Лекция тезистері 2 кредит



Pdf көрінісі
бет46/83
Дата29.12.2021
өлшемі1,07 Mb.
#106206
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83
Байланысты:
Психология
1-АБ Орифжан, Физика (жа а формат) 2017 Физика 1-Н С А, Психология , a8c5bb28018f1173443aacdd0b47c362, a8c5bb28018f1173443aacdd0b47c362, Тілдің шығуы жайлы теориялар
Сангвиник

.  Жоғары  дәрежелi  әрекетшең  адам,  дегенмен,  бұл  әрекетшеңдiк  оның 

белсендiлiк қасиетiне сай, қозу мен тежелуi тепе-тең. Назарын тартқанның бә-рiне араласа кетедi, 

ым-ишарасы  мен  қозғалыс  қимыл-дары  мәнерлi,  шапшаң.  Сәл  нәрседен  қарқылдап  күледi, 

болмашы  себептен  көңiлi  қалып,  мұңаяды.  Бет-жүзiнен  көңiл-күйi,  заттар  мен  адамдарға  болған 

қатынасы  бiлiнiп  тұрады.  Сезiмталдығы  өте  жоғары,  сондықтан  ол  оншама  әсерi  болмаған 

дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермей-дi. Мұндай адам көтерiңкi белсендiлiкке ие, жұмыс қабi-

летi  мен  қуатының  жоғары  болуынан  жаңа  iске  қаймық-пай  кiрiседi,  ұзақ  уақыт  талып-

шаршамастан  қызметiн  жал-ғастыра  алады.  Зейiнiн  таңдаған  объектiне  тез  шоғырлан-дырады, 

тәртiптi, қажет болса, өзiнiң ырықсыз әрекеттерi мен сезiмдерiне тоқтау, тиым бере алады. Әрекетi 

же-дел, ақылы-ойы икемдi, тапқыр, сөйлеу қарқыны шап-шаң. Сезiмдерi, көңiл-күйi, қызығулары 

мен  ниеттерi  өзгерген  жағдайға  байланысты  жеңiл  ауысып  отырады.  Сангвиник 

төңiрегiндегiлермен  тiл  табысқыш,  жаңа  талаптар  мен  жағдайларға  икемшiл.  Қиналмастан  бiр 

iстен  екiншi-сiне  ауыса  алады,  қажет  болса,  қайта  үйренiп,  жаңа  да-ғыларды  қабылдауға  шебер. 

Әдетте, бұл типтi адам өт-кенi мен болашағын болжастыруда өзiнiң субъектив пай-ымдауларының 

жетегiнде қалып қоймай, көбiрек сыртқы әсерлердi объектив бағамдауға бейiм, экстраверт. 



Холерик

.  Сангвиник  сияқты  жай  әсерлерге  берiлмей-дi,  әрекетшең  және  белсендi.  Бiрақ 

холериктiң  әрекет-шеңдiгi  белсендiлiктен  басымдау,  сондықтан  ол  ұстам-сыз,  шыдамсыз,  қызба. 

Сангвиникке  қарағанда  салғырт-тау,  икемi  кемiрек.  Осыдан  -  ниеттерi  мен  қызығулары 

тұрақтылау,  табанды,  зейiнiн  ауыстыруы  қиындау,  сезiмi  көбiне  сырттай  көрiнедi,  сондықтан  - 

толық экстраверт. 



Флегматик

 - әрекетi енжар, сезiмталдығы мен көңiл шарпулары кем көрiнiстi. Оны күлдiру 

де,  мұңайту  да  оңай  емес,  төңiректiң  бәрi  күлкiден  жығылып  жатқанда,  ол  мiз-бақпас.  Қай 

жағдайда  да  сабырлылығы  мен  байсалдылығын  жоймайды.  Ым-ишара  жоқ,  сөзi  сылбыр,  әрекетi 

жай.  Жаңарған  жағдайға  икемделуi  қиын,  дағдылары  мен  әрекеттерiн  өзгертуi  ауыр.  Солай  да 

болса,  флегматик  өте  қуатты,  жұмыстан  шаршамайды.  Шыдамды,  ұстамды,  сезiмге  берiлмейдi. 

Әдетте,  жаңа  адамдармен  араласып  кете  бермейдi,  сырттай  әсерге  төзiмдi.  Бар  бiлгенi  iшiнде  - 

интраверт. 



Меланхолик.

  Өте  сезiмтал,  бiрақ  әрекетшеңдiгi  кем  адам.  Болмашы  нәрседен  көзiне  жас 

үйiрiлiп,  өкпе-легiш,  сырттай  әсердi  күйзелiспен  қабылдайды.  Ым-иша-расы  жоқтың  қасында, 

дауысы мен қозғалысы өте сыл-быр. Әдетте, өзiне сенiмсiз, үркек, болмашы қиындықтан шегiнедi. 

Меланхоликтiң  жiгерi  кем,  тез  шаршайды,  қыз-метi  болымсыз.  Зейiнi  тұрақсыз,  оның  барша 



психикалық  процестерi  әлсiз.  Көпшiлiк  меланхоликтердiң  өздерiнiң  тұйықтығы  мен  адамдардан 

оқшаулануынан iшiне түйгенi көп - толық интраверт. 

Әр  адамның  темперамент  типi  тума  екендiгi  қалт-қысыз  дәлелденген,  ал  қасиеттер  түрiне 

байланысты белгiлi типтiң ұйымдасу проблемасы - әлi ғылыми ше-шiмiн таппаған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   83




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет