Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж



бет41/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Құқықтық және қоғамдық тәртіп.

Қоғам тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, адамдардың мінез-құлқын реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады.

Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Қазақ халқының әдеттерінің заң сияқты күші болған, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» - бұлар негізінен әдеттік заңдардың жинақтары. Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған.

Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі - әдептік нормалар. Әдептік нормалардың құқықтық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Олар адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылықоғамдық тәртіп орнатуға ұйтқы болады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі, негіз болып отырған. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттілік, адамгершілік мәні жоғары болады.

Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде қоғамда тәртіп орнығады. Демек, құқықтық тәртіп дегеніміз құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.

Құқықтық және қоғамдық тәртіп




׀

Қоғамдық


тәртіп



Құқықтық тәртіп (құқықтық нормалармен қамтамасыз етіледі)





Әдептік тәртіп (әдептік нормалармен қамтамасыз етіледі)




Дәстүрлік тәртіп (әдет-ғұрып, дәстүр қағидаларымен қамтамасыз етіледі)




Қоғамдық ұйымдардағы тәртіп (қоғам бірлестіктерінің нормаларымен қамтамасыз етіледі)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   91




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет