Лекция Тақырыбы : Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы. Қазақ балалар әдебиетінің дамуы



бет18/18
Дата14.10.2022
өлшемі0,65 Mb.
#152952
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
358648 2
Есіркеп Ерасыл Қанатұлы 1504-11, Азықтандыру Дастан дайын, халикова махбуба, 358648, Қылмыстық құқық реферат, Дидар реферат 2.2 фтн, Логикалык есептер
Әдеби сын тарихын – жанр тарихы арқылы келіп зерттеудің бір әдемі үлгісі – “Сын сапары”, “Оңаша отау” аталатын қос кітаптан тұратын еңбегі. “Құлағы кесіліп құнтиып, мұрны кесіліп шұнтиып” жарық көрген қос кітаптық зерттеуді ойға алса ұстаздың жаны шырқырап кетеді. Кезінде баспа бұл қос томдықты аяусыз қырқып, “жүнін жұлған тауықтай” жұлмалап қысқартып шығарды. Баспаға бірге тапсырылған кітаптың екі том арасына он жыл салып барып жарық көргенін айтыңыз. Олай болатын реті бар.
Сын­ – қоғамдық ойдың қозғаушысы, ұлтты оятатын, есейтетін есті жанр. Ғалым қазақ ұлтының ояну дәуірі болған – ХХ ғасыр басындағы әдеби сын жайында айтқанда патшалық Ресей қыспағына қарсы небір ащы ойларды, бостандық алдық дей отырып, ұлт оянуын, тәуелсіздік таңын аңсаған өткір пікірлерді тұтас-тұтас үзінді күйінде кітабына еркін енгізіп отырған болса, түрлі кедергілерді жеңіп, жарық көрген қос томдық бүгінде оқулыққа айналды. “Қазақ әдебиеті сынының тарихы” аталып қайта-қайта басылым көрді. Ұлтын оятып, ұлт ұрпағын ұлттық санаға тәрбиелеп келеді. Ұрпақ танымына тарихи тұрғыдан ықпал етіп, санасына ұлттық сапа егуден асқан абыройлы міндет бар ма?! Т.Кәкішұлы еңбектері осындай абыройлы міндет жетегінде! Қазақ әдебиетіне түрлі аспектіден келіп, жан-жақты зерттеген ғалым еңбегі өзіндік бірнеше ерекшелігімен дараланады. Атап айтар болсақ, профессор Тұрсынбек Кәкішұлы зерттеу еңбектері, біріншіден, жан-жақты терең зерттеу нәтижесі. Екіншіден, ол еңбектерін ғылыми концепцияға құрады. Үшіншіден, ғалым еңбектері архивтік деректерге толы келеді. Бұл – еңбектің дәйекті­лігін, ғылыми маңызын арттырады. Төртіншіден, профессор еңбектері үлкен ғылыми жинақтаулар­дан тұрады. Оның зерттеу еңбектерінен тұтас-тұтас дәуірдің саяси халі, әлеуметтік ахуалы, әдеби процесі өзара жымдасып, тұтаса көрінеді. Оның еңбектері – өзі зерттеп отырған дәуір келбеті, рухани портреті дәрежесіне жетеді. Тұрсекең тәуелсіздік күндеріне, осылай, “Октябрь өркені”, “Сын сапары”, “Оңаша отау” зерттеу еңбектері арқылы әбден толысып келген болатын. Тегеурінді зерттеушіліктен оның табанды саясатқа ойысып, тәуелсіздік талаптары жайында біраз пікір тербеуі осы орайда заңды да. Иә, өтпелі кезеңде Тұрсынбек Кәкішұлы саясаткер болып атқа мінді. Кейбір замандастары: “Замана әлдеқалай құбылып кетпес пе?” деп әліптің артын бағып, сақтық жасап отырғанда бодандық тарихын егжей-тегжейлі білетін ғалым жан-жағына жалтақтап жатпай, саясат теңізіне түсті де кетті. Ғалымның өтпелі кезеңде дауысының ащы шығып жатуына соның алдында ғана құйын болып келіп, империялық қитұрқы саясаттың артын ашып кеткен Желтоқсан оқиғасы да себепкер болды-ау. Өйткені, 1986 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің деканы болып қызмет атқарған Тұрсекең тіміскіленген қауіпсіздік органдарына, студент балаларын өз перзентіндей қорғаштап, бірде-бір шығын бермеген, сөйтіп, солдан тұрған жел оңға ойыспаған жағдайда тағдыры не болары белгісіз, бірақ тәуекел деп тас жұтып, бәріне де белді бекем буған табанды кісі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет