Лекция№1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық ролі Лекция жоспары


Девиантты мінез-құлыкты балалар мен окушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету



бет143/159
Дата23.12.2021
өлшемі344,98 Kb.
#127989
түріЛекция
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   159
Байланысты:
Лекция№1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы ролі Лекция
Ин(о)-18к-Бақтиярова Ақжарқын, «Математиканы о ыту дістемесі» о у п ні ретінде 1-Д ріс. Матема, ТЖБ 10 кл ЖМБ, 2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС, 1. Б лім бойыша жиынты ба алау 1-Н С а I тарау. К пжа тар (1)
2.Девиантты мінез-құлыкты балалар мен окушы жастарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет.

Оқу – сан қырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.

Тәрбие күшіне ену дегеніміз - өз жұмысына, ісіне сену. Себебі, нағыз сенім бар жерде ғана, нағыз талапшылдық, еңбек тәртібі болады.

Қазіргі жас ұрпақтардың - болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен.

Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін, олардың қабілеті мен ішкі қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін ашуға мүмкіндік туғызатын спорт, дене еңбегі, қолөнер, техникалық шығармашылық,т.б.іс-әрекетті үйрету үйірмелері мен секциялар ұйымдастырылады. Әр оқушы кез-келген үйірмеге, секцияға, клубқа өз жүрегінің қалауымен қатынасып, өзінің жеке басына тән қасиетін, яғни өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады.

Әсіресе, ұстаз бен оқушының өзара түсіністігі, оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзі тәрбиелеуге жағдай туғызу.

Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап, оны іске асырудың сұрақ-жауап, дәстүрлі бағалау, ұстаз бен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.

Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.

1.Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас, дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу, ата-ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады.

2.Қоғамдық ұйымдар мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын микроаудандарда күрт төмендеуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден-бір себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын - отбасы тәрбиесі. Оның басшылары: баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше арақ-шарап ішу, дау- жанжал, ұрыс-керіс туғызу. Екіншіден, тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң- мұқтажын қамтамасыз ету деп санаушылық.

Жастайынан еңбектену әдет-дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы мүшесі болып кетуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата-аналардың моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс-керіс, дау-жанжал), бірін-бірі сыйлау сияқты қасиеттерді сезбейтіндігі аян.

Қиын балалардың жұмыс істеудің негізгі шарттары:

1) Әрбір қиын баланы жан-жақты зерттеп, мінез-құлықтарының бағыт-бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.

2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас, дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.

3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және творчестволық талап- тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, қоғам жұмыстарына қатыстыру.

4) Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым-қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу-тәрбие процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім, тәжірибелі педагог баламен жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   159




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет