Лекция тезистері 3 кредит


-апта Тақырып № 8. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі



бет20/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

8-апта


Тақырып № 8. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыстарының жүйесі. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі
2. Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.
Оқу - санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.
Тәрбие күшіне ену дегеніміз - өз жұмысына, ісіне сену. Себебі, нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талашылдық, еңбек тәртібі болады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.
Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді. Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық, т.б. іс-әракетті үйрету үйірмелері мен секцияларұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «меннің» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.
Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзінтәрбиелеуге жағдай туғызу.
Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1) Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс – талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. Жағдайлар себепті болады.
Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендееуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден-бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын – отбасы тәрбиесі.
Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ– шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждың қамтамасыз етуі деп санаушылық.
Жастайынан еңбектену әдет– дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата-аналардың моральға жат қылықтарымен, өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс-керіс, дау-жанжал), бірін-бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.
Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:
1) Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым – қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың бейім қабілетіне, мінез-құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру, мектебін алмастыру, Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері әрекет ету.
Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсерлі әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б. Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді.
Тағы бір әдіс – қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Бұл әдістің құндылық мәні–оқушы қателігін түсіну өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасына колма береді. Мектептегі нерв жүйесі нашарлаған қиын балалармен тәрбие жұмысын жүргізу көптеген қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктері мен қатар, сырқаттарына байланысты өзгешіліктері бар. Ескеретін мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік-тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:

  • дайындық кезеңі;

  • қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда аңықтау;

  • екінші кезең – қиын оқушылар мен көш жора-жолдастары арасындағы байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.

  • Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қылықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың арасында күрес басталады.

  • Соңғы кезең бекіту кезеңі, ірбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік мәнді өзгерсітер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап, оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.

Тұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Н.Д. Хмель) педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктер жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, тұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі «педагогтар-оқушылар» жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. «Оқушылар» жүйесінде қарым-қатынас «педагогтар-оқушылар» жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жандандыруға мүмкіңдік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретіңде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясыңда бұл өзара қарым-қатынас, өзара ықпалдасатың тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықгың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырлығына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К. Крупская, Т.Е. Конникова, А.С. Макаренко, Л.И. Новиков, В.А. Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне окушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:
1. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықгарының, қозғаушы күштерінін және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білімдер.
2. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму зандылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
3. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.
5. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақга және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған окудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.
6. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды ұштастыра алуы.
7. Алғашқы ұжымды мектепте және мектептен тыс басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет