Лекция Отбасы және қазіргі заман


Отбасының құрылымы мен қызметтері



бет2/3
Дата14.03.2023
өлшемі23,39 Kb.
#172480
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
6 апта лекциясы
Математика 2-сынып 4-тоқсан №1 (105-сабақ), Документ, Дүниетану 1 сынып 1 бөлім, Экономич показатели гостиницы, презентация на тему - Формы безналичных расчетов, 4 сынып Алуа
Отбасының құрылымы мен қызметтері.
Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасықоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметті. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметті болып келеді. Бірақ жұбайлардын балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған, қазіргі де солай. Мысалы патриархальды отбасы – шаруашылық экономикалық қажетіліктен туған. Қоғам әр түрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі – зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына интермелейді. Мысалы, Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізіледі. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы – отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халықтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресустарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытай шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.
Отбасының екінші маңызды қызметі - материалдық – экономикалық және тұрмыстық - шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметті қазіргі уақытта бірінші орынға көтеріледі, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсіресе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелелерінің шаруашылық - тұрмыстық қызметін ерлі – зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазіргі жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық – тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды.
Отбасының қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік қызметі: оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік - мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірбиесін жас ұрпақа жеткізу, бойына сіңіру, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке – шешенің маңызды міндетті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата – аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет.
Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет