Лекция Қолданбалы социология. 1 сағ., 14-апта Жоспар: Социологиялық зерттеулер: түрлері мен мақсаттары. Социологиялық зерттеурдің бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата18.12.2021
өлшемі247,03 Kb.
#102654
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
lektsiya 14 kaz

 

және


 

көрсеткіштердің эмпирикалық түсініктемесіне, сондай-ақ 

олардың өлшем шамаларына орналастырылса, оның белгісіз жақтары зерттеу болжамдары 

түрінде белгіленеді.  

Болжамдардың  маңыздылығы  мынада:  олар  көрсеткіштер  мен  индикаторлардың 

бүкіл жүйесін белгілі бір түрде құруға көмектеседі, сондай-ақ, эмпирикалық мәліметтерді 

өңдеуді  белгілі  бір  тәртіппен  бағыттайды,  оларды  әлеуметтану  тұрғысынан  зерттеудің 

қойылған мақсаттарына қызмет етуге бағындырады. Сонымен, бүкіл зерттеудің мақсатына 

жетуді қамтамасыз ету үшін қойылған міндеттер аяқталады.   

Болжамдар  негізгі



 

және


 

екінші  дәрежедегі,  сапалы



 

немесе


 

сандық,


 

сипаттамалық



 

немесе


 

түсіндірмелік және т.б. болуы мүмкін. Болжамдарға мынадай талаптар қойылады: 

1)  олар  теория  мен  ғылымның  белгілі,  тексерілген  заңдарына  қайшы  келмеуі  тиіс;  2) 

оларды зерттеудің соңында ақиқаттылығын тексеруге болатындай етіп құрастыру қажет.  

5.  Әлеуметтану  тұрғысынан  зерттеу  жоспары  оның  ұйымдастыру  негізін  білдіреді. 

Оларға мынадай уақыт мерзімі мен жұмыс кезеңдері жатады: 

 

- зерттеу тақырыбының, проблемасының, болжамының анықталуы; 



 

-  тақырыптың  мәніне,  зерттеу  объектісінің  проблемасы  мен  табиғатына  қатысты 

әдебиеттерді, әр түрлі ақпарат көздерін зерделеу; 

 

-  алғашқы  бақылау,  тәжірибелі  сарапшылармен  сұхбат  жүргізу,  алғашқы 



құжаттарды зерттеу негізіндегі зерттеу объектісінің алғашқы сипаттамасы; 

 

- негізгі зерттеуді жүргізу; 



 

- алғашқы зерттеу қорытындыларын өңдеу және есеп құру. 

Іріктеу  жиынтығын  есептеу.  Ең  алдымен  қарастырылатын  мәселе  бойынша  негізгі 

ұғымдық аппаратты анықтап алу қажет. 

Іріктеу  - талдау үшін  белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген 

кіші тобы.  

Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. 

Іріктеудің  негізделгендігі  жалпы  жиынтық  туралы  толық  ақпаратқа  ие  болуды  білдіреді. 

Олар  статистикалық  жинақтар,  әр  түрлі  облыстық  бөлімшелердің  (жұмыспен  қамту 

орталығы) мәліметтері болуы мүмкін.  

Іріктеу  жиынтығы  -  дәлме-дәл  ереже  бойынша  таңдап  алынған  жалпы  жиынтық 

элементтерінің  белгілі  бір  саны.  Зерттеу  кезінде  ол  жалпы  жиынтықтың  ықшам  үлгісін 

білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар 

мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.  

Іріктеу  көлемі  зерттеудің  талдамалық  міндеттерімен,  ал  оның  репрезентативтілігі  - 

бағдарламаның мақсатымен анықталады.  

Іріктеу  көлемі  -  бұл  респонденттердің  белгіленген  жалпы  саны.  Зерттеу  іріктеуі 

репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.  

Сипатты есептеу. 

Іріктеудің  сипаттылығы  -  бұл  зерттелетін  құрамның  көрсетілген  өлшемдерінің 

(белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.  

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері. 

Квоталық  іріктеу  әдісі  респонденттердің  іріктеп  таңдалуы  (жынысы,  ұлты,  жасы, 

білімі,  әлеуметтік-кәсіби  мәртебесі)  жүретін  бірнеше  белгілер  (мысалы,  бес  белгі) 

бойынша анықтауды қажет етеді.  

Квоталық  іріктеу  кезінде  респонденттер  сұхбат  алушымен  квота  өлшемдерінің 

сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады. 

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы. 

Іріктеу  жиынтығы  элементтерінің  қажетті  белгілер  бойынша  бөлі-нуінің  құрылымы 



оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, 

мөлшерлес бола-тындай құрылуы тиіс.  

2-ші  сатысы  бойынша  -  квоталық  принцип,

 

этникалық  және  кәсіби  өлшемдер 

негізінде.  Іріктеудің  мұндай  құрылымы  сипаттаудың  аумақтық  принципін,  сол  сияқты 

республиканың жалпы жиынтығының сипатталуын қамтамасыз етіп, іріктеу жиын-тығын 

орнықтыруға мүмкіндік береді.  

Квоталық  іріктеу  бойынша  сұрау  жүргізу  кезінде  сұхбат  алушыға  респонденттерді 

жынысы, жасы және білім деңгейінің белгісі бойынша таңдауда біршама еркіндік беріледі. 

Әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеу әдістемелерінің қазіргі жиынтығы өте кең 

және әр алуан. Сондықтан, зерттеулерді бірқатар негіздер бойынша жіктеуге болады, атап 

айтқанда: 

- қарқыны мен күрделілігі бойынша; 

- шапшандығы мен уақыт шегі бойынша; 

- зерттеу объектілері мен қолдану саласы бойынша; 

-  әлеуметтанушылық  және  маркетингтік  ақпарат  жинаудың  қолданылатын  негізгі 

әдістері бойынша.   

Аталған  типтердің  біріншісі  бойынша  сипаттау  және  жіктеу  үшін  қарқын  мен 

күрделіліктің  бір  шамасын  көз  алдымызға  елестетейік.  Осы  шама  негізінде  пилотаждық 

зерттеу орналасады, батыс әдебиетінде  “pіlot research” терминінен гөрі “pre-test”  термині 

жиі қолданылады.  

Пилотаж үшін іріктеу үлкен емес, егер негізгі зерттеу бұқаралық сұрау болса, әдетте 

- 10-50 адам.  

Экспресс-сұрау  -  бұл  қоғамдық  пікірдің,  қоғамдық  көңіл-күйлердің  лезде  суретке 

түсірілуі. Мұндай сұрауларға, әдетте, бұқаралық ақпарат құралдары тапсырыс береді және 

олар не маңызды оқиғалар қарсаңында, не ізін суытпай өткізіледі.  

Зерттеу объектісі мен қолдану аясы бойынша мыналарды бөліп көрсетуге болады:  

-  әлеуметтанудың  және  оның  жеке  теорияларының  ғылыми  проблемаларын  жасау 

шеңберінде жүргізілетін зерттеулер (шынында, “нақтылы әлеуметтану зерттеулері” сөздің 

турасында айтқанда, осы болады); 

- қоғамдық пікірді зерттеу; 

- маркетингтік зерттеулер; 

- медиа зерттеулер. 

Сандық  және  сапалық  әдістер  арасындағы  айырмашылықты  ары  қарай  мына 

сызықпен жүргізуге болады: 

-

 



макроәлеуметтану - микроәлеуметтану; 

-

 



объективті - субъективті; 

-

 



жалпы - ерекше; 

-

 



қарапайым - бірегей. 

Сандық  және  сапалық  әдістер  өзінің  “еңбек  бөлінісіне”  ие.  Әлеуметтік  ақпарат 

жинау  мен  талдауда  біріншілері  -    қорытынды-лау,  құрылымдандыру,  типтендіру 

функциясын  орындаса,  екіншілері  -  түсіну,  нақтылау  және  жеке-даралау  функциясын 

орындайды. 

Сандық және сапалық әдістемелер қалай өзара әрекеттесіп, бірін-бірі ауыстырады? 

Сандық  және  сапалық  көзқарастар  кейде  бір  ғана  әдіс  шеңберінде  орын  алады.  Бірақ, 

олардың арасындағы айырмашылықтар әрбір жағдайда бірдей емес дәрежеде болады.  

Ресмиленген  сұрау. 

Сұрау сандық әрі сапалық әдістемелерде қолданылады.  

Әлеуметтанушылық  және  маркетингтік  тәжірибеде  сұрау  түрлерінің  тым 

тармақталған  жіктелімі  қалыптасқан.  Ең  алдымен,  біз  сұрауды  сауалнама  мен  сұхбатқа 

бөлеміз.  Бірінші  әдіс  –  респонденттің  сұрақнаманы  жазбаша  толтыруын,  екіншісі 

сұрақнаманы сұхбат алушының респонденттің сөздерінен толтыруын білдіреді.  

Сауалнамашының  (әлеуметтану  қызметі  қызметкерінің)  қаты-суымен  сауалнама 



жүргізу  кеңестік  қолданбалы  әлеуметтануда  кеңінен  таралған  әдіс  болатын.  Ол,  әдетте, 

топта жүргізілетін. 

Сауалнамашының  қатысуымен  және  кеңес  беруімен  сауалнама  жүргізу.  Бұл  әдіс 

сұхбатқа қарағанда арзанырақ, ақпарат жинауды бұл жерде тезірек жүзеге асыруға болады.  

Пошталық сұрау (жауабы төленген сауалнамаларды пошта арқылы жіберу) бүгінде, 

көбінесе сараптамалық сұраулар үшін пайдаланылады.  

Баспасөздік сұраудың артықшылықтары мен кемшіліктері пошталық сұраудағыдай. 

Сауалнамалардың  ең  кем  қайтарымдылығын  қамтамасыз  ету  үшін  бұл  жерде 

ынталандыру қажет. Мысалы - жіберілген сауалнамалардың нөмірлері бойынша лотерея. 

Ең  үлкен  зерттеу  мен  ақпарат  тиімділігін  қазіргі  таңда  пәтердегі  жеке  сұхбат  әдісі 

көрсетті.  

Фокус-топ. 

Фокус-топтар құрамы (6-дан 12-ке дейінгі әрбір адам) зерттелетін жиынтық ішіндегі 

пікірлер,  көңіл-күй,  қажеттіліктер,  талғамдар  айырмашылығын  барынша  көрсету  үшін 

іріктеп алынады (фокус-топты іріктеп алу рекруттеу деп аталады). Сонымен бірге, топтар 

ішінде  жасы  немесе  білім  деңгейі  бойынша  үлкен  айырмашылықтарға  жол  берілмейді. 

Олай  болмағанда,  фокус-топтар  әдісінде  ақпарат  алудың  аса  маңызды  тәсілі  болып 

табылатын топтық серпін жұмыс істемей қалуы мүмкін.  

Фокус-топтың жүргізушісі модератор деп аталады. Модератордың жұмысы жоғары 

біліктілікті 

қажет  етеді,  көбінесе  фокус-топты  кәсіби  психологтар  немесе 

әлеуметтанушылар  жүргізеді.  Модераторда  терең  сұхбатта  гайд  деп  аталатын  пікір 

алысудың жалпы жоспары болады.  

Фокус-топтар  аудио  немесе  бейнепленкаға  жазылады,  жазбалар  негізінде  арнайы 

әдістемен түсіндіру (транскриптер), резюме мен есептер дайындалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет