Лекция тезистері 3 кредит


Дарынды балаларды анықтау



бет38/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Дарынды балаларды анықтау. Бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдылары меңгеретін шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар алатын, бір тума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру бұл әрине, оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытудың маңызы мәселе екендігін дәлелдейді. В. В. Давидо «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жады: жеке тұлғаның маңызы жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты» деп есептеген. Б. Элькони шығармашылыққа мынадай анықтама береді: шығармашылық - бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалынған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сопылығымен, бір тумалығымен ерекшеленетін болса, онда бұл нәрсені туғызатын шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.
Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды: баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу, дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану, баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау, жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары, түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешенді сипаты.
Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты: олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсат қажет оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Дегенмен, әліде болса бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олардың білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай, деңгейіне оқыту, ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру, өйткені ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәттен естен шығармауымыз жөн.

  • Көзбен көретін айғақтардың тиімділігін пайдалану.

  • Оқушылар пікірлерін тыңдап, олардың рефлексиясын ескеруге көңіл бөлу қажет.

  • Әріптестермен пікір алмасу кейбір шешімі қиындық тудыратын сұрақтарды жеңілдетеді.

  • Тапсырмаларды құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшеліктері міндетті түрде ескерілгені дұрыс.

  • Жаңа тақырыпты түсіндіруде оқушылардың тәжірибесіне сүйену және өмірден мысалдар келтіру олардың үлкен қызығушылығын тудырады.

  • Оқушылардың қателесу қорқынышынан арылту үшін, алдымен мұғалімнің өзі қателесуден қорықпауы қажет деп есептеймін.

  • Оқушыларды білім беру объектісі ролінен серіктес роліне жоғарылату олардың тұлға ретіндегі сенімділіктерін арттырады. Сондықтан оқушыларға сенім артудан тартынбау керек.

1 . Тәрбие отбасынан басталады


Қиын балалардың отбасындағы беріктігі және өнегелі отбасында өнегелі ұрпақ тәрбиеленетіні сөзсіз. Қиындықты шешудің негізгі жолы-отбасында қарым-қатынастарды орнату.
В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға деиін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін бастайтындығын түсіндірді. Ересек кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.
Отбасының қоғам мен мемлекет, тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі –Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.
А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие-тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде», - деген ғой. Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап, құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі.
Л.Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінеде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыға қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы - отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату.
Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін отбасы қоғаммен тығыз байланыста болуы керек. Ғалым-педагог И.Гребенников отбасы қызметін 5 топқа бөледі: ұрпақ жалғастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, қарым-қатынастық және бос уақытты демалуды ұйымдастыру.
Демек, отбасында ата-ана осы қасиеттерді барынша бірігіп,жақсы ұйымдастыра білсе және педагогикалық жағынан білімді, психалогигалық әдіс-тәсілден хабардар болса, отбасындағы ахуал ерекше болмақ.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала – жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.
3. Қазақ халқы - ғажап тәлімгер.
Халықтық педагогиканы оқыту үрдісінде пайдалана отырып, ұлттық тәрбие беруде жеткіншектерге тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, салт-дәстүрін меңгерту-оқушыға қажет.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүр. Сол арқылы ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. Жасөспірімдерді, нашақорлықтан, ұрлықтанарашалауда, олардың санасына кісілік, адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері көп Ата-бабаларымыз әдептілігімен, өнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне дегенөзара достық қарым-қатынасымен, ерең еңбегімен балаларына үлгі өнеге көрсеткен. Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс анна тілінде сөйлеуіне де зор мән берілген,әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін,ерптегілеп айтып беретін ата-аналарының «Бала біздің болашағымыз» деп қарауы болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып өсуіне зор ықпалы тигізері анық.

  • «Елдің көркі тіл десек, тілдің көркі сәби ме деп қаласың», - деп Қ.Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан отбасы мүшелері арасында жақсы қарым-қатыныс қалыптасқан болса.олар өз анна тілінде сөйлесе, ол жанұяда мәдениетті азамат өсіп шығатыны сөзсіз. Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында Жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай азаматтарды тәрбиелеу-басты міндет.

Адамды танып-білу, оның бойындағы ерекше қабілетті көре білу мұғалім үшін аса қажет қасиет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмысында, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылап, рейтинг жүйесімен білімін бағалай отырып, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады.
Бұл рейтинг жүйесін әр мұғалім өз пәнінің ерекшеліктеріне қарай бейімдеп жасауға болады. Көріп отырғанымыздай мұғалім оқушыға күнделікті сабақтың тапсырмасына қарағанда күрделі, өз бетінше жұмыс жүргізуге бағыт-бағдар беріп отыр. Оқушы бұл тапсырмаларды орындағанда оқулық материалын толық біліп қана қоймай, өзінің бойындағы барлық қабілетін аша отырып, ойланып жұмысын жүргізуі қажет.
Бала бойындағы дарындылықты ашуда әрбір ұстаз өз сабағында жаңашыл әдіс-тәсілдерге сүйеніп, сабақ жүргізсе өскелең жастың өмірге нақты көзқарасын қалыптастыра алады. Қалыптан тыс сабақтарды оқушылармен жүйелі өткізу олардың сол пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Қазақстан Республикасының орта білім дамыту тұжырымдамасында көрсетілгендей, бүгінгі білім міндетін тек негізгі үш мақсат шеше алады, олар: дүниетанымдылық, шығармашылық, терең білімділік.
«Инновация», жаңа технология ұғымдары бүгінде педогогика саласында жиі қолданысқа түсіп отыр. Ол дегеніміз, білім саласына үнемі ізденіс және білім мазмұнын өмір талабына сай жақсарту, оқытудың әдіс-тәсілдерін жасау деген сөз.
Сондықтан ұрпақ тәрбиесі, ел болашағы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Заман жаңарған сайын оқыту жүйесі де, әдіс-тәсіл де жаңарып, түрленіп отыруға тиіс. Себебі алдымызда отырған қаракөздер Қазақстанның іргетасын қалайтын, тәуелсіз тудың тұтқасын ұстайтын азаматтар. Қоғамның тағдыры жастардың қолында.
Тарих сабағын өтуде өз пәніме деген оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып, қазіргі заман талабына қажетті білім алуға жағдай жасауға тырысамын.
Оқушыларды сабақтан жалықтырып алмау үшін бүгінгі күндегі жаңа технология бойынша сабақ үлгілерін ойластырып,күнделікті жоспарға өзгерістер енгізіп, сайыс, модуль, дебат-пікір сайыс, «XXI ғасыр көшбасшысы» түріндегі әдістерді қолдануға болады. Тарих сабағында оқушыларға мынадай талаптар қоюға болады:
- біріншіден, үйге берілген тапсырманы оқулық бойынша оқуды;
- екіншіден, оқыған материалды тарихи тілмен мүдірмей айтып беруді;
- үшіншіден, тақырыпқа байланысты таблица жасауды, венн диаграмасын сызуды, даталарды жатқа айтуды, тірек схемасын сыза білуді.
Осы талаптарды өз деңгейінде орындаған оқушыны қабілетті деп есептеп, ол оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіледі.
Әрине, мұғалімнің талаптарын барлық оқушы бір деңгейде орындай алады деуге болмайды, әр оқушыдан осы талаптарды сабақ сайын талап ету керек. Оқушы осы талап деңгейінде көріне алмаса 5-тік баға ала алмайтынына көзі жетіп, мұғалімге баға жөнінде жөнсіз талап қоя алмайды. Мұның өзі оқушыны белгілі бір биікке көтерілу үшін, жауапкершілікпен сабаққа дайындалу қажет екенін түсіндіреді.
Бала бойында жүйелі түрде білім қалыптастыру үшін мұғалім оқушыға берген әр тапсырманы тексеріп отыруы шарт. Тексерудің мақсаты - жаңа материалды игеруге қажетті білім деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылар біліміндегі сол қылықтарды дер кезінде байқап, қатесін түзейді және кеңес бере алады.
Тексеру жұмысы сабақ барысында, оқушыны олимпиадаға дайындаған кезде, оқушымен ғылыми жұмыс жүргізгенде өте қажет. Мұның өзі мұғалімнен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Мысалы тестің бірнеше түрін (балама тест, сәйкестендіру тест, жабық тест), мәнжазба жаздыру арқылы, деңгейлік тапсырма, венн диаграмасын, тірек схемасын сыздыру, тоқсандық, тақырыптық тестер алу арқылы. Бағдарлама мен оқулық мазмұнын белгіленген тақырып бойынша негізгі ұғымдар таңдап алынады. Мысалы: фермер-иомендер, санкклюттер, индепендеттер, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет