесіп жатуға тиіс. Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Дегенмен, оқу материалының түріне, олардың өтілу кезеңдеріне қара» дидактикалық принцип ережелерін қолданудың ерекшеліктері болады.
Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық ұстанымды басшылыққа алады. Принцип /ұстаным/ - латын сөзі основа первоначально-руководящая идея... қазақшасы - оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида. Қазақ тілін оқытудың барлық сатысында бағыт беретін негізгі жұмыс бағыты осы.
Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийден басталса, орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін зерттеуде Одақ /кеңес/ кезінде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдап көрсетсе, М.А.Данилов /"Дидактика средней школы"/ 1975 ж. кітабында дидактикалық принциптің 7 түріне түсінік береді. Т.А.Ильина "Педагогика" кітабында оқытудың 7 түрлі принциптеріне анықтама береді. Ю.К.Бабанский /Педагогика, І977 ж./ оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады. Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя білген: «...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында /"Қырғыз хрестоматиясы"/ тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету ...шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің - көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек», - дейді. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту, саналылық принципін ұсынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет