Лекция тақырыбы: Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі


Жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі34,18 Kb.
#98034
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
12.Мемлекеттік қызметті реформалаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы аспектісі

12.3. Жергілікті деңгейде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органы
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңестері болып табылады, ол Қазақстан Республикасы Президентінің жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес, 2005 жылы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту үшін құрылды. Бұл органдар өз қызметтін жүзеге асыру кезінде жариялылық, жүйелілік және өз қызметінің профилактикалық бағыттылық қағидаттарын, жұртшылық өкілдерін және бұқаралық ақпарат құралдарын жұмыс отырыстарын дайындауға және өткізуге кеңінен тартуды басшылыққа алады.
Бұдан әрі мемлекеттік қызметті реформалау мәселесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының пленарлық отырысында «Мемлекеттік басқаруды корпоративтік басқару, транспаренттілік және қоғам алдындағы есептілік қағидаттары негізінде жаңғырту» туралы бағдарламалық баяндамасында белгіленді.
Баяндамада айтылған әкімшілік реформаның басым бағыттарының бірі ретінде сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыр және нығайту секілді бағыттар ерекше атап көрсетілді.
Мемлекеттік басқару жүйесінде ауқымды өзгерістер, меритократия, адалдық және тиімділік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастыру міндетін жүзеге асыру басталды. Бұл қағидаттарды 2008 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда жариялады.
2011 жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің № 119 Жарлығымен, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдаманы толық жүзеге асыру үшін 2012 жылы желтоқсанда «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер мен толықтырулар енгізілді, ол 2013 жылғы 26 наурыздан бастап күшіне енді.
Реформалау шеңберінде құрылған мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мемлекеттік қызметті ұйымдастыруға қатысты жаңа тәсілдерді талап етті. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мемлекеттік қызметтің жаңа институттары құрылды және мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту үшін жаңа тетіктер енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет тиімділігін қамтамасыз ететін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы компонент күшейтілді.
Сонымен бірге жаңа моделді қалыптастыру бойынша практикалық шаралар Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы наурыздағы жарлықтарында регламенттелді. Осылайша, 2013 жылдың наурызында мемлекеттік қызметті реформалаудың күшті саяси және құқықтық базасы құрылған болатын.
2014 жылдың тамыз айында атқарушы органдарды оңтайландыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) бірігуі арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылды.
Жаңа Агенттіктің практикалық қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталды. Мемлекеттік органның жаңа міндеттері 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің №986 Жарлығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленді.
Қазақстан Республикасының қабылдаған қадамдары әр мемлекеттің алдына мемлекеттілікті нығайту міндетін қойған жаһандық тегеурінді талаптары мен қазіргі әлемнің сын-қатерлеріне сәйкес болды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2015 жылы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде, жалпы мемлекетті жаңғырту жөніндегі бес институттық реформаны ұсынды. Осы негізде, ол «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспары (бұдан әрi – Жоспар) әзірленді. Мемлекет басшысының бірінші институционалдық реформасы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған.
Ол жоғарыда аталған реформаны жүзеге асыру үшін 15 нақты қадамды қамтиды: мемлекеттік қызметте кіру рәсімдерін жаңғырту, төменгі лауазымдарға кандидаттарды іріктеу және оларды құзыреттілік тәсіл негізінде одан әрі ілгерілетуді жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер үшін міндетті сынақ мерзімін енгізу.
Сондай-ақ, Жоспарда еңбек нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу, лауазымдық жалақыға өңірлік түзету коэффициенттерін енгізу көзделген.
Мемлекеттік қызметті жаңғырту шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің мансаптық өсуі үшін конкурстық іріктеуге көшу, меритократия қағидатын күшейту, тұрақты оқыту жүйесін құру, сондай-ақ жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерді кешендік аттестаттау жүргізу жұмыстарына ерекше назар аударылатын болады.
Мемлекеттік қызметтің жаңа моделін институттандыру және мемлекеттік аппарат қалыптастыру бойынша барлық теориялық тәсілдер мен негіздер, сондай-ақ практикалық шаралар аталған Жоспар шеңберінде қабылдау көзделген, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңда бекітіледі.
Жоспар қазақстандық қоғамда оң қабылданды. Тек бірлескен іс-шаралар векторы және қоғам мен мемлекеттің өзара түсіністігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес алаңын жасай алады. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін мақсаттар мен іс-шаралар кешенді болуы керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жартылай шараларды, таңдамалы немесе азаматтардың жекелеген санаттарына төзбейді. Тек заң алдында азаматтардың теңдігінің конституциялық қағидаты толық іске асырылса, мемлекеттің мақсаттарына деген сенім арта түседі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметінің тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады. Бұған мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, монополия субъектілерінің қызметінің ашықтығын, айқындығын, қоғам алдындағы есептілігін арттыру, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктерін кеңейту септігін тигізуі тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларын іске асыру аясында мына заңдар қабылданды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік бақылау және аудит туралы, мемлекеттік сатып алу туралы, қоғамдық кеңестер туралы, ақпаратқа қол жетімділік туралы және т.б. Енгізілген жаңашылдыққа сәйкес, 2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасының барлық азаматтары өз табысын ғана емес, сонымен қатар шығындарын да жариялаулары керек.
Осылайша, Қазақстанда халықаралық тәжірибе мен ел дамуының ұлттық ерекшеліктерінің негізінде мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласында реформалар жүргізуде өз тәжірибесін жинақтады деп қорытынды жасауға болады. Орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдары жүйесінде функционалдық және құрылымдық өзгерістер өтті, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі құрылды. Қоғамдық өмірдің әр түрлі бағыттары мен салаларында қойылған мақсатқа сәйкес, реформа кезеңді түрде жүзеге асты. Бұрын қойылған көптеген міндеттер орындалды немесе орындалуға жақын қалды десе де болады, олардың кейбіреулері мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті жаңғыртуға бағытталған әкімшілік реформаның жаңа кезеңінде өзекті болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет